САҚ БОЛЫҢЫЗ
1.
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАҢЫЗ – бұл
нұсқаулық аккумуляторларға арналған
зарядтау құрылғысы бойынша маңызды
қауіпсіздік және пайдалану нұсқауларын
қамтиды.
2.
Аккумуляторларға арналған зарядтау
құрылғысын пайдаланбас бұрын (1)
аккумуляторларға арналған зарядтау
құрылғысындағы, (2) аккумулятордағы
және (3) аккумуляторды пайдаланатын
өнімдегі барлық нұсқаулар мен ескерту
белгілерін оқып шығыңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ – жарақат алу қаупін
3.
азайту үшін, тек Makita өнімі түріндегі
қайта зарядталатын аккумуляторларды
ғана зарядтаңыз. Аккумуляторлардың
басқа түрлері жарылуы мүмкін, бұл дене
жарақатын алуға және зақымдануға себеп
болады.
4.
Қайта зарядталмайтын аккумуляторлар
бұл аккумуляторларға арналған зарядтау
құрылғысымен зарядталмайды.
5.
Қуат көзін зарядтау құрылғысының
паспорттық деректері бар фирмалық
тақтайшасында көрсетілген кернеумен
пайдаланыңыз.
6.
Аккумулятор картриджін тез тұтанатын
сұйықтықтар немесе газдар бар жерде
зарядтауға болмайды.
Зарядтау құрылғысын жаңбыр, қар немесе
7.
ылғалды жағдай әсерінде қалдырмаңыз.
Зарядтау құрылғысын ешқашан сымынан
8.
ұстап тасымалдамаңыз немесе розеткадан
суыру үшін жұлқа тартпаңыз.
9.
Зарядтап болғаннан кейін немесе
техникалық қызмет көрсету не тазалауға
әрекеттенбес бұрын, зарядтау құрылғысын
қуат көзінен ажыратыңыз. Зарядтау
құрылғысын ажыратқан кезде сымынан
емес, ашасынан тартыңыз.
10. Сымды басып не оған сүрініп кетпейтіндей
немесе оның зақымдалып, жүктеме
түспейтіндей етіп орналастырылғанына көз
жеткізіңіз.
11.
Зарядтау құрылғысын сымы немесе ашасы
зақымдалған күйде пайдалануға болмайды.
Егер сымы немесе ашасы зақымдалған
болса, қауіпті жағдай орын алмас үшін
Makita өкілетті қызмет көрсету орталығына
барып, ауыстырып беруін сұраңыз.
12. Зарядтау құрылғысына қатты соққы
тиген, жерге түсіріп алған немесе басқаша
зақымдалған жағдайда пайдаланбаңыз
немесе бөлшектемеңіз; оны білікті қызмет
көрсету маманына апарыңыз. Дұрыс
пайдаланбау немесе қайта құрастыру
нәтижесінде электр тогының соғуы немесе
өрт шығу қаупі туындауы мүмкін.
13. Аккумулятор картриджін бөлме
температурасы 10°C (50°F) ТӨМЕН
немесе 40°C (104°F) ЖОҒАРЫ болған
кезде зарядтамаңыз. Суық температура
жағдайында зарядтау іске қосылмауы
мүмкін.
14. Арттырушы трансформаторды, қозғалтқыш
генераторын немесе ТТ розеткасын
пайдалануға әрекеттенбеңіз.
15. Зарядтау құрылғысының желдеткіші
саңылауларының кез келген затпен
жабылып немесе бітеліп қалуына жол
бермеңіз.
16. Су қолыңызбен сымды жалғауға немесе
ажыратуға және аккукмуляторды салуға
немесе алуға болмайды.
17. Зарядтау құрылғысын тазалау үшін
жанармайды, бензинді, сұйылтқышты,
спиртті немесе соған ұқсас заттарды
ешқашан пайдаланбаңыз. Нәтижесінде
түссіздену, бүліну немесе жарықтар пайда
болуы мүмкін.
54 ҚАЗАҚША