• Электр қоректендіру бауын есік қуыстарында
немесе жылу көздерінің жанында тартпаңыз. Электр
бауының бұралмағанын және иілмегенін, үшкір
заттарға, бұрыштар мен жиһазға тимегенін
қадағалаңыз.
ЖАДЫҢЫЗДА БОЛСЫН: электр қоректен-
діру кабелі зақымдалуы кепілдік шартта-
рына сәйкес келмейтін ақауларға, сонымен
қатар электр тоғына ұрынуға әкеліп
соқтыруы мүмкін.
• Құралды тек қақпағы жабық күйінде қолдануға
рұқсат беріледі.
• Азық салынған табақты жұмсақ және ыстыққа
төзбейтін бетке орнатпаңыз, оны жұмыс кезінде
жаппаңыз, бұл құрылғының жұмысының бұзылуына
және сынуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
• Аспапты ашық ауада пайдалануға тыйым салынады:
құрылғы корпусының ішіне су немесе бөгде
заттардың түсуі оны қатты зақымдауы мүмкін.
130
• Аспапты тазалар алдында оның электр желісінен
өшіріліп, толық суығанына көз жеткізіңіз. Аспапты
тазалау бойынша нұсқауларды қатаң ұстаныңыз.
Аспап корпусын суға батыруға ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ немесе оны ағып тұрған су
астына қою!
• Бұл аспап физикалық, жүйке немесе психикалық
ауытқулары бар немесе тәжірибесі мен білімі
жетіспейтін адамдардың (оның ішінде балалардың)
қолдануына арналмаған, мұндай тұлғалар
қадағаланып, олардың қауіпсіздігі үшін жауап
беретін тұлға осы аспапты қолдануға қатысты
нұсқау жасалған жағдайлардан басқа. Балалардың
аспаппен, оның жинақтаушыларымен, сонымен
қатар зауыттық орамымен ойнауына жол бермеу
мақсатында қадағалап отыру қажет. Құрылғыны
тазалау және қызмет көрсетуді балалар ересектердің
қарауынсыз жасамауы тиіс.
• Аспапты өздігіңізбен жөндеуге немесе құрылымына
өзгеріс енгізуге тыйым салынады. Қызмет көрсету