Шаңды Және Жоңқаларды Сору; Сыртқы Сорғыш - Bosch GCM 12 GDL Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GCM 12 GDL Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

All manuals and user guides at all-guides.com
OBJ_BUCH-1360-003.book Page 305 Wednesday, November 11, 2015 2:13 PM
және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі
мүмкін.
 Электр құралын орнатудан алдын жұмыс үстелін
дұрыс құрыңыз. Бұзылу қауіпін болдырмау үшін
мінсіз құру маңызды болып қалады.
– Электр құралын тасымалдау күйінде жұмыс үстеліне
орнатыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының
шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат,
ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Әрдайым шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама
сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.
– Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан тартып
қойыңыз.
– Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
– Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.
 Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Жеке шаңсору (с суретін қараңыз)
Жоңқаларды ұстау үшін жинақтағы шаң қабын 1
пайдаланыңыз.
 Шаң қабын әрбір пайдаланудан соң тексеріп
тазалаңыз.
 Өрт қауіпін алдын алу үшін алюминийді аралауда
шаң қабын алып қойыңыз.
– Шаң қабын 1 сорғыш адаптерге 2 сорғыш адаптердің
істігі шаң қабының тесігіне кіртеін етіп салып бұраңыз.
Шаң қабы мен сорғыш адаптер аралау кезінде әрекет
жасап тұрған аспап бөліктеріне тимеуі тиіс.
Шаң қабын уақтылы босатыңыз.
Сыртқы сорғыш
Шаңсору үшін сорғыш адаптерге 2 шаңсорғыш шлангін
(Ø 35 мм) қосу мүмкін.
– Шаңсорғыштың шлангін сорғыш адаптерге 2 салыңыз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Bosch Power Tools
Сорғыш алаптерді тазалау
Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін сору адаптерін 2
жүйелі түрде тазалап тұру керек.
– Сорғыш адаптерді 2 бұрап жоңқа шығатын жерден 41
шығарыңыз.
– Дайындаманың снықтары мен жоңқаларын алып
қойыңыз.
– Сорғыш адаптерді бұрап жоңқа шығатын жерге жоғқа
шығатын жерлің ұстау сақинасының жоғарысында
тірелгенше бұрап басыңыз.
Аралау дискісін алмастыру
(d1–d4 суреттерін қараңыз)
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап
киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі бар.
Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр
құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған
аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы пайдалану нұсқаулығында берілген деректерге
сәй және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті
ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және сіз
өңдейтін материалға сәй аралау дискілерін
пайдаланыңыз. Бұл аралауда ара тістерінің қызып кетуіне
жол бермейді.
Аралау дискісін шешу
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Бұғаттау бұрандасын 42 қолмен тартау механизмі 43
бос асылып тұрантын етіп бұраңыз.
– Бекіткіш бұранданы 44 (шам. 2 айналым) алты қырлы
дөңбек кілтпен (4 мм) 20 босатыңыз.
Бұранданы толық шығармаңыз.
– Бекіткіш бұранданы 45 (шам. 6 айналым) алты қырлы
дөңбек кілтпен (4 мм) 20 босатыңыз.
Бұранданы толық шығармаңыз.
– Қаптама тақтаны 46 бекіткіш бұрандадан 45 алға және
төменге тартып алыңыз.
– Бұғаттау тұтқышын 5 басып тербелуден сақтайтын
қаптаманы 8 арқаға қайырыңыз.
Тербелуден сақтайтын қаптаманы осы күйде ұстаңыз.
– Тартау механизмін 43 тесігімен бекіткіш бұрандаға 45
қаратып асыңыз.
Осылай тербелуден сақтау қаптамасы ашық күйде
сақталады.
– Ішкі алты қырлы бұранданы 48 жинақтағы алты қырлы
дөңбек кілтпен (6 мм) 20 бұрап, шпиндель бекіткішін
47 тірелгенше бірдей басыңыз.
– Шпиндель бұғаттауын 47 басып ұстап бұранданы 48
сағат тілімен бұрап шығарыңыз (сол жақтық бұранда!).
– Қысқыш фланецты 49 шешіңіз.
– Аралау дискісін 40 шешіңіз.
Аралау дискісін орнату
Керек болса барлық орнатылатын бөліктерді тазалаңыз.
– Жаңа аралау дискісін қысқыш флнецке 50 орнатыңыз.
Қaзақша | 305
1 609 92A 285 | (11.11.15)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido