Шаңды Және Жоңқаларды Сору; Пайдалану Нұсқаулары; Техникалық Күтім Және Қызмет - Bosch GSG 300 Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GSG 300 Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 18
86 | Қазақ
Ара дискілерін орнату/алмастыру
(B суретін қараңыз)
Алмалы-салмалы аспапты орнату немесе
u
алмастыру кезінде қорғағыш қолғап киіңіз.
Алмалы-салмалы аспаптар өткір болып ұзақ уақыт
пайдаланғанда қызып кетуі мүмкін.
Домалатпа бұрандаларды (9) босатып, оларды серіппелі
сақиналармен (8) және қаптамамен (7) бірге алып
тастаңыз.
Ара дискілерінің жұбын (3) ара дискісінің
бағыттауышына (2) астынан салыңыз. Ара дискілерінің
бойлық оймакілтегі ара дискісі бағыттауышының
бағыттауыш штифтіне кіргеніне көз жеткізіңіз ➊.
Содан кейін ара дискілерінің жұбын (3) жетекші сұққыға
ара дискілері бағыттауышқа (2) кедергісіз
орнатылатындай етіп бекітіңіз ➋.
Қаптаманы (7) және серіппелі сақиналарды (8) электр
құралындағы бұрандалы штифтерге орнатып, домалатпа
бұрандалармен (9) бекітіңіз.
Тірек тақтасын орнату (C суретін қараңыз)
Ара дискісінің бағыттауышын (2) тірек тақтасының (4)
тиісті ойығына салыңыз.
Бұранданы (10) бұрап бекітіңіз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
1 609 92A 4VD | (19.06.2019)
Қосу/өшіру
Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
u
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралды қосу үшін қосқыш/өшіргішті (1)
басыңыз.
Басылған ажыратқышты (1) бекіту үшін артқа қарай
жылжытыңыз.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (1)
жіберіңіз. Қосқыш/өшіргіш (1) бұғатталған болса оны
алдымен басып сосын жіберіңіз.
Пайдалану нұсқаулары
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Қылышты ара тұрып қалса электр құралын бірден
u
өшіріңіз.
Жылжымалы роликтері бар тірек тақтасы
Электр құралын тірек тақтасымен (4) немесе онсыз
пайдалануға болады.
Жылжымалы роликтері бар тірек тақтасы араны оңай
және тік бұрышта жүргізуге мүмкіндік береді.
Кез келген пішіндерді кесу және шағын кесінділерді
жасап шығару үшін тірек тақтасын алып тастаңыз.
Пенопластты өңдеу
Дәл кесіктер жасау кезінде, әсіресе жұмсақ пенопласт
немесе ұқсас материалдарда орташа басу күшімен
аралаңыз. Материалды өңдеу кезінде тым қатты баспаңыз
немесе созбаңыз.
Шағын кесінділер жасау үшін тірек тақтасын (4) алып
тастаңыз. Пышақты немесе қайшыны материалға тығып,
ара дискісінің бағыттауышын (2) саңылауға енгізіңіз және
кесіндіні өңдеңіз.
Үлкенірек кесінділер жасау үшін ара дискісінің
бағыттауышының (2) орнатылған тірек тақтасымен (4)
кіруіне мүмкіндік беретін өлшемдегі саңылауды кесіңіз.
Астыңғы бетте бөгде заттардың болмағанына көз
жеткізіңіз. Кесік сызығының бойымен орташа басу
күшімен аралаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Ара дискісінің бағыттауышын (2) және ара дискілерін (3)
жүйелі түрде тазалаңыз (шамамен әр 8 жұмыс сағаты
сайын).
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

0 601 575 1

Tabla de contenido