Descargar Imprimir esta página

Bosch GKS 10.8 V-LI Manual De Instrucciones página 155

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 29
OBJ_BUCH-2920-001.book Page 155 Thursday, July 14, 2016 8:44 AM
 Төменгі қорғағыш қақпақты тек ерекше аралау
әдістерін пайдаланғанда қолмен ашыңыз, мысалы,
"ендіру және бұрышпен аралау". Төменгі қорғағыш
қаптаманы иінтірекпен ашыңыз және оны аралау
дискісі дайындамаға кіре сала жіберіңіз. Арамен
барлық басқа жұмыстар кезінде қорғағыш қаптама
автоматты түрде жұмыс істеуі керек.
 Араны верстакқа немесе еденге қойғанда, аралау
дискісін қорғағыш қаптама жауып тұруы керек.
Қорғалмаған, айналатын аралау дискісі араны аралау
бағытында жылжытады және өзінің жолындағы барлық
нәрсені аралайды. Араның инерциялық жүріс
уақытына назар аударыңыз.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
 Шығарылған жоңқаларды қолға алмаңыз.
Айналатын бөлшектердан жарақат алуыңыз мүмкін.
 Араны бастың үстінде ұстап жұмыс істемеңіз.
Электр құралды жеткілікті бақылай алмайсыз.
 Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырынған
қорек сымдарын табыңыз немесе жергілікті қорек
үйымдарын шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын
зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын
зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін.
 Тұрақты болмаса, электр құралмен жұмыс
істемеңіз. Ол аралау үстелінде жұмыс істеуге
арналмаған.
 Тез кесетеін болаттан жасалған, төзімділігі жоғары
аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Мұндай аралау
дискілері оңай сынуы мүмкін.
 Қара металдарды араламаңыз. Қызған жоңқалар
тұтануға әкелуі мүмкін.
 Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
 Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
 Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі
бар.
Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-
ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан
және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қаупі бар.
 Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс
пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл
жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар
болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс
алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
 Аккумуляторды тек Bosch электр құралымен
пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті
артық жүктеуден сақтайсыз.
 Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
Bosch Power Tools
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына,
өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға
апаруы мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құрал қозғалмайтын тіректе ағашты бойлай және
көлденеңінен, бұрышпен кесуге арналған.
Осы элекр құралының жарығы электр құралының тікелей
жұмыс жайын жарықтандыруға арналған болып үйде
бөлмені жарықтандыруға арналмаған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
1 Аккумулятор
2 Аккумуляторды босату түймесі
3 Қосқыш/өшіргішті блокадалау
4 Қосқыш/өшіргіш
5 Алты қырлы дөңгелек кілт
6 Шпиндельді бекіту түймесі
7 Тірек платформасы
8 Бағыттайтын планканың бекіту бұрандасы
9 Бұрыш шкаласы
10 Еңкейту бұрышын реттеуге арналған құлақты бұранда
11 Кесік белгісі 45°
12 Кесік белгісі 0°
13 Қорғаныш қаптамасы
14 Тұтқа (беті оқшауландырылған)
15 Аккумулятордың зарядталу күйі индикаторы
16 Температураны бақылау/жүктеме артуынан сақтау
индикаторы
17 Кесік тереңдігін таңдайтын құлақты бұранда
18 Аралау бұрышының шкаласы
19 Маятниктік қорғағыш қаптаманы реттеуге арналған
иінтірек
20 Ара шпинделі
21 Маятниктік қорғағыш қаптама
22 Тірек фланеці
23 Аралау дискісі
24 Қысқыш фланец
25 Қысқыш бұранда
26 "PowerLight" шырағы
27 Қисайту бұрышының реттелуінің негізгі белгісі
28 Сору адаптерінің бекіту бұрандасы
29 Сору адаптері*
30 Сорғыш шланг*
31 Кесік тереңдігінің реттелуінің негізгі белгісі
Қaзақша | 155
1 609 92A 2CZ | (14.7.16)

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Gks 12v-26 professional