Электр сымдарын жөндеу мен
айырбастауды тек арнай оқытылған
қызметкерлер ғана жүзеге асыру керек.
Электр тогына соғылу қаупі!
Зақымданған сымды желілік қорек
көзіне қосуға тыйым салынады, оны тек
электр желісінен ажыратылғаннан кейін
ғана ұстауға болады.
Кескіш блоктарға (пышақтарға) тек
аспап сөніп тұрғанда ған қол тигізуге
болады.
Электр желісі сəйкес
сақтандырғыштармен қорғалуын үнемі
қадағалап отырыңыз.
Жаңбыр жауып тұрғанда
немесе ылғалды ортада
жұмыс істеуге тыйым
салынады.
Ашық аспан астында жұмыс істеген
кезде тек құрылғыға келетін (
өткізбейтін ұзартқыш шоғырсымды
қолданыңыз.
Электр қуатының сымын ашаны
розеткадан алып тастау арқылы
сөндіріңіз. Электр сымын тартуға
тыйым салынады.
Құрылғыны жаңбырдың астында
қалдырмаңыз.
Егер құрылғы генератор агрегатына
қосылса, токтың ауытқуына орай оның
зақымданбауын қарап отырыңыз.
Құрылғыны максималды ажырату тогы
30 мА балқымалы сақтандырғышпен
қорғалған электр қуатының көзіне
жалғап қосуға болады. Қосымша
мəліметтерді электрмонтаждаушыдан
алуға болады.
0478 201 9913 B - KK
4.3 Киім жəне əбзел
Құрылғымен жұмыс істеу үшін
табаны сырғанамайтын
жабық аяқ киім киіңіз. Жалаң
аяқ немесе сандалдармен жұмыс
істеуге тыйым салынған.
Жұмыс барысында, қызмет
көрсеткен кезде жəне
құрылғыны тасымалдағанда
үнемі мықты қолқап кию
керек.
Жұмыс істеген кезде қорғаныс
көзілдірігін жəне есту
мүшелерін қорғау құралдарын
киіңіз. Оларды жұмыс
атқарған уақыт бойы киіңіз.
Құрылғымен жұмыс істеген
кезде денеге жабысып
тұратын сəйкес киім киіңіз,
10.1), су
мысалы, жұмыс халатының
орнына комбинезон. Ұсақтағышпен
жұмыс істегенде шəлі тарту, галстук,
əшекейлер тағуға, бос жіберілген
ленталар мен басқа да сыртқа шығып
тұратын киім элементтерін киюге тыйым
салынады.
Аспаппен жұмыс істегенде, жəне де
оған қызмет көрсеткенде ұзын
шаштарды байлап, бас киім (жаулық,
кепка жəне т.б.) астына жасыру қажет.
4.4 Құрылғыны тасымалдау
Өткір жүздерден жəне ыстық
бөлшектерден зақымданбау үшін үнемі
қолғаппен жұмыс істеу керек.
Электр қозғалтқышы қосулы тұрған
құрылғыны тасымалдамаңыз.
Тасымалдар алдында электр
қозғалтқышты сөндіріңіз, пышақтың
тоқтауын күтіңіз жəне тұтандыру
білтесінің түйіспелі ұштығын суырып
алыңыз.
Құрылғыны тек оның электр
қозғалтқышы суығаннан кейін ғана
тасуға болады.
Құрылғыны тек тиісті түрде орнатылған
суарма шұңғымамен ғана
тасымалдаңыз.
Бос жатқан пышақтар арқылы, дене
зақымдарының келтірілу қаупі бар!
Əсіресе еңкейту кезінде құрылғының
салмағын ескеріңіз.
Сай келетін жүктеу механизмдерін
(жүктеу тұғырнамаларын, жүк көтергіш
қондырғыларды) пайдаланыңыз.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
көрсетілген орындарды пайдалана
отырып, ұсақтағышты сəйкес келетін
құралдармен (баулармен, қайыстармен
жəне т.б.) бекіту керек. (
12.)
Құрылғыны тек жүріс жылдамдығымен
тартуға немесе тасуға болады.
Сүйретпеңіз!
Құрылғыны тасымалдау кезінде, атап
айтсақ, жүктеу тұғырнамаларында
жүктің жəне тасымалданатын заттың
қауіпсіздігіне қатысты жергілікті
заңдардың талаптарын орындау қажет.
4.5 Жұмысты бастамас бұрын
Құрылғыны пайдалану жөніндегі
нұсқаулықты оқып шыққан адамдар
ғана пайдаланатынына көз жеткізіңіз.
ІЖҚ мен электр қозғалтқышпен
жабдықталған бақ аспаптарын
пайдалану ережелерін сақтаңыз.
541