Descargar Imprimir esta página

Metabo WEA 19-125 Q M-BRUSH IK Manual Original página 142

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 51
kk
ҚАЗАҚША
Арнайы жұмыстар үшін жарамды керек-
жарақтарды пайдаланыңыз. Осылайша
қоршаған ортаға бақылаусыз түсетін
бөліктердің мөлшері азайтылады.
Арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Шаң жүктемесін азайту үшін:
- пайда болатын бөліктерді және аспаптың ауа
ағынын өзіңізге, айналаңыздағы адамдарға
немесе жатқан шаңға бағыттамаңыз,
- сорғыш қондырғыны және/немесе ауа
тазалағышты қолданыңыз,
- жұмыс орнын жақсылап желдетіңіз немесе
сору арқылы таза күйде ұстаңыз. Қалықтап
жатқан шаңды сыпырыңыз немесе үрлеп
шығарыңыз.
- Қорғаныш киімді жуыңыз немесе шаңын
сорыңыз. Үрлеуге, қағуға немесе қылшақпен
тазалауға болмайды.
5. Шолу
2-бетті қараңыз.
1 Quick қыспа гайкасы *
2 Шпиндель
3 Автобалансирдің тіреуіш фланеці *
4 Шпиндель бекіткішінің түймесі
5 Қосу/өшіруге арналған ауыстырып-қосқыш *
6 Тұтқыш
7 Электрондық сигналдық индикатор *
8 Айналу жиілігін реттеуге арналған реттегіш
дөңгелек *
9 Батырма ауыстырып-қосқыш *
10 Бекіткіш көз (құлаудан қорғанысқа
арналған)*
11 Бекітілмейтін ажыратқыш *
12 Қосымша тұтқыш / дірілді басқыш қосымша
тұтқыш *
13 Қорғаныш қалпақ
14 Тіреуіш фланец
15 Екі саңылаулы гайка *
16 Екі саңылаулы кілт *
17 Қорғаныш қалпақты бекітуге арналған иінтірек
* жабдықталуға байланысты / жеткізілім
жиынтығына кірмейді
6. Қолданысқа енгізу
Қолданысқа енгізу алдында фирмалық
тақтайшада көрсетілген номиналды кернеу
мен номиналды жиілік ток желіңіздің
деректеріне сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
Әрдайым макс. жылыстау тогы 30 мА
құрайтын FI автоматты ажыратқышын
(RCD) алдын ала қосыңыз.
6.1
Қосымша тұтқышты орнату
Орнатылған қосымша тұтқышпен (12) ғана
жұмыс істеңіз! Қосымша тұтқышты
аспаптың сол немесе оң жағына берік бұрап
бекітіңіз.
142
6.2
Қорғаныш қалпақты орнату
Қауіпсіздік тұрғысынан тек тиісті абразивті
құралға арналған қорғаныш қалпақты
пайдаланыңыз! Сондай-ақ «Керек-жарақтар»
атты 11.-бөлімді қараңыз!
Ажарлауға арналған қорғаныш қалпақ
Ажарлағыш дөңгелектермен, ламельді тіреуіш
ажарлағыш табақшалармен, алмасты кескіш
дөңгелектермен жұмыс істеуге арналған.
3-беттегі D суретін қараңыз.
- Иінтіректі (17) басып тұрыңыз. Қорғаныш
қалпақты (13) көрсетілген күйде орнатыңыз.
- Иінтіректі жіберіп, ол тірелгенше қорғаныш
қалпақты бұраңыз.
- Иінтіректі басып, қорғаныш қалпақты оның
жабық бөлігі пайдаланушыға қарап
тұратындай етіп бұраңыз.
- Берік орнатылғанын тексеріңіз: иінтірек
бекітіліп тұруы және қорғаныш қалпақ
айналмауы тиіс.
(Шығару әрекеттің кері реттілігімен
орындалады.)
7. Ажарлағыш дөңгелекті
орнату
Қайта жабдықтау бойынша барлық
жұмыстардың алдында: желілік ашаны
розеткадан суырыңыз. Аспап қосылып тұруы
және шпиндель қозғалмай тұруы тиіс.
Кескіш дөңгелектермен жұмыс істеу үшін
қауіпсіздік тұрғысынан кескіш дөңгелекке
арналған қорғаныш қалпақты («Керек-
жарақтар» атты 11.-бөлімді қараңыз)
пайдаланыңыз.
7.1
Шпиндельді бекіту
- Шпиндель бекіткішінің түймесін (4) басып,
шпиндельді (2) бекіткіш түймесі шерту
дыбысымен тірелгенше қолмен бұраңыз.
7.2
Ажарлағыш дөңгелекті орналастыру
WA..., WBA..., WE...A...:
2-беттегі A суретін қараңыз.
Автобалансирдің тіреуіш фланеці (3)
шпиндельге берік бекітілген. Бұл басқа
бұрыштық ажарлағыштарға қарағанда қосымша
алмалы-салмалы тіреуіш фланец қажет емес
екендігін білдіреді.
Автобалансир тіреуіш фланецінің (3),
ажарлағыш дөңгелектің және Quick қыспа
гайкасының (1) беттері таза болуы тиіс. Қажет
болса, оларды тазалап шығыңыз.
- Ажарлағыш дөңгелекті автобалансирдің
тіреуіш фланеціне (3) орналастырыңыз.
Ажарлағыш дөңгелек автобалансирдің тіреуіш
фланецімен біркелкі жанасуы тиіс.
Қорғаныш қалпақтан кем
дегенде 3,4 мм шамасына
шығып тұратын алмалы-
салмалы құралдарды
пайдаланыңыз.

Publicidad

loading