Descargar Imprimir esta página

Bosch GHO 18V-26 Professional Manual Original página 145

Ocultar thumbs Ver también para GHO 18V-26 Professional:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 27
Жарық диоды Мағынасы
Ортаңғы жарық
Аккумулятор температурасы жұмыс
диодының
температураларының диапазонынан
жыпылықтайты
тыс және/немесе электр құралының
н жарығы
температуралық қорғанысы іске
қосылды
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура
ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және
құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Жинау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Жонғы пышағын алмастыру
Жонғы пышағын алмастыруда абай болыңыз.
u
Жонғы пышағын кесу қырынан ұстамаңыз. Кесу
қыры өткір болып жарақаттауы мүмкін.
Тек тұпнұсқа Bosch жонғы пышағын пайдаланыңыз.
Қатты металдан (HM/TC) жасалған жонғы пышағының 2
жүзі бар және оны аударып қоюға болады. Егер екі
кескіш қыры өтпейтін болса, жонғы пышағын (15)
алмастыру қажет. HM/TC жонғы пышағын қайрауға
болмайды.
Жонғы пышағын алып тастау (B суретін қараңыз)
Жонғы пышағын (15) аудару немесе алмастыру үшін
жетек белдігіндегі (27) пышақ бастиегін (12), ол жонғы
табандығымен (9) параллель болғанша айналдырыңыз.
➊ 2 бекіткіш бұранданы (14) алты қырлы дөңбек
кілтпен (11) шамамен 1 – 2 айналымға бұрап
босатыңыз. Жонғы пышағын алмастыру үшін қажетті
алты қырлы дөңбек кілт (11) электр құралының ішіне
салынған және әрдайым сол жерде сақталуы керек
(A суретін қараңыз).
➋ Қажет болса, қысқыш элементті (13) ағаш сынасы
сияқты арнайы құралмен кішкене қағу арқылы
босатыңыз.
Bosch Power Tools
➌ Ағаш құралмен жонғы пышағын (15) бүйірінен
пышақ бастиегінен(12) итеріп шығарыңыз.
Жонғы пышағын орнату (C суретін қараңыз)
Жонғы пышағын бағыттау ойығы арқылы алмастыру
немесе аудару кезінде бірдей биіктік қамтамасыз етіледі.
Қажет болса, қысқыш элементтегі (13) пышақ орнын
және жонғы пышағын (15) тазалаңыз.
Жонғы пышағын орнату кезінде оның қысқыш элементтің
(13) бекіту бағыттауышында кедергісіз тұрғанына және
артқы жонғы табандығының (9) шеткі қырына
бағытталғанына көз жеткізіңіз. Содан кейін 2 бекіткіш
бұранданы (14) алты қырлы дөңбек кілтпен (11)
тартыңыз.
Нұсқау: қолданысқа енгізу алдында бекіткіш
бұрандалардың (14) берік бекітілгенін тексеріп
шығыңыз. Пышақ бастиегін(12) жетек белдігінен (27)
қолмен айналдырып, жонғы пышағының еш жерде
шығып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Нұсқау: тартпада (26) ең көбі екі қосалқы пышақты (15)
сақтауға болады (J суретін қараңыз).
Шаңды/жоңқаны сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Жоңқа шығатын жерді (3) жүйелі түрде тазалаңыз.
Бітелген жоңқа шығатын жерді тазалау үшін тиісті
құралды пайдаланыңыз, мысалы ағаш, қысылған ауа т.б.
Шығарылған жоңқаларды қолмен алмаңыз.
u
Айналатын бөлшектерден жарақат алуыңыз мүмкін.
Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін бөлек сорғыш
құралын немесе шаң‑/жоңқа қабын пайдаланыңыз.
Сыртқы сорғыш (G суретін қараңыз)
Жоңқаны шығаруға арналған келте құбырға екі жағынан
сору адаптері бар сорғыш шлангіні (19) (керек-жарақ)
енгізуге болады.
Қазақ | 145
1 609 92A 93R | (21.12.2023)

Publicidad

loading