ҚҰРАЛДЫ ҚОЛДАНУ
Блендер саптамасы – 2-СУР.
– Блендер саптамасын )Е( электрқозғалтқыш блогіне )А( сырт
еткен дыбыс шыққанша орнатыңыз.
МАҢЫЗДЫ: Блендерді бос күйде
қоспаңыз.
– Бұл блендер соус, сорпа, коктейль, сүт коктейлі, майонез,
құймақ және вафли қамырын жасауға жақсы келеді.
– Шашырамау үшін, алдымен блендер саптамасын өніммен
толтырылған стақанға қойып, құралды қосыңыз және
сонан соң )В( немесе )С( батырмасын басыңыз. Өнімдерді
араластыру үшін шеңбер бойымен қозғалтыңыз және жоғары
және төмен қозғалтыңыз.
– Қолданудан кейін блендерді өшіріп, блендер саптамасын алу
үшін жұмыс бөліктерін босату батырмасын басыңыз.
БҰЛҒАҒЫШ – 6-СУР
– Бұлғағышты )G( саптамаға )F( орнатып, сонан соң барлық
тізбекті электрқозғалтқыш блогіне )А( сырт еткен дыбыс
шыққанша орнатыңыз.
– Бұлғағышты тек құймақ қамырын, шантильи кремін,
жұмыртқа ақуызын бұлғау үшін және т.б. үшін ғана
қолданыңыз.
– Құралды қосып, )В( немесе )С( батырмасын басыңыз.
Бұлғағышты алар алдында құралды өшіріңіз.
Ұсақтағыш – 5-СУР
Ұсақтағышты алғаш рет қолданар алдында:
1. Алдымен пышақтан )I2( қорғау қаптамасын алыңыз, сонан
соң оны мұқият орталық штифтке ыдысқа )I3( орнатыңыз.
Жұмыс аяқталған соң пышақты қорғау қаптамасына салуды
ұмытпаңыз.
2. Ыдысқа өнімдерді салыңыз.
3. Қақпақты )I1( орнатыңыз, ал оған электрқозғалтқыш блогін
)А( орнатыңыз.
138