Descargar Imprimir esta página

Makita EN424MP Manual De Instrucciones página 216

Ocultar thumbs Ver también para EN424MP:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 44
БӨЛШЕКТЕР
СИПАТТАМАСЫ
► Сурет1: 1. Жүз тысы 2. Қақпақ 3. Металға
арналған жалпақ қайшы жүздері
4. Дөңгелек
ҚҰРАСТЫРУ
ЕСКЕРТУ:
жабдықты жинау немесе реттеу
алдында моторды өшіріп, аккумулятор
картриджін шығарыңыз. Әйтпесе машина
абайсызда іске қосылып, адамды жарақаттауы
мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
Жабдықты жинау немесе реттеу
кезінде оны әрдайым төменге алып қойыңыз.
Жабдықты жоғарыда жинау немесе реттеу ауыр
жарақатқа әкелуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
"ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ"
тарауындағы ескерту мен сақтық шараларын
және қуат блогының нұсқаулығын орындаңыз.
Қондырманы орнату
1.
Түтіктің пластинасы бар ұшындағы қалпақты
алып тастаңыз.
► Сурет2: 1. Қалпақ 2. Пластина
2.
Дөңгелектердің болттарын алты қырлы кілтпен
бұрап босатыңыз.
► Сурет3: 1. Алты қырлы кілт
3.
Түтіктегі пластина мен дөңгелектердегі ойықты
бір-біріне туралаңыз, содан кейін дөңгелектерді
түтікке суретте көрсетілгендей тағыңыз. Болтты
мықтап бұрап дөңгелектерді бекітіңіз.
► Сурет4: 1. Түтік 2. Дөңгелек 3. Пластина 4. Болт
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
дөңгелектерге ілінісетіндей етіп тағу керек.
4.
Қондырмадағы қалпақты шығарып алыңыз.
► Сурет5: 1. Қалпақ
5.
Қондырманы түтікке ондағы тесік пен түтіктегі
тесік бір-біріне тураланатындай етіп тағыңыз.
Алдымен қысқа болтты мықтап бұраңыз, содан кейін
ұзын болтты бұрап түтікті бекітіңіз.
► Сурет6: 1. Түтік 2. Болт (қысқа) 3. Болт (ұзын)
ЕСКЕРТПЕ: Болттарды бұрап тартқанда, 4,0–6,0
Нм бұрау күшін қолданыңыз.
дөңгелектерді пластина
Қондырма түтігін орнату
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
әрқашан қондырма түтігінің бекітілгенін
тексеріңіз. Дұрыс орнатылмаған жағдайда
қондырма қуат блогынан құлап, адам жарақат
алуы мүмкін.
Қондырма түтігін қуат блогына орнатыңыз.
1.
Түтік ұшынан қақпақты алып тастаңыз.
► Сурет7: 1. Түтік 2. Қақпақ
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
себебі қақпақ қондырманы сақтау үшін қажет.
2.
Тұтқаны қондырмаға қарай бұраңыз.
► Сурет8: 1. Тетік
3.
Істікті қуат блогындағы көрсеткі белгісімен
біріктіріңіз. Шлангты салғанда, босату түймесі
жоғары көтерілуі керек.
Жайғасым сызығы қуат блогындағы көрсеткі
белгісінің соңында, ал қуат блогындағы көрсеткі
белгісі мен шлангтағы көрсеткі белгісі бір-біріне
қарап тұрғанына көз жеткізіңіз.
► Сурет9: 1. Босату түймесі 2. Қуат блогындағы
көрсеткі белгісі 3. Істік 4. Орналасу
сызығы 5. Шлангтағы көрсеткі белгісі
4.
Тұтқаны қуат блогына қарай бұраңыз.
► Сурет10: 1. Тетік
Тұтқаның беті түтікке параллель екеніне көз
жеткізіңіз.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
салмайынша тұтқаны тартпаңыз. Әйтпесе, тұтқа
жетек білігінің кірісін тым қатты қысып, зақымдауы
мүмкін.
Түтікті алу үшін тұтқаны қондырмаға қарай бұраңыз
және босату түймесін басып тұрып, түтікті тартып
шығарыңыз.
► Сурет11: 1. Босату түймесі 2. Тетік 3. Түтік
Қайшы жүзінің жабынын шешіп
алу немесе тағу
Жүз жабынының ысырмаларын тартып босатыңыз,
содан кейін қайшы жүзінің жабынын ашыңыз.
► Сурет12: 1. Ысырма
Қайшы жүзінің жабынын шөп қайшысына таққан
кезде, қайшы жүзі жабынының жабылғанына және
екі ысырманың да мықтап бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
216 ҚАЗАҚША
Орнатқаннан кейін
Қақпақты лақтырмаңыз,
Қондырма түтігін

Publicidad

loading