Жеткізілім Жиынтығы - Bosch GCO 14-24 J Professional Manual Original

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 29
ескеру қажет. Бұл жұмыс уақытындағы шуыл шығару
мәнін төмендетеді.
Монтаждау
Электр құралының кездейсоқ іске қосылуына жол
u
бермеңіз. Орнату кезінде және электр
құралындағы барлық жұмыстарда желі айыры
тоққа қосылмауы керек.
Жеткізілім жиынтығы
Жеткізілім жиынтығындағы барлық бөліктерді орауыштан
абайлап шығарыңыз.
Бүтін орауыш материалын электр құрылғысы мен
жеткізілім жиынтығындағы керек-жарақтардан алып
тастаңыз.
Электр құралын алғаш рет іске қосудан бұрын төменде
келтірілген бөліктердің барлығы жинақта бар-жоғын
тексеріңіз:
– Кескіш дискісі орнатылған кесетін ажарлағыш
– Алты қырлы дөңбек кілт (12)
Нұсқау: электр құралында зақымдардың бар-жоғын
тексеріп шығыңыз.
Электр құралын пайдаланудан бұрын қорғаныш
аспаптардың немесе сәл зақымдалған бөліктердің
ақаусыз және мақсатына сай жұмыс істегенін тексеру
керек. Жылжымалы бөліктер ақаусыз жұмыс істегенін
және қысылмағанын немесе бөліктердің
зақымдалмағанын тексеріңіз. Барлық бөліктер дұрыс
орнатылуы және ақаусыз жұмыс істеуді қамтамасыз
ететін пайдалану шарттарына сәйкес келуі керек.
Зақымдалған қорғаныш аспаптар мен бөліктерді өкілетті
шеберханада жөндеу немесе алмастыру керек.
Стационарлық немесе икемді орнату
Тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету үшін электр
u
құралын пайдаланудан алдын тегіс бекем жұмыс
аймағына (мысалы верстак) орнату керек.Ж.
Жұмыс аймағында орнату (A суретін қараңыз)
– Электр құралын жарамды бұрандалы қосылыммен
жұмыс аймағына бекітіңіз. Ол үшін саңылаулар (11)
пайдаланылады.
Икемді орнату (ұсынылмайды!)
Ерекше жағдайларда электр құралын жұмыс аймағында
мықтап орнату мүмкін болмаса, көмек ретінде тірек
тақтасының (13) аяқтарын тиісті тірекке (мысалы, сүргі,
тегіс еден және т.б.) электр құралын бекітпей қоюға
болады.
Кескіш дискіні алмастыру ( B1 − B2 суреттерін
қараңыз)
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Шпиндель бекіткішін (5) аспап шпинделі (22)
u
тоқтап тұрғанда ғана пайдалануға болады. Әйтпесе
электр құралын зақымдауыңыз мүмкін.
Bosch Power Tools
Жұмысты аяқтағаннан кейін кескіш дискіге
u
суымағанша тимеңіз. Кескіш диск жұмыс істеген
кезде қатты қызады.
Тек осы пайдалану бойынша нұсқаулықта берілген
деректерге сәйкес келетін және EN 12413 стандарты
бойынша тексерілген және тиісінше белгіленген кескіш
дискілерді пайдаланыңыз.
Кескіш дискімен бірге жинақта болуы мүмкін төсемдерді
пайдаланыңыз.
Пайдаланылмайтын кескіш дискілерді жабық
контейнерге немесе түпнұсқа орауышқа салып қойыңыз.
Кескіш дискілерді жатқызылған күйде сақтаңыз.
Кескіш дискіні алып тастау
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы (4) тірелгенше артқа
қайырыңыз.
– Алты қырлы бұранданы (25) жинақтағы алты қырлы
дөңбек кілтпен (12) бұрап, дәл сол уақытта шпиндель
бекіткішін (5) тірелгенше басыңыз.
– Шпиндель бекіткішін басып, алты қырлы бұранданы
(25) бұрап шығарыңыз.
– Аралық шеңбер (24) мен қысқыш фланецті (23) алып
тастаңыз.
– Кескіш дискіні (6) алып тастаңыз.
Кескіш дискіні орнату
Қажет болса, орнатылатын барлық бөліктерді тазалап
шығыңыз.
– Жаңа кескіш дискіні аспап шпинделіне (22) жапсырма
манипулятордан ары қарап тұратындай етіп салыңыз.
– Қысқыш фланецті (23), аралық шеңберді (24) және
алты қырлы бұранданы (25) орнатыңыз. Шпиндель
бекіткішін (5) тірелгенше басып, алты қырлы
бұранданы (25) сағат тілінің бағытымен бұрап
бекітіңіз. (Тарту моменті шам. 18–20 Нм)
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы (4) кескіш диск
толық жабылғанша баяу төмен қарай толықтай
жылжытыңыз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманың (4) дұрыс жұмыс
істеп тұрғанына көз жеткізіңіз.
Кескіш дискіні орнатқаннан кейін және қосу алдында
орнатудың дұрыстығын және дискінің еркін айналатынын
тексеріп шығыңыз.
– Кескіш диск маятниктік қорғаныш қаптамаға (4),
бекітілген қорғаныш қаптамаға (20) немесе басқа
бөліктерге тимегеніне көз жеткізіңіз.
– Электр құралын шамамен 30 секундқа іске қосыңыз.
Егер қатты тербелу пайда болса, электр құралын
бірден өшіріп, кескіш дискіні алып тастаңыз да, қайта
орнатыңыз.
Пайдалану
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Қазақ | 157
1 609 92A 5UH | (05.10.2020)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido