Descargar Imprimir esta página

Bosch 0601B23100 Manual Original página 286

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 57
286 | Қазақ
Алты қырлы дөңбек кілтпен орнату (C1−C3 суретін
көру)
Аралау дискісін шешу
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы (16) артқа қайырып,
маятниктік қорғаныш қаптаманы осы күйде ұстаңыз.
– Ішкі алты қырлы бұранданы (47) алты қырлы дөңбек
кілтпен (6 мм) (39) бұрап, дәл сол мезетте шпиндель
бекіткішін (43) тірелгенше басыңыз.
– Шпиндель бекіткішін (43) басып тұрып, ішкі алты
қырлы бұранданы (47) сағат тілінің бағытымен бұрап
шығарыңыз (сол жақ ойма!).
– Қысқыш фланецті (48) алып тастаңыз.
– Ара дискісін (49) шығарыңыз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы баяу төмен қарай
қайта апарыңыз.
Аралау дискісін орнату
Орнатуда тістер кесу бағыты (аралау дискісінде
u
көрсеткі бағыты) қорғағыш қаптама көрсеткі
бағытымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз!
Қажет болса, орнатылатын барлық бөліктерді орнатпас
бұрын тазалап шығыңыз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы (16) артқа қайырып,
маятниктік қорғаныш қаптаманы осы күйде ұстаңыз.
– Жаңа ара дискісін ішкі қысқыш фланецке (50)
орнатыңыз.
– Қысқыш фланецті (48) және ішкі алты қырлы
бұранданы (47) орнатыңыз. Шпиндель бекіткішін (43)
тірелгенше басып, ішкі алты қырлы бұранданы сағат
тілінің бағытына қарсы бұрап бекітіңіз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы баяу артқа қарай
қайта апарыңыз.
SDS болттарымен орнату (D суретін қараңыз)
Тік көлбеу кесіктер жасаған және SDS болтын (32)
u
пайдаланған кезде аралау алдында тереңдік
шектегішін (42) тиісінше реттеу арқылы SDS
болтының дайындама бетіне қысқа уақыт жанаса
алатындығына көз жеткізу керек. Бұл SDS
болтының және/немесе дайындаманың зақымдалуына
жол бермейді.
Аралау дискісін шешу
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы (16) артқа қайырып,
маятниктік қорғаныш қаптаманы осы күйде ұстаңыз.
– SDS болтын (32) бұрап, дәл сол уақытта шпиндель
бекіткішін (43) тірелгенше басыңыз.
– Шпиндель бекіткішін (43) басып тұрып, SDS болтын
(32) сағат тілінің бағытымен бұрап шығарыңыз (сол
жақ ирек ойма!).
– Қысқыш фланецті (48) алып тастаңыз.
– Ара дискісін (49) шығарыңыз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы баяу төмен қарай
қайта апарыңыз.
1 609 92A 8L3 | (06.03.2023)
Аралау дискісін орнату
Орнатуда тістер кесу бағыты (аралау дискісінде
u
көрсеткі бағыты) қорғағыш қаптама көрсеткі
бағытымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз!
Қажет болса, орнатылатын барлық бөліктерді орнатпас
бұрын тазалап шығыңыз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы (16) артқа қайырып,
маятниктік қорғаныш қаптаманы осы күйде ұстаңыз.
– Жаңа ара дискісін ішкі қысқыш фланецке (50)
орнатыңыз.
– Қысқыш фланец (48) пен SDS болтын (32)
орнатыңыз. Шпиндель бекіткішін (43) тірелгенше
басып, SDS болтын сағат тілінің бағытына қарсы бұрап
бекітіңіз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы баяу төмен қарай
қайта апарыңыз.
Пайдалану
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тасымалдау кезіндегі қорғаныс
(E суретін қараңыз)
Тасымалдау кезіндегі қорғаныс (10) электр құралын
әртүрлі жұмыс орындарына тасымалдау кезінде қолайлы
пайдалануға көмектеседі.
Электр құралын қорғауышынан босату (жұмыс күйі)
– Манипуляторды тұтқасында (13) аз төмен басып
тасымалдау қорағауышын (10) босатыңыз.
– Тасымалдау қорғағышын (10) толық сыртқа тартыңыз.
– Манипуляторды жай жоғарыға бағыттаңыз.
Электр құралын қорғауышын орнату (тасымалдау
күйі)
– Бекіткіш бұранда (6) тарту аспабын (37) қысса, оны
босатыңыз. Манипуляторды толығымен алға тартып,
тарту аспабын бұғаттау үшін бекіткіш бұранданы
қайтадан тартыңыз.
– Тереңдік шектегішін (42) жоғары қарай тартыңыз.
– Аралау үстелін (20) бұғаттау үшін бекіткіш тетікті (23)
тартып қойыңыз.
– Манипуляторды тұтқасынан (13) төмен қарай
қайырыңыз да, тасымалдау бекіткіші (10) толығымен
ішке кіруі тиіс.
Манипулятор енді тасымалдауға дайын болып
бұғатталған.
Жұмыс істеуге дайындау
Аралау үстелін ұзарту (F суретін қараңыз)
Ұзын дайындамаларды еркін ұшынан орналастырып
тіреу керек.
Аралау үстелін аралау үстелінің ұзартқыштары (29)
көмегімен солға немесе оңға үлкейтуге болады.
– Қысқыш бұранданы (18) босатыңыз.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Heavy duty gcm 12 sde professional