Descargar Imprimir esta página

TEFAL Masterchef Grande Manual Del Usario página 41

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 6
Бүйірдегі ингредиенттерді кетіру үшін, асүйлік комбайнды тұрақты түрде өшіріп, қамыр
араластырғышын қолданыңыз.
Егер ақаулық пайда болса, құралда бірнәрсе тұрып қалса немесе мотор тоқтап қалса.
Құрылғыны өшіріңіз және қуат ұяшығынан ажыратыңыз. Мәселенің шешімін табыңыз немесе
табақтағы ингредиенттер мөлшерін азайтыңыз. Асүйлік комбайнды қайта қоспас бұрын,
мотор суығанша 5 минут күтіңіз.
Жұмыртқа ақуызын, кілегейді немесе басқа да ұқсас ингредиенттерді көпірту үшін көпірткішті
қолданыңыз. Торт қамыры немесе картоп пюресі сияқты ауыр қоспаларды көпірту үшін
көпірткішті пайдаланбаңыз. Көпірткенде/араластырғанда нәтижесін әрдайым бақылап
тұрыңыз, себебі қажетті нәтижеге тез жетуіңіз мүмкін.
КӨПІРТКІШТІ, ҚАМЫР ІЛМЕГІН ЖӘНЕ
Жабдық пен табақ түбінің арасындағы қашықтық зауыттан жеткізілген кезде, стандартты
биіктікте орнатылады. Қаласаңыз, биіктікті реттеуге болады:
1. Құрылғыны өшіріңіз және қуат ұяшығынан ажыратыңыз.
2. Араластыру бастиегін көтеріп, қажетті жабдықты бекітіңіз.
3. Ажыратқыш кілтін қолданып, сомынды босатқан кезде
жабдықты бір қолмен ұстап тұрыңыз; суретті қараңыз.
4. Араластырғыш бастиегін түсіріңіз және жабдықтың өзін бұрап,
биіктікті өзгертіңіз. Ең қолайлысы - жабдық табақтың түбімен
сәл жанасып тұруы керек.
5. Жабдықты бір қолмен ұстап, араластырғыштың бастиегін
көтеріңіз және сомынды бұраңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ
Тазаламас бұрын қуат ұяшығынан үнемі ажыратыңыз.
Табақ пен жабдықтарды ыдыс жуғыш машинасында жууға болады. Моторды суға немесе
басқа да сұйықтыққа еш уақытта матырмаңыз. Мотор бөлігін және араластырғыштың
бастиегін дымқыл матамен сүртіңіз. Өңін кетіретін немесе сызат қалдыратын тазартқыш
заттарды қолданбаңыз. Асүйлік комбайнды сақтап қояр алдында барлық бөлшектерді мұқият
сүртіп алыңыз.
МАҢЫЗДЫ: МОТОРДЫ ЕШБІР СҰЙЫҚТЫҚҚА МАТЫРМАҢЫЗ!
ҚҰРЫЛҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕМЕСЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК
- "алғаш қолданыс алдында" және "қызып кету" тарауларын қараңыз.
- ҚҰРЫЛҒЫҢЫЗ ӘЛІ ДЕ ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙДІ МЕ? Өкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз (қызмет көрсету кітапшасындағы тізімді қараңыз).
КЕРЕК-
- Араластырғыш
- Қамыр ілмегі
- Көпірткіш
Ескерту: жабдықтарды сатып алу үшін, нұсқаулықтар кітапшасын немесе құрылғыны
көрсету қажет. Болашақта қауіпсіз қолдану үшін сақтап қойыңыз.
39
KK

Publicidad

loading