Descargar Imprimir esta página

Bosch 0601B23100 Manual Original página 290

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 57
290 | Қазақ
Ұзындығы бірдей дайындамаларды аралау
(Q суретін қараңыз)
Ұзындығы бірдей дайындамаларды оңай аралау үшін
ұзындық шектегішін (54) (керек-жарақ) пайдалануға
болады.
Ұзындық шектегішін аралау үстелі ұзартқышының (29)
екі жағында да орнатуға болады.
– Бұғаттау бұрандасын (55) босатып, ұзындық
шектегішін (54) қысқыш бұранда (56) үстінен
қайырыңыз.
– Бұғаттау бұрандасын (55) қайта бұрап қойыңыз.
– Аралау үстелінің ұзартқышын (29) қажетті ұзындыққа
реттеңіз.
Кең профильдерді аралау (R суретін қараңыз)
Кең профильдерді аралау үшін (макс. биіктігі 175 мм)
аралық ұстағышты (7) пайдаланыңыз.
– Бекіткіш бұранда (6) тартылған болса, оны босатыңыз
және манипуляторды алға тартыңыз.
– Аралық ұстағышты (7) тарту аспабына (37) төмен
қайырып, манипуляторды барынша артқа қарай
жылжытыңыз.
– Бекіткіш бұранданы (6) қайтадан мықтап тартыңыз.
Арнайы дайындамалар
Иінді немесе домалақ дайындамаларды аралау кезінде,
оларды сырғанаудан қорғау қажет. Кесік сызығында
дайындама, тіреуіш планка мен аралау үстелінің
арасында бос орын пайда болмауы тиіс.
Қажет болса, арнайы ұстағыштарды дайындау қажет.
Ішпектерді алмастыру (S суретін қараңыз)
Қызыл түсті ішпектер (21) электр құралын ұзақ
пайдаланғаннан кейін тозуы мүмкін.
Ақаулы ішпектерді алмастырыңыз.
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Бұрандаларды (57) алты қырлы дөңбек кілтпен (6
мм) (39) бұрап шығарып, ескі ішпектерді алып
тастаңыз.
– Жаңа оң жақ ішпекті салыңыз.
– Ішпекті бұрандалармен (57) мүмкіндігінше ең оң
жағына бұрап қойыңыз да, ара дискісі ықтимал тарту
қозғалысының бүкіл ұзындығында ішпекке тимеуі
керек.
– Жұмыс қадамдарын жаңа сол жақ ішпек үшін дәл
осылай қайталаңыз.
Лазерді реттеу
Нұсқау: лазер функциясын сынау үшін электр құралын
ток көзіне жалғау керек.
Лазерді реттеген кезде (мысалы, манипуляторды
u
жылжытқанда) ешқашан ажыратқышты
пайдаланбаңыз. Электр құралының кездейсоқ іске
қосылуы жарақаттануға әкелуі мүмкін.
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (20) 0° ойығына (27) дейін бұраңыз.
Иінтірек (24) шерту дыбысымен ойыққа тірелуі тиіс.
1 609 92A 8L3 | (06.03.2023)
Тексеру (T1 суретін қараңыз)
– Дайындамада тік кесік сызығын сызыңыз.
– Манипуляторды қол тұтқасымен (13) баяу төмен қарай
бағыттаңыз.
– Дайындаманы ара дискісінің тістері кесік сызығымен
бір сызықта болатындай етіп бағыттаңыз.
– Дайындаманы осы күйде ұстап, манипуляторды баяу
қайтадан жоғары қарай бағыттаңыз.
– Дайындаманы қысып қойыңыз.
– Лазер сәулесін қосқышпен (34) қосыңыз.
Лазер сәулесі манипулятор төмен бағытталса да кесік
сызығының бүкіл ұзындығы бойынша дайындама үстінде
орналасуы керек.
Түзулігін реттеу (T2 суретін қараңыз)
1. Оң жақ лазер сәулесін реттеу:
– Реттегіш бұранданы (58) алты қырлы дөңбек кілтпен
(59) оң жақ лазер сәулесі бүкіл ұзындығы бойынша
сызылған кесік сызығына параллель болғанша
бұраңыз.
Сонда сол жақ лазер сәулесі да жылжиды.
Сағат тілінің бағытына қарсы бір айналым лазер сәулесін
сол жақтан оң жаққа, ал сағат тілінің бағытымен бір
айналым оны оң жақтан сол жаққа жылжытады.
2. Сол жақ лазер сәулесін реттеу:
– Реттегіш бұранданы (60) алты қырлы дөңбек кілтпен
((59) сол жақ лазер сәулесі дайындамадағы сызылған
кесік сызығынан оң жақ лазер сәулесімен бірдей
аралықта болғанша бұраңыз.
Сағат тілінің бағытына қарсы бір айналым лазер сәулесін
сол жақтан оң жаққа, ал сағат тілінің бағытымен бір
айналым оны оң жақтан сол жаққа жылжытады.
Параллельдігін реттеу (T3 суретін қараңыз)
– Лазерден қорғаныш қалпақшаның (15) төрт
бұрандасын (61) крест ойықты бұрауышпен алып
тастаңыз.
Нұсқау: лазерден қорғаныш қалпақшаның алдыңғы
бұрандаларына қол жеткізу үшін маятниктік қорғаныш
қаптаманы (16) артқа қайыру керек.
– Лазерден қорғаныш қалпақшаны (15) алып тастаңыз.
– Бекіткіш бұранданы (62) (шамамен 1–2 айналым)
алты қырлы дөңбек кілтпен (59) босатыңыз.
Бұранданы толық бұрап шығармаңыз.
– Лазер монтаждық тақтасын лазер сәулелері бүкіл
ұзындығы бойынша дайындамадағы сызылған кесік
сызығымен параллель болғанша оңға немесе солға
жылжытыңыз.
– Лазер монтаждық тақтасын осы күйде ұстай отырып,
бекіткіш бұранданы (62) қайтадан мықтап тартыңыз.
– Реттегеннен кейін кесік сызығының түзулігін қайтадан
тексеріп шығыңыз. Қажет болса, лазер сызықтарын
(58)/(60) реттегіш бұрандаларымен қайтадан
туралаңыз.
– Лазерден қорғаныш қалпақшаны (15) қайтадан
бекітіңіз.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Heavy duty gcm 12 sde professional