Қауіпсіздік Нұсқаулары - Bosch PRA MultiPower Manual Original

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 26
OBJ_BUCH-2386-001.book Page 133 Monday, February 9, 2015 11:37 AM
– қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз
– қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
Шекті күй белгілері
– тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы
– өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
– құрғақ жерде сақтау керек
– жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің
әсерінен алыс сақтау керек
– сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан
қорғау керек
– орамасыз сақтау мүмкін емес
– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін
МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген
механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады
– босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды
пайдалануға рұқсат берілмейді.
– тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150
(5 шарт) құжатын оқыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
ЕСКЕРТУ
және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе
ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтары мен нұсқауларды
сақтап қойыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланған „Радио" сөзі
желіден істейтін радиоларға (штекерлік қуат блогымен)
және аккумуляторлық радиоларға (штекерлік қуат
блогынсыз) қатысты.
 Жұмыс орнын таза және жақсы жарықталған
жағдайда ұстаңыз. Тәртіп немесе жарық болмаған
жұмыс аймақтары жазатайым оқиғаларға алып келуі
мүмкін.
 Штекерлік қуат блогының желі штекері розеткаға
сай болуы қажет. Айырды өзгерту мүмкін емес.
Радиолармен штекер адаптерлерін пайдаланбаңыз.
Өзгертілмеген штекер және жарамды розеткаларды
пайдалану электр тоғының соғу қауіпін төмендетеді.
 Штекерлік қуат блогының кабелін орынды
қолданыңыз, радионы тасымалдау, асып қою
немесе штекерін розеткадан шығару үшін
пайдаланбаңыз. Электр сымын жоғары
температурадан, майдан, өткір қырлардан, электр
құралының қозғалмалы бөлігінен қорғаңыз.
Зақымдалған немесе шиеленіскен кабель электр
тоғының соғу қаупін арттырады.
 Радионы желі қосқышымен пайдалансаңыз,
штекерлік қуат блогының қосу кабелін толық
шығарыңыз. Әйтпесе, қосу кабелі қызып кетуі мүмкін.
Bosch Power Tools
 Желі штекерін кез келген уақытта шығару
мүмкіндігінің болатынына көз жеткізіңіз. Радионы
тек желі штекерін тартып қана тоқтан ажырату мүмкін.
Радио мен штекерлік қуат блогын ылғал мен
жаңбырдан сақтаңыз. Радиоға немесе
штекерлік қуат блогына су кірсе, ол электр
тоғының соғу қауіпін арттырады.
 Радио немесе штекерлік қуат блогын таза ұстаңыз.
Құралдың ластануы тоқ соғуы қауіпін туындатады.
 Әр пайдаланудан алдын радионы, штекерлік қуат
блогын, кабельді және штекерді тексеріңіз. Ақауды
байқасаңыз радионы пайдаланбаңыз. Радионы
немесе штекерлік қуат блогын өзіңіз ашпаңыз, оны
тек білікті маманға және түпнұсқалы бөлшектермен
жөндетіңіз. Зақымдалған радио, штекерлік қуат блогы,
кабель және айыр электр тоғының соғу қауіпін
арттырады.
 Бұл радио балалардың, дене немесе ой қабілеттері
шектелген немесе тәжірібесі және білімі аз
адамдардың пайдалануына арналмаған. Осы
радионы 8 жастан асқан балалардың және дене,
сезім, ойлау қабілеттері шектелген, не тәжірибесі
мен білімі аз адамдардың жүйені қауіпсіз
пайдалану туралы нұсқауынсыз және жауапты
адамның бақылауынсыз пайдалануы аса қауіпті.
Кері жағдайда дұрыс пайдаланбаудан жарақаттанулар
қауіпі пайда болады.
 Пайдалану, тазалау және қызмет көрсету кезінде
балаларды бақылаңыз. Балалардың радиомен
ойнамауына көз жеткізіңіз.
 Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі
бар.
Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-
ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан
және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қаупі бар.
 Қолданылмайтын аккумуляторды қағаз
қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден,
инелерден, бұрандалардан немесе контакттарға
бөгет ете алатын басқа металл заттардан алыс
жерде сақтаңыз. Аккумулятор контакттар арасындағы
қысқа мерзімді тұйықталу себебінен күйіп қалу немесе
өрт пайда болуы мүмкін.
 Дұрыс пайдаланбаған аккумулятордан сұйықтық
ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ тигенде,
тиген жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе,
медициналық көмек алыңыз. Аккумулятордағы
сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі мүмкін.
 Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс
пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл
жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар
болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс
алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
 Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші
көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз.
Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне
жарайды және оны басқа аккумуляторларды зарядтау
үшін пайдаланса, өрт себебі болуы мүмкін.
Қaзақша | 133
1 609 92A 12F | (9.2.15)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

9945405524

Tabla de contenido