OBJ_BUCH-3248-001.book Page 123 Tuesday, August 29, 2017 7:47 AM
Дрельдердің және шуруп бұрауыштардың
қауіпсіздік техникасы туралы нұсқаулары
GSB 18V-21
Перфоратормен жұмыс істеуде құлақ сақтағышын
киіңіз. Шуыл әсерінен есту қабілетіңіз зақымдануы
мүмкін.
GSR 18V-21/ GSB 18V-21
Жұмыс істеген кезде құралды изоляцияланған
тұтқаларынан ұстаңыз, өйткені кесетін құрал
немесе винт жасырын сымдарға тиіп кетуі мүмкін.
Тоқ өтетін сымға тию металлды құрал бөлшектеріне тоқ
беріп тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
Электр құралмен бірге жіберілген қосымша
тұтқаларды ұстаңыз. Бақылауды жоғалту зақымдарға
алып келуі мүмкін.
Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырынған
қорек сымдарын табыңыз немесе жергілікті қорек
үйымдарын шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын
зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын
зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін.
Сыналанса, электр құралын бірден сөндіріңіз. Кері
соққыға әкелетін жоғары реакция сәттеріне дайын
болыңыз. Жұмыс құралы келесі жағдайларда
тұтығады:
– электр құралына шамадан тыс жүктеме түскенде
немесе
– өңделіп жатқан бөлшек қисайса.
Электр құралын берік ұстаңыз. Шуруптарды бұрап
бекіту және бұрап босату кезінде қысқаша жоғары
мезеттер пайда болуы мүмкін.
Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі
бар.
Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-
ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан
және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қаупі бар.
Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс
пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл
жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар
болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс
алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
Техникалық мәліметтер
Аккумуляторлы бұрауыш
Өнім нөмірі
*пайдаланған аккумуляторге байланысты
** <0 °C температураларда шектелген қуат
Bosch Power Tools
Аккумуляторды тек Bosch электр құралымен
пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті
артық жүктеуден сақтайсыз.
Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді сақтамау тоқтың
соғуына, өрт және/немесе ауыр
жарақаттануларға апаруы мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Бұл электр құралын шуруптарды бұрап бекіту және бұрап
босату, сондай-ақ, ағаш, металл, сонымен бірге,
синтетикалық материалдарды бұрғылауға арналған. GSB
қосымша кірпіште, құрылыста және таста перфоратормен
жұмыс істеуге арналған.
Осы элекр құралының жарығы электр құралының тікелей
жұмыс жайын жарықтандыруға арналған болып үйде
бөлмені жарықтандыруға арналмаған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
1 Аспап пантроны
2 Тез қысатын бұрғылау патроны
3 Айналдыру моментін орнату сақинасы
4 Пайдалану түрлерінің реттеуіші(GSB 18V-21)
5 Беріліс ауыстырып-қосқышы
6 Қаптама қақпақ
7 Аккумулятор
8 Аккумуляторды босату түймесі
9 Жұмыс жарықтығы
10 Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы
11 Қосқыш/өшіргіш
12 Тұтқа (беті оқшауландырылған)
13 Қондырма биталардың әмбебап ұстағышы*
14 Көмір қылшақтар
*Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің
жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
GSR 18V-21
3 601 JH1 0..
Қазақша | 123
GSB 18V-21
3 601 JH1 1..
1 609 92A 3YE | (29.8.17)