146 | Қазақ
Сорғыш шлангіні (19) шаңсорғышқа (керек-жарақтар)
жалғаңыз. Осы нұсқаулықтың соңында әртүрлі
шаңсорғыштарға жалғау әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін дайындамаға сәйкес келуі керек.
Денсаулыққа зиянды, обыр туғызатын немесе құрғақ шаң
түрлері үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Өзіндік сору (G суретін қараңыз)
Ықшам жұмыстар орындаған кезде шаң/жоңқа
жинағышты (20) жалғауға болады. Шаң жинағыш
бекіткіштерін жоңқа шығару келте құбырына (3) енгізіңіз.
Шаң/жоңқа жинағыш қапты (20) дер кезінде босату
арқылы шаң соруды оңтайлы күйде сақтайсыз.
Реттелетін жоңқа шығуы
Ауыстыру тұтқышымен (8) жоңқа шығатын жерді (3) оңға
немесе солға ауыстыру мүмкін. Ауыстыру тұтқышын (8)
әрдайым соңғы күйде тірелгенше басыңыз. Таңдалған
жоңқа шығу бағытын ауыстыру тұтқышындағы (8)
көрсеткі арқылы көрсетіледі.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Жоңқалау тереңдігін реттеу
Айналмалы реттегіш (2) кесу тереңдігін 0–2,6 мм
шамасынан кесу тереңдігінің шкаласы (1) бойынша
(шкала бөліктері = 0,1 мм) біркелкі реттеуге мүмкіндік
береді.
Қосу/өшіру
Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
u
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралын іске қосу үшін алдымен іске қосылудан
қорғайтын құлыпты (4) басып, содан кейін
ажыратқышты (5) басып тұрыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (5) жіберіңіз.
Нұсқау: қауіпсіздік тұрғысынан ажыратқышты (5) бекітіп
қоюға болмайды, оны жұмыс істеу кезінде тұрақты түрде
басып тұру қажет.
Пайдалану нұсқаулары
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Сақтайтын башмак (H суретін қараңыз)
Сақтайтын башмак (23) электр құралын дайындама
немесе жонғы пышағын зақымдау қаупінсіз жұмыс
істеуден соң қоюға мүмкіндік береді. Жұмыс істеуде
сақтайтын башмак (23) жоғарыға қисатылып жонғы
етегінің (9) артқы бөлігі босатылады.
Нұсқау: Сақтайтын башмакты (23) шешуге болмайды.
1 609 92A 93R | (21.12.2023)
Жонғы әдісі (H суретін қараңыз)
Қажетті кесу тереңдігін реттеп, электр құралын жонғы
табандығының (9) алдыңғы бөлігімен дайындамаға
қойыңыз.
Салмақты дайындамаға орналастыру кезінде тек алға
көшіріңіз және жонғыны артқа төңкермеңіз. Әйтпесе
дайындамаға зақым келуі мүмкін. Дайындама шетіне
жеткеннен кейін, жонғы аударылмауы және дайындамаға
зақым келтірмеуі үшін, ұстағыш салмақты артқа
жылжытыңыз. Үлгі дайындамада сынақ жоңқалаған жөн.
Электр құралын дайындамаға тек қосулы күйде
u
апарыңыз. Әйтпесе электр құралы дайындамаға ілініп
кері соғу қаупі пайда болады.
Электр құралын қосып бір қалыпты ретте өңделетін беттің
үстінен жылжытыңыз.
Жоғары сапалы жонуға жету үшін аздап жылжытып жонғы
табандығын орташа күшпен басыңыз.
Берік ағаш сияқты қатты материалдарды өңдеу және
максималды жонғы енін қолдануда кіші жоңқалау
тереңдігін орнатып, жонғыны жылжыту жылдамдығын
азайтыңыз.
Шамадан тыс жылдамдықпен жылжыту бет өңдеу
сапасын төмендетіп, жоңқа шығатын жерді жылдам
бітейді.
Тек өткір жонғы пышақтары дұрыс кесу сапасын
қамтамасыз етіп электр құралын сақтайды.
Орнатылған сақтайтын башмак (23) дайындаманың кез
келген жайында тоқтаған жонғы әдісін жалғастыруға
мүмкіндік береді:
– Электр құралын төменге қисатылған сақтайтын
башмакпен дайындаманың қайта өңделетін жайына
қойыңыз.
– Электр құралын қосыңыз.
– Алдыңғы жонғы табандығына басып, электр құралын
жай алға жылжытыңыз (➊). Сонда сақтайтын башмак
жоғарыға қисайтылып (➋), жонғы табандығының
артқы бөлігі дайындамаға қайта жатады.
– Электр құралын бір қалыпта өңделетін бет үстімен
жылжытыңыз (➌).
Жиектердің жүздерін кесу (I суретін қараңыз)
Алдыңғы жонғы табандығындағы V тәрізді ойықтар
дайындама жиектерінің жүздерін жылдам кесуге
мүмкіндік береді. Қажетті саңылау еніне сәйкес V тәрізді
ойықты пайдаланыңыз. Ол үшін жонғыны V тәрізді
ойығымен дайындама жиегіне қойып, үстінен
жылжытыңыз.
Пайдаланылатын
ойық
ешқандай
кіші
орташа
үлкен
Өлшемі a (мм)
0–2,5
1,5–4,0
2,0–4,5
3,0–5,5
Bosch Power Tools