Орнату рəсімі
1. Қабырғаға бекітетін
кронштейнді құрастыру
• Бұны плазмалық дисплейдің көлеміне
байланысты құрастырыңыз.
Негізгі жоғарғы жəне төменгі бекіткішерді
① жəне негізгі сол ② жəне оң жақ ③
бекіткіштерін орналастырмаңыз.
Негіздің сол жəне оң жақ бекіткіштерінің
шығыңқы бөлшектерін (құлақшалар)
негіздің үстінгі жəне астыңғы
бекіткіштерінің ойығына (оң жақта екі
орын жəне сол жақта екі орын) кіргізіңіз
де, бекіткіштерді бекіткіш құрылғыны
құрастыруға арналған бұрандалармен
мықтап бекітіңіз ④ (4).
(Тартудың бұрау моменті: 1,2-1,5 Н•м)
Ескертпе
• Құрастырылған қабырғаға бекіту
кронштейнімен жұмыс істегенде, кронштейн
негізінің сол жақ жəне оң жақ бекіткіштерін
ұстап тұрыңыз. Негіздің жоғарғы жəне
төменгі бекіткіштерін ұстасаңыз, бұл
құрылғының пішіні бұзылуы мүмкін.
2. Орнатылатын жердің беріктігін тексеру
Қабырғаға ілетін кронштейннің салмағы – шамамен 3,2 кг. Плазмалық
дисплейдің пайдаланушы нұсқаулығын қарап, қабырғаға ілетін
кронштейнге орнатылатын плазмалық дисплейдің салмағын тексеріңіз.
Оң жақтағы қабырға кронштейнінің контурлық сызбасына қарап,
көрсетілген алты орнату орнындағы қабырғаның беріктігін тексеріңіз.
Егер бұл орындарда беріктік жеткіліксіз болса, жеткілікті күшейтілуін
қамтамасыз етіңіз.
Ескертпелер
• Қабырғаға ілетін кронштейннің жоғарғы жағында бес орнату тесігі жəне
төменгі жағында бес орнату тесігі бар. Қабырға ағаштан немесе басқа
материалдан жасалған болса жəне орнатылатын жердің мықтылығы оң
жақта көрсетілген алты орыннан бекіту арқылы жеткілікті болмаса, қосалқы
тесіктерді пайдаланыңыз. Дегенмен, орнату бетінің қандай материалдан
жасалғанына қарай, бұрандалар бір-біріне тым жақын орындарда
пайдаланылған жағдайда, бетте жарықтар пайда болатынын ұмытпаңыз.
• Бекіту құрылғысына плазмалық дисплейден басқа бұйымды орнатпаңыз
немесе орналастырмаңыз.
• Плазмалық дисплей орнатылғанда қолданылатын өлшемдер туралы толық
мəліметтерді контурлық сызбадан қараңыз (71 бетті қараңыз).
3. Қабырғаға бекітетін кронштейнді қабырғаға орнату
Ескертпелер
• Қабырға бетон немесе сол сияқты басқа материалдардан жасалғандықтан,
қабырға кронштейнін орнатпас бұрын бұрандаларды немесе гайкаларды
қабырғаға кіргізу қажет болса, қабырға кронштейнінің өзін орнату арқылы
немесе контурлық сызбада көрсетілген суреттерден есептеп шығарып
тесіктердің орындарын анықтаңыз да, номиналды диаметрі 6 мм немесе оған
балама бұрандалар мен гайкаларды кіргізіңіз. Егер бұрандаларды кіргізіп
жатқанда, оларды қабырға бетінен 10-15 мм шығарып қойыңыз.
• Қабырғаға бекітетін бұрандалар үшін кронштейн орнатылатын материалға/
құрылымға сəйкес келетін сатып алынған диаметрі 6 мм бұрандаларды
пайдаланыңыз.
• Бұрандамен кемінде алты жерден бұраңыз.
• Бұрандалардың мықтылығын тексеріңіз. Өте мықты бұрандаларды пайдаланыңыз.
Қабырғаға бекітетін кронштейнді ондағы көрсеткілер жоғары қарап
тұратындай етіп орнатыңыз.
Алдымен, жоғарғы ортаңғы тесіктегі бұранданы тартыңыз.
Кронштейн бұрышында бүгіліп тұрғанына көз жеткізу үшін деңгей
өлшегішін пайдаланыңыз да, төмендегі үш бұранда тесіктерін
қолданып, кронштейнді орнына бұрап бекітіңіз.
Кронштейн негізінің сол жəне оң жақ бекіткіштерінен бұрышты
бейімдеу бұрандаларын алыңыз да, кронштейн негізінің сол жəне оң
жақ бекіткіштерін ашыңыз.
58
Негіздің жоғарғы жəне
төменгі бекіткіші
(модельдің затбелгісі
қойылған бетін)
Кронштейн
негізінің сол жақ
бекіткіші
Кронштейн негізінің
оң жақ бекіткіші
Негіздің жоғарғы жəне
төменгі бекіткіші
Ішінде (В): 42/50В үлгісі
Құлақша
Құлақша
Ойық
Керек-жарақты құрастыруға арналған бұранда
40
440
550
Қабырғаға бекітетін тесіктер (6 нүктеде)
Бекіту құрылғысын бекіту
үшін, міндетті түрде
бұрандаларды пайдаланыңыз.
Көрсеткілер
Бұрышты бейімдеу бұрандалары
Бірлік: мм
40