Descargar Imprimir esta página

Bosch GWS Professional 30-230 B Manual Original página 236

Ocultar thumbs Ver también para GWS Professional 30-230 B:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 42
236 | Қазақ
Бағыттауыштары бар қорғаныш қаптаманы (34)
пайдалану үшін тас шаңын сорып алу үшін шаңсорғышты
пайдалану керек. Bosch арнайы шаңсорғыштарды
ұсынады.
Электр құралын өшіріңіз және
бағыттауыштардың алдыңғы
бөлігімен бөлшекке орнатыңыз.
Электр құралын біркелкі,
материалға сәйкес беріліспен
жылжытыңыз.
Құрамында қиыршық тас өте көп болатын аса қатты
материалдарды, мысалы, бетонды өңдеу кезінде алмас
кескіш диск қызып кетуі және зақымдалуы мүмкін. Алмас
кескіш дискідегі ұшқын осыны білдіреді.
Осы жағдайда жұмысты тоқтатыңыз және алмас кескіш
дискіні бос жүріс күйінде, ең жоғары жылдамдықта қысқа
уақыт салқындатыңыз.
Өнімділіктің айтарлықтай төмендеуі және пайда болатын
ұшқын алмас кескіш дискінің дөкір болғанын білдіреді.
Оны абразивті материалда, мысалы, силикат кірпіште
қысқаша кесу арқылы өткірлеуге болады.
Басқа материалдарды кесу
Пластик, композиттік материалдар және т.с.с.
u
материалдарды композиттік кескіш дискілермен
немесе Carbide Multi Wheel кескіш дискілерімен
кескен кезде әрдайым кесуге арналған қорғаныш
қаптаманы (17)/(18) немесе ажарлауға арналған
қорғаныш қаптаманы (8)/(9) кесуге арналған
монтаждалған қаптамамен (19) бірге
пайдаланыңыз. Бағыттауыштары бар сорғыш
қаптаманы (34) пайдалану арқылы шаңның
жақсырақ сорылуына қол жеткізуге болады.
Алмас бұрғылау коронкаларымен жұмыс істеу
Құрғақ алмас бұрғылау коронкаларын
u
пайдаланыңыз.
Алмас бұрғылау коронкаларымен жұмыстар өткізу
u
үшін әрдайым қол қорғанысын (26) монтаждаңыз.
Алмас бұрғылау коронкасын дайындамамен параллель
етіп орнатпаңыз. Дайындаманы еңкейтіп және айналмалы
қозғалыстармен батырыңыз. Ослайша алмас бұрғылау
коронкасының оңтайлы суытылуына және ұзақ жарамдық
мерзіміне қол жеткізесіз.
Статика туралы нұсқаулар
Көтергіш қабырғалардағы ойықтар ұлттық
нормативтермен реттеледі. Бұл нұсқауларды міндетті
түрде орындау керек. Жұмысты бастамас бұрын статика
жөніндегі маманмен, сәулетшімен немесе прорабпен
кеңесіңіз.
Іске қосу
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
1 609 92A 9AU | (09.04.2024)
Элект құралы қуат қоры жеткіліксіз немесе іске қосу
тогын күшейтетін сәйкес кернеу реттегішімен
жабдықталмаған электр генераторларынан қуат алса,
қосу кезінде қуат төмендеуі немесе электр құралы
әдеттен тыс әрекет етуі мүмкін.
Генератордың жарамдылығын, әсіресе, желі үшін
жарамдылығын тексеріңіз.
Құрылғыны оқшауланған қысқыш беті мен
u
қосымша қысқыш арқылы ұстаңыз. Алмалы-
салмалы аспап жасырын тоқ сымдарына немесе өз
желі кабеліне тиюі мүмкін. Тоқ өтетін сымға тию
металлды құрал бөлшектеріне тоқ беріп, соғуына алып
келуі мүмкін.
Қосу/өшіру
4
2
Бұғаттау тетігі бар ауыстырып-қосқыш нұсқасы
Электр құралын іске қосу үшін алдымен
ажыратқышты (3) басыңыз ➊, содан кейін оны алға қарай
жылжытыңыз ➋. Сонан соң оны басып, ұстап тұрыңыз
➌.
Басылған ажыратқышты (3) бұғаттау үшін
ажыратқышты (3) одан әрі алға жылжытыңыз ➍.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (3) жіберіңіз
немесе ол бұғатталған болса, ажыратқышты (3) қысқаша
басып, содан кейін жіберіңіз.
Бұғаттау тетігі жоқ ауыстырып-қосқыш нұсқасы
Электр құралын іске қосу үшін алдымен
ажыратқышты (3) басыңыз ➊, содан кейін оны алға қарай
жылжытыңыз ➋. Сонан соң оны басып, ұстап тұрыңыз
➌.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (3) жіберіңіз.
Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта
u
тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш
кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау
жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар,
домалақ емес және дірілдейтін ажарлау
құралдарын пайдаланбаңыз. Бұзылған ажарлау
құралдары жарылып, зақымдарға алып келуі мүмкін.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
1
3
Bosch Power Tools

Publicidad

loading