моментті максималды басқару үшін әрқашан қосымша тұтқышты (бар болса) қолданыңыз.
Тиісті сақтық шараларын қолданған жағдайда оператор қайтарымды және реактивті моментті
басқара алады.
▶ Қол буынын айналатын алмалы-салмалы аспапқа ешқашан жақындатпаңыз. Қайтарым кезінде
жұмыс аспабы оларға ілінуі мүмкін.
▶ Қайтарым кезінде электр құралдың жылжитын аймаққа түсуін болдырмаңыз. Қайтарым электр
құралды бұғатталу орнынан жұмыс аспабының айналуына қарама-қарсы бағытта жылжытады.
▶ Бұрыштарды, үшкір жиектерді және т.б.
құралдардың ыршып кетуін және өңделетін бөлшектерде сыналануын болдырмаңыз.
Айналатын жұмыс аспабы бұрыштарды, үшкір жиектерді өңдеу кезінде немесе ыршып кеткенде
сыналануы мүмкін. Бұл аспапты басқаруды жоғалтудың немесе қайтарымның пайда болуының
себебі болады.
▶ Шынжырлық немесе тісті ілінісі бар төсемді қолданбаңыз. Мұндай жұмыс аспаптарын қолдану
жиі қайтарымды тудырады немесе электр құралды басқаруды жоғалтуға әкеледі.
Дискімен тегістеу және кесу кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша нұсқаулар:
▶ Тек пайдалануға рұқсат етілген абразивті аспаптарды және оларға сай қорғауыш
қаптамаларды қолданыңыз.
дәрежеде экрандалмайды және тұрақсыз жұмыс істейді.
▶ Қисық тегістеу дискілерін тегістеу аймақтары қорғауыш қаптама шетінен шықпайтын етіп
орнату керек. Қате орнатылған тегістеу дискісі қорғауыш қаптама шетінен шығып тұрса жетерлік
ретте қапталмайды.
▶ Қорғауыш қаптаманы электр құралға берік орнату керек және ешбір ең майда абразивті
бөлшек операторға тимейтіндей ең жоғары қорғау дәрежесіне реттелуі керек. Қорғауыш
қаптама операторды сынықтардан,
нысандарына кездейсоқ тиюден қорғауға көмектеседі.
▶ Абразивті аспаптарды тек мақсатына сай қолдану керек. Мысалы: тегістеуді кесу дискісінің
бүйірлік бетімен орындауға тыйым салынады. Кесу дискілері материалды диск жиегімен алуға
арналған. Дискіге бүйірінен жасалатын әсер оның бұзылуының себебіне айналуы мүмкін.
▶ Тегістеу дискісін орнату үшін әрқашан зақымдалмаған, өлшемі мен пішіні дұрыс қыспа
фланецті қолданыңыз. Пішіні мен өлшемі жарайтын фланецтер тегістеу дискісін бекітеді және оның
сыну қаупінің дәрежесін азайтады. Кесу дискілерінің қыспа фланецтері басқа тегістеу дискілерінің
қыспа фланецтерінен ерекшеленуі мүмкін.
▶ Өлшемі үлкенірек электр құралдардың тозған тегістеу дискілерін қолданбаңыз.
үлкенірек электр құралдар үшін жасалған тегістеу дискілері шағын өлшемді электр құралдардың
жоғары айналу жиілігіне арналмаған және осы себепті бұзылуы мүмкін.
Дискімен кесу кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша нұсқаулар:
▶ Кесу дискісінің бұғатталуын немесе тым қатты басу қысымын болдырмаңыз. Тым қатты
кесулерді орындамаңыз. Кесу дискісіне шамадан тыс жүктеме түсуі оның тозуын және қисаю
немесе бұғатталу мүмкіндігін, сонымен бірге қайтарымның пайда болу немесе оның бұзылу
мүмкіндігін арттырады.
▶ Айналып жатқан кесу дискісінің аймағында және оның артында тұрмаңыз. Өңдеп жатқан
бөлшектегі кесу дискісі өзіңізден ары бағытта ауытқығанда электр құрал қайтарым пайда болғанда
тура сізге ыршып түсуі мүмкін.
▶ Кесу дискісі сыналанған немесе жұмысты тоқтатқан жағдайда аспапты өшіріңіз және диск
толық тоқтағанын күтіңіз. Әлі айналып жатқан дискіні кесу жерінен шығарып алуға ешқашан
әрекет жасамаңыз – қайтарым болуы мүмкін. Сыналану себебін анықтаңыз және кетіріңіз.
▶ Әлі өңдеп жатқан бөлшекте болса, аспапты қайтадан қоспаңыз.
алдында аспап жұмыс айналу жиілігіне дейін тездегенше күтіңіз. Әйтпесе диск сыналануы,
өңдеп жатқан бөлшектен ыршып кетуі немесе қайтарымның пайда болуы мүмкін.
▶ Кесу дискісі сыналанған жағдайда қауіп дәрежесін азайту үшін үлкен өлшемді тақталарды
немесе бөлшектерді тіреңіз. Үлкен өңделетін бөлшектер өз салмағының әсерінен иілуі мүмкін.
Өңделетін бөлшекті екі жағынан кесуді орындау орнының жанында, сондай-ақ, бөлшек жиегінің
бойында тіреу керек.
▶ Жасырын салада, мысалы, дайын қабырғада, «батырып» кесуді орындағанда әсіресе сақ
болыңыз. Газ және су құбырларын, электр сымдарын немесе басқа заттарды кесу кезінде кесу
дискісін салғанда, қайтарым пайда болуы мүмкін.
2.3
Қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша ережелер
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Өнімді тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
222
Қазақ
өңдеу кезінде өте мұқият болыңыз.
Бұл электр құралға арналмаған абразивті дискілер жеткілікті
киімді тұтандыруы мүмкін ұшқындар сияқты тегістеу
Жұмысты жалғастыру
2121808
*2121808*
Электр
Өлшемі