Сору Жабдықтарын Орнату - Bosch GAS 35 L SFC+ Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GAS 35 L SFC+ Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 31
OBJ_BUCH-1702-004.book Page 145 Friday, December 9, 2016 5:09 PM
Жинау
 Барлық жұмыстардан алдын шаңсорғыш айырын
розеткадан шығарыңыз.
Сору шлангі ұстағышын орнату
(А суретін қараңыз)
– Сору шлангі ұстағыштарын 4 жоғарыдан оларға
арналған патрондарға 30 олар тірелгенше
жылжытыңыз.
Сорғыш шлангты орнату (В суретін қараңыз)
– Сорғыш шлангын 21 шланг қысқышына 2 салып оны
сағат тілімен тірелгенше бұраңыз.
Ескертпе: Соруда сору шлангінде және жабдықтарында
шаң үйкелісі арқылы электрикалық заряд пайда болады,
оны пайдаланушы статикалық тоқ ажыралуы арқылы сезуі
мүмкін (қоршаған орта әсерлеріне және дене сезімдігіне
байланысты).
Жалпы ретте Bosch антистатикалық сору шлангін
(жабдық) майда шаң немесе құрғақ материалдарды
соруда пайдалануды ұсынады.
Сору жабдықтарын орнату
Сору шлангысы 21 және SFC+-модуль 20 қысқыш
жүйемен жабдықталған, оларды шаңды сору
құралдарының (жалғағыш муфта 19, шаң сору келте
құбыры 22) көмегімен жалғауға болады.
Аспаптық жалғастырғышты орнату
(C суретін қараңыз)
– SFC+-модульді 20 сору шлангысына 21 сору
шлангысының басу түймелерінің 31 екеуі де
жабылғанша кигізіңіз.
– Содан кейін жалғау муфтасын 19 SFC+-модульге 20
SFC+-модулінің басу түймелерінің 31 екеуі де
жабылғанша кигізіңіз.
– Шешу үшін басу түймешелерін 31 ішіне басып
бөліктерін ажыратыңыз.
Бүріккіштер мен құбырларды орнату
(D суретін қараңыз)
– Сору иінін 22 сору шлангіне 21 сору шлангінің екі басу
түймешесі 31 дыбыспен тірелгенше салыңыз.
– Сосын керекті сору жабдықтарын (едендік қондырма,
тесік қондырма, сору құбыры т.б.) сору иінін 22
салыңыз.
– Шешу үшін басу түймешелерін 31 ішіне басып
бөліктерін ажыратыңыз.
Қоқыс қабын немесе шаң қабын
салу/шешу (Құрғақ сору)
(E1–E2 суреттерін қараңыз)
Құрғақ шаңсору үшін тазалау қоқыс қабын 23 немесе шаң
қабын (керек-жарақтар) орнату керек. Осылайша шаңды
тастау жеңілдейді.
Ескертпе: Сүзгіні жартылай автоматты тазалауды (SFC+)
қағаз сүзгі қабын пайдаланғанда өшіру міндетті, ал
Bosch Power Tools
флизелиндік сүзгі қабын пайдаланғанда оны өшіру керек
(„SFC+ өшіру", 147-бетті қараңыз).
Тасталатын қапты орнату
– Құлыптарды 9 ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін 8
ашыңыз.
– Қоқыс қабын 23 толтыру тесігімен алға контейнерге 1
салыңыз.
– Толтыру тесігін қосу фланецінен қуысына шейін
тартыңыз.
– Қоқыс қабы 23 толығымен контейнер 1 ішкі
қабырғаларына тиюіне көз жеткізіңіз.
– Қоқыс қабының 23 қалғанын контейнер 1 шетінен
қағыңыз.
– Шаңсорғыштың жоғары бөлігін 8 орнатып құлыптарды
9 жабыңыз.
Қоқыс қабын шешіп жабу
– Құлыптарды 9 ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін 8
ашыңыз.
– Толық қоқыс қабын 23 ернемектік біріктіргішінен
шығарыңыз.
– Қоқыс қабын 23 абайлап оны зақымдамай
шаңсорғыштан шығарыңыз.
Қоқыс қабы қосу фланеціне немесе басқа өткір заттарға
тимеуіне көз жеткізіңіз.
– Желімдеу таспасының қаптамасын шешіп қоқыс қабын
желімдеңіз.
Сосын қоқыс қабын 23 толтыру тесігінің астынан
шешілген желімдеу таспасының қаптамасымен
байлаңыз.
Шаң қабын алмастыру/орнату (керек-жарақтар)
– Құлыптарды 9 ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін 8
ашыңыз.
– Толық шаң қабын ернемектік біріктіргішінен
шығарыңыз. Шаң қабының тесігін қақпағымен
жабыңыз. Жабық шаң қабын шаңсорғыштан алып
қойыңыз.
– Жаңа шаң қабын шаңсорғыш ернемектік біріктіргішіне
кигізіңіз. Шаң қабының контейнер 1 ішінде толықтай
жатуына көз жеткізіңіз.
– Шаңсорғыштың жоғары бөлігін 8 орнатып құлыптарды
9 жабыңыз.
Резеңке жиегін орнату (Ылғал шаңсору)
(F суретін қараңыз)
Ескертпе: Өткізу деңгейі талаптары (L шаң сыныпы) тек
құрғақ сору үшін негізделген.
– Қылшақты жолды 27 сәйкес аспаппен едендік
қондырмадан 28 шешіңіз.
– Резеңке жиегін 26 едендік қондырмаға 28 салыңыз.
Ескертпе: Резеңке жиектерінің құрылымды жағы сыртқа
көрсетуі керек.
L-Boxx шертіңіз (G суретін қараңыз)
Шаңсорғышты тасымалдау және шаңсорғыш
жабдықтарын және/немесе электр құралын жай
тиімдейтін ретте сақтау үшін шаңсорғыш жоғарғы
бөлігінде L-Boxx шертіңіз.
– L-Boxx патрондарға 7 басыңыз.
1 609 92A 2N5 | (9.12.16)
Қaзақша | 145

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Gas 35 l afc professional3 601 jc3

Tabla de contenido