Bosch GCO 14-24 J Professional Manual Original página 158

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 29
158 | Қазақ
Тасымалдау кезіндегі қорғаныс (C суретін
қараңыз)
Тасымалдау кезіндегі қорғаныс (17) электр құралын
әртүрлі жұмыс орындарына тасымалдау кезінде қолайлы
пайдалануға көмектеседі.
Электр құралын сақтандырғышынан босату (жұмыс
күйі)
– Манипуляторды тұтқасынан (3) сәл төмен басып,
тасымалдау кезіндегі қорғанысты (17) босатыңыз.
– Тасымалдау кезіндегі қорғанысты (17) толықтай
сыртқа тартыңыз.
– Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз.
Нұсқау: тасымалдау кезіндегі қорғаныс ішке
басылмағанына көз жеткізіңіз, әйтпесе манипулятор
қажетті тереңдікке бұралмауы мүмкін.
Электр құралын бекіту (тасымалдау күйі)
– Манипуляторды тасымалдау кезіндегі қорғаныс (17)
ішке толық басылғанша төмен қарай жылжытыңыз.
Тасымалдау бойынша қосымша нұсқаулар (қараңыз
„Тасымалдау", Бет 159).
Көлденең еңіс бұрышын реттеу (D суретін
қараңыз)
Көлденең еңіс бұрышын 0° және 45° аралығындағы
диапазонда реттеуге болады.
Маңызды реттеу параметрлері бұрыштық тіректегі (7)
тиісті белгілермен белгіленген. 0° мен 45° күйлері тиісті
шектік тірекпен қамтамасыз етіледі.
– Бұрыштық тіректің бекіткіш бұрандаларын (16)
жинақтағы алты қырлы дөңбек кілтпен (12) (8 мм)
босатыңыз.
– Қажетті бұрышты орнатып, екі бекіткіш бұранданы
(16) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Бұрыштық тіректі жылжыту (D − E суреттерін
қараңыз)
Егер ені 140 мм шамасынан ұзын болған
дайындамаларды ажыратпақшы болсаңыз, бұрыштық
тіректі (7) артқа жылжытуға болады.
– Бекіткіш бұрандаларды (16) жинақтағы алты қырлы
дөңбек кілтпен (12) (8 мм) толықтай бұрап
шығарыңыз.
– Бұрыштық тіректі (7) қажетті арақашықтықта бір
немесе екі айналымға артқа жылжытыңыз.
– Қажетті бұрышты орнатып, екі бекіткіш бұранданы
(16) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Дайындаманы бекітіңіз
Оптималды жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
дайындаманы әрдайым бекем қысу керек.
Қатты қысуға өте кіші болған дайындамаларды
өңдемеңіз.
Дайындаманы бекіту (E суретін қараңыз)
– Дайындаманы бұрыш панеліне (7) қойыңыз.
1 609 92A 5UH | (05.10.2020)
– Бекіту шпинделін (8) дайындамаға жылжытып оны
шпинделі тұтқасы (10) көмегімен дайындаманы
қысыңыз.
Дайындаманы (қимасы макс. 40 x 40 мм) дайындама
тіреуішінде бекітіңіз (F−H суреттерін қараңыз)
– Бұрыш панелінде (7) 0° стандартты еңіс бұрышын
реттеңіз.
– Дайындама тіреуішін (15) аз көтеріп оны бұрыш
панеліндегі саңылаудан өткізіңіз.
– Дайындама тіреуішінің ілмегін бұрандама қысқыш
тесігіне (14) асып қойыңыз.
– Дайындаманы дайындама тіреуішіне (15) қойыңыз.
– Бекіту шпинделін (8) дайындамаға жылжытып оны
шпинделі тұтқасы (10) көмегімен дайындаманы
қысыңыз.
Дайындама тіреуіші бұрандама қысқышында
u
бекем бекітілгенін және дайындаманы қойғанда
аунамауын қамтамасыз етіп.
Дайындама биіктігі дайындама тіреуішінде макс.
u
40 мм болуын қамтамасыз етіңіз. Биігірек
дайындамаларды қатты қысуға болады.
Дайындама тіреуіші пайдаланудан соң толығымен
u
бұрыш панеліне кері жылжуын қамтамасыз етіңіз.
Алдында тұрған ілмек дайындаманың қатты
тұруының алдын алады.
Дайындаманы босату
– Шпиндель тұтасын босатыңыз (10).
– Жылдам құлпын ашуды (9) ашып бекіту шпинделін (8)
дайындамадан тартыңыз.
Қолданысқа енгізу
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
зарядтау құралының зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген зарядтау құралдарымен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Пайдаланудан бұрын кескіш дискіні тексеріп
u
шығыңыз. Кескіш диск ақаусыз орнатылуы және
еш кедергісіз айналуы қажет. Сынақ жұмысын 30
секунд ішінде жүктемесіз орындаңыз.
Зақымдалған, домалақ емес немесе дірілдейтін
кескіш дискілерді пайдаланбаңыз. Зақымдалған
кескіш дискілер жарылып, жарақаттануға әкелуі
мүмкін.
Қорғасын бояу, минералдар және металдар сияқты
кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиян келтіруі
мүмкін. Шаңның тиюі немесе жұтылуы пайдаланушыда
немесе жанындағы адамдарда аллергиялық
реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының
ауруларын тудыруы мүмкін.
Белгілі бір металл шаңы, әсіресе мырыш, алюминий
немесе хром сияқты қорытпалармен бір тіркесте қауіпті
болып табылады. Асбест қамтитын материалды тек қана
техник мамандар өңдеуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілгеніне көз жеткізіңіз.
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido