Descargar Imprimir esta página

Bosch GKS 65 G Professional Manual Original página 153

Ocultar thumbs Ver también para GKS 65 G Professional:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 28
бұрыңыз. Цангалық қысқышты (26) жіберіңіз. Бұл
әрекетті қажет кесу тереңдігін орнатқанша қайталаңыз
Бағыт бұрышын реттеу
Электр құралды қорғағыш қаптаманың (16) бүйірлік
бөлігіне қойыңыз.
Қысқыш иінтіректі (8) және құлақты бұранданы (28)
босатыңыз. Араны бұраңыз. Қажетті өлшемді шкалада (6)
орнатыңыз. Қысқыш иінтіректі (8) және құлақты
бұранданы (28) қайтадан тартыңыз.
Нұсқау: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің
шкаласында (27) көрсетілген саннан кем.
Аралау бұрышының белгілері
Кесік белгісі 0° (9) тік бұрышпен аралау кезіндегі ара
төсемінің күйін көрсетеді. Кесік белгісі 45° (10) 45°
бұрышпен бағыттауыш шинасыз аралау кезіндегі ара
төсемінің күйін көрсетеді.
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Қосу/өшіру
Электр құралын іске қосу үшін алдымен құлыптау
пернесін (2) басып кейін қосқыш/өшіргішті (1) басып
ұстап тұрыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (1)
жіберіңіз.
Нұсқау: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (1)
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Іске қосу тогының шектегіші (GKS 65 GCE)
Іске қосу тогын шектеудің электрондық жүйесі электр
құралды қосу кезіндегі қуатты шектейді және 16 А
розеткадан жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Тұрақты электроника (GKS 65 GCE)
Тұрақты электроника бос жүрісте және жүктеме кезінде
айналымдар санын тұрақты дерлік деңгейде сақтайды
және жұмыстың біркелкі өнімділігін қамтамасыз етеді.
Температураға тәуелді артық жүктемеден қорғаныс
(GKS 65 GCE)
Артық жүктеме кезінде электр құрал өшеді және қайтадан
жұмыс температурасының оңтайлы ауқымында
қосылады. Ажыратқышты (1) жіберіңіз және жұмысты
жалғастыру үшін электр құралын қайтадан қосыңыз.
Айналу жиілігін алдын ала таңдау (GKS 65 GCE)
Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған реттегіш
дөңгелектің (3) көмегімен қажетті айналу жиілігін жұмыс
барысында да алдын ала таңдауға болады.
Қажет айналу жиілігі пайдаланылатын ара төсеміне
байланысты (пайдалану нұсқаулығының соңындағы ара
Bosch Power Tools
төсемдеріне шолу бөлімін қараңыз). Бұл аралау кезінде
ара тістерінің қызып кетуіне жол бермейді.
Пайдалану нұсқаулары
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Кесік ені пайдаланған ара дискісіне байланысты өзгереді.
Аралау дискілерін соқтығысудан және соққыдан
қорғаңыз.
Электр құралды біркелкі және кесу бағытында азғантай
қысыммен жүргізіңіз. Тым қатты қысым қондырманың
қызмет көрсету мерзімін айтарлықтай қысқартады және
электр құралды зақымдауы мүмкін.
Аралаудың өнімділігі және сапасы көбінесе аралау
дискісінің күйі мен пішініне байланысты. Сондықтан тек
өткір және өңделіп жатқан материалға жарайтын аралау
дискілерін пайдаланыңыз.
Ағашты аралау
Аралау дискісін дұрыс таңдау ағаштың түріне және
сапасына, сосын бойлай немесе көлденеңінен аралауға
байланысты.
Көлденеңінен аралау кезінде ұзын серіппелі жоңқа пайда
болады.
Емен мен шамшат шаңы денсаулыққа өте зиянды,
сондықтан тек шаңсорғышпен жұмыс істеңіз.
Жеңіл материалдарды (минералды толтырғыштары
бар материалдар) аралау (GKS 65 GCE)
Жеңіл құрылыс материалдарын аралау кезінде
u
материал өндірушісінің нұсқаулықтары мен
ұсыныстарын орындаңыз.
Жеңіл құрылыс материалдарын тек құрғақ күйде және тек
шаңсорғышпен бірге аралауға рұқсат етіледі. Әрқашан
бағыттауыш шинамен (30) (керек-жарақ) бірге жұмыс
істеңіз.
Шаңсорғышта тас шаңын соруға рұқсат болуы керек.
Bosch осындай шаңсорғыштарды ұсынады.
Параллельді тіреуішпен аралау (D суретін қараңыз)
Параллельді тіреуіш (11) дайындама жиегі бойымен дәл
аралауларды жүзеге асыруға және өлшемі бірдей
жолақтарға кесуге мүмкіндік береді.
Қатпарлы бұрандаманы (7) босатып параллельді тірек
(11) шкаласын тіреу тақтасының (13) бағыттауышында
жылжытыңыз. Керекті кесу енін тиісті (9) немесе (10)
кесу белгісінде шкалалық мән ретінде орнатыңыз,
"Аралау бұрышының белгілері" тарауын қараңыз.
Қатпарлы бұрандаманы (7) қайтадан берік бекітіңіз.
Көмек тіреуішпен аралау (E суретін қараңыз)
Үлкен дайындамаларды өңдеу және түзу жиектерді кесу
үшін дайындамада қосымша тірек ретінде тақтаны
немесе рейканы бекітуге боалды және дискілік тақтаны
тірек тақтасымен бірге қосымша тіректің бойымен
жүргізуге болады.
Қазақ | 153
1 609 92A 4LP | (28.01.2021)

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Gks 65 professionalGks 65 gce professional