Жұмыс Істеу - Hilti AG 230-20D Manual De Uso

Ocultar thumbs Ver también para AG 230-20D:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 51
4. Алмалы-салмалы аспапты орнатыңыз.
5. Қыспа гайканы орнатылған алмалы-салмалы аспапқа сай бұрап бекітіңіз.
6. Шпиндельді бұғаттау түймесін басып тұрыңыз.
7. Қыспа кілттің көмегімен қыспа гайканы бекемдеңіз, шпиндельді бұғаттау түймесін жіберіңіз және
қыспа кілтті алып тастаңыз.
6.4.2
Алмалы-салмалы аспапты бөлшектеу
1. Желілік кабель ашасын розеткадан шығарыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Сыну және бұзылу қаупі бар. Шпиндель айналып тұрғанда шпиндельді бұғаттау түймесі басылып
тұрса, алмалы-салмалы аспап босап қалуы мүмкін.
▶ Шпиндельді бұғаттау түймесін тек шпиндель өшірулі күйінде болғанда басыңыз.
2. Шпиндельді бұғаттау түймесін басып тұрыңыз.
3. Қыспа кілтті орналастырып және сағат бағытына қарсы айналдырып, қыспа гайканы босатыңыз.
4. Шпиндельді бұғаттау түймесін жіберіп, алмалы-салмалы аспапты алып тастаңыз.
6.5
Жұмыс істеу
ЕСКЕРТУ
Зақымдалған кабельден қауіп бар! Егер жұмыс кезінде желілік немесе ұзартқыш кабель зақымдалса,
оған тиюге тыйым салынады. Желілік кабельді розеткадан шығарыңыз.
▶ Аспаптың желілік кабелін тұрақты түрде тексеріңіз және зақымдалған кабельді ауыстыру үшін
тәжірибелі электрші маманды шақырыңыз.
Ұзартқыш кабельдерді тұрақты түрде тексеріңіз және зақымдар бар болғанда оларды ауыстырыңыз.
6.5.1
Қосу
1. Желілік кабель ашасын розеткаға салыңыз.
2. Сақтандырғыш ажыратқышты басып, қосқыш/ажыратқыштың құлпын ашыңыз.
3. Қосқыш/ажыратқышты толығымен басыңыз.
▶ Қозғалтқыш жұмыс істеп тұр.
6.5.2
Жапсырмасы бар қорғауыш қаптама
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Кесу дискілерімен кесу және штробтар жүргізу кезінде, әрдайым жапсырмасы
бар қорғауыш қаптаманы немесе толығымен жабылған шаңды кетіруге арналған қаптаманы
қолданыңыз.
6.5.3
Тегістеу
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі. Алмалы-салмалы аспап кенет бұғатталуы не ілініп қалуы мүмкін.
▶ Аспапты бүйірлік тұтқасымен (қапсырмалы тұтқамен қосымша беріледі) бірге пайдаланыңыз және
аспапты әрдайым екі қолмен берік ұстаңыз.
6.5.4
Кесіп тегістеу
▶ Дөрекі кесу кезінде орташа беріліспен жұмыс істеңіз және аспапты немесе дөрекі кесу дискісін
еңкейтпеңіз (жұмыс күйі шамамен 90° кесу деңгейін құрайды).
Профильдер және төрт бұрышты қимасы бар шағын құбырлар кесіп тегістеу дискісі ең кіші
көлденең қимаға өткенде жақсырақ кесіледі.
6.5.5
Дөрекі тегістеу
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі. Кескіш шайба жарылуы немесе сынып қалған бөліктері жарақаттануға апарып
соғуы мүмкін.
▶ Кесу дөңгелектерін сиырып тегістеуге қолдануға мүлде тыйым салынады.
*2121808*
4
2121808
Қазақ
227

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido