Bosch GLI 10,8 V-LI Professional Manual Original página 128

Ocultar thumbs Ver también para GLI 10,8 V-LI Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 26
OBJ_BUCH-1072-006.book Page 128 Tuesday, March 3, 2015 10:27 AM
128 | Қaзақша
 Аккумуляторлық фонарьды пайдалану кезінде фонарьдың жарық
басын жаппаңыз. Пайдалану кезінде фонарьдың жарық басы қызады және
әбден қызса, күйіктердің себебі болуы мүмкін.
 Жол қозғалысы кезінде аккумуляторлық фонарьды пайдаланбаңыз.
Аккумуляторлық фонарь жолда жарықтандыруға арналмаған.
 Аккумуляторлық фонарьмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату,
қызмет көрсету және т.б.) бастамай тұрып, сондай-ақ, аккумуляторлық
фонарьды тасымалдау және сақтау кезінде аккумуляторды алыңыз.
 Балалардың аккумуляторлық батареяны пайдалануына жол бермеңіз.
Ол кәсіби пайдалануға арналған. Балалар кездейсоқ өздерінің немесе
адамдардың көзін шағылыстыруы мүмкін.
 Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар.
Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-ақ, үздіксіз күн
жарығынан, оттан, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қаупі
бар.
 Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді тұйықтауы мүмкін
қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден
және басқа ұсақ металл заттардан алыс сақтаңыз. Аккумулятор
түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі
мүмкін.
 Дұрыс пайдаланбаған аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін. Оған
тимеңіз. Кездейсоқ тигенде, тиген жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық
көзге тисе, медициналық көмек алыңыз. Аккумулятордағы сұйықтық теріні
тітіркендіруі немесе күйдіруі мүмкін.
 Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс пайдаланбаған жағдайда
бу шығуы мүмкін. Бұл жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар
болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс алу жолдарын
тітіркендіруі мүмкін.
 Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау
құрылғысымен зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысы белгілі бір
аккумуляторлар түріне жарайды және оны басқа аккумуляторларды зарядтау
үшін пайдаланса, өрт себебі болуы мүмкін.
 Бұл аккумуляторларды тек өзіңіздің Bosch өніміңізде пайдаланыңыз.
Тек осы жағдайда аккумулятор ауыр шамадан тыс жүктемелерден қорғалған
болады.
1 609 92A 183 | (3.3.15)
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido