66 | Қазақ
Монтаждау
Батареяларды енгізу/алмастыру
Тексеру камерасы үшін сілтілі-марганец батареяларын
пайдалануға кеңес беріледі.
Батарея бөлімінің қақпағын (12) ашу үшін бекіткішті (13)
басып, батарея бөлімінің қақпағын (12) ашыңыз. Батарея
бөлімін (11) шығарып, батареяларды салыңыз. Батарея
бөлімінің (11) ішіндегі көрсетілімге сәйкес полюстердің
дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз. Батарея
бөлімін (11) тірелгенше ішке кіргізіп, батарея бөлімінің
қақпағын (12) жабыңыз.
Батареялардың заряд деңгейі төмен болса, дисплейде
алдымен
белгісі жанады. Батарея белгісі жанбаса,
батареяларды алмастыру қажет, тексерістер орындау
мүмкін болмайды.
Барлық батареяларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір
өндірушінің және қуаты бірдей батареяларды
пайдаланыңыз.
Тексеру камерасын ұзақ уақыт пайдаланбайтын
u
жағдайда ішінен батареяларды шығарып алыңыз.
Ұзақ уақыт сақталған батареяларды тот басуы және
олардың заряды өздігінен таусылуы мүмкін.
Камера кабелін монтаждау
(A суретін қараңыз)
Тексеру камерасын пайдалану үшін камера кабелін (7)
қол құрылғысына (1) монтаждау керек.
Камера кабелінің (7) ашасын камера жалғағышына (14)
тірелгенше енгізіңіз.
Камера кабелін бөлшектеу
(B суретін қараңыз)
Камера кабелін (7) шығару үшін бекіткішті (15) қысып,
ашаны қол құрылғысынан (1) тартып шығарыңыз.
Айна, магнит немесе ілгекті орнату
(C суретін қараңыз)
Айнаны (18), магнитті (16) және ілгекті (17) көмекші
құрал ретінде камера бастиегіне (8) монтаждауға
болады.
3 көмекші құралдың бірін, суретте көрсетілгендей,
камера бастиегіндегі (8) ойыққа тірелгенше енгізіңіз.
Нұсқау: магнит (16) және ілгек (17) тек бос тұрған, кіші
және жеңіл заттарды жылжыту немесе алып тастау үшін
жарамды. Тарту күші тым қатты болғанда, тексеру
камерасы немесе көмекші құрал зақымдалуы мүмкін.
Пайдалану
Қол құрылғысын (1) және батареяларды ылғал мен
u
тікелей күн сәулесінен қорғаңыз. Тиісінше
монтаждалған камера кабелі мен камера бастиегі су
өткізбейді. Алайда қол құрылғысы мен батареялар
судан қорғалмаған, оларға су тисе, ток соғу немесе
зақым келтіру қаупі туындайды.
1 609 92A 63C | (04.11.2020)
Камера бастиегіндегі (8) объектив буланған
u
жағдайда, тексеру камерасын қолданбаңыз.
Тексеру камерасын ылғал буға айналып кеткеннен
кейін ғана қосыңыз. Кері жағдайда тексеру камерасы
зақымдалуы мүмкін.
Қосылған шам (9) жұмыс барысында қызып кетуі
u
мүмкін. Күйіп қалмау үшін шамға тимеңіз.
Тексеру камерасына айрықша температура немесе
u
шұғыл температура өзгерістері әсер етпеуі тиіс.
Оны, мысалы, автомобильде ұзақ уақытқа
қалдырмаңыз. Үлкен температура өзгерістерінің
жағдайында алдымен тексеру камерасын пайдаланбас
бұрын оның температурасын қалпына келтіріңіз.
Қолданысқа енгізу
Қосу/өшіру
Тексеру камерасын қосу үшін қосу/өшіру түймесін (2)
басыңыз. Дисплейде (5) басты бет экраны қысқа уақытқа
көрсетіледі.
Нұсқау: егер құрылғыны қосқан кезде камера кабелі
монтаждалмаған болмаса, дисплейде қате туралы хабар
көрсетіледі.
Тексеру камерасын өшіру үшін қосу/өшіру түймесін (2)
қайтадан басыңыз.
Егер шамамен 20 минут ішінде тексеру камерасында
ешқандай түйме басылмаса, ол батарея зарядын сақтау
үшін автоматты түрде өшіп қалады.
Камера бастиегіндегі шамды реттеу
Камера көрсетілімін жарықтандыру үшін шам
бастиегіндегі шамды (9) қосуға және жарықтықты
реттеуге болады.
Жарықтық 4 деңгей бойынша реттеледі (0 %, 25 %, 50 %,
100 %).
Камера шамын (9) қосып, жарықтықты күшейту үшін
жарықтандыру/жарықтық түймесін (4), қажетті
жарықтыққа қол жеткізгенше, басыңыз.
Шамға (9) тікелей қарамаңыз және шамды басқа
u
адамдарға бағыттамаңыз. Шамның жарығы көзді
шағылыстыруы мүмкін.
Жарықтықты азайту және камера шамын (9) өшіру үшін
жарықтандыру/жарықтық түймесін (4), қажетті
жарықтыққа қол жеткізгенше немесе шам өшкенше,
басыңыз.
Дисплейдегі кескінді үлкейту (масштабтау)
Үлкейту түймесін (6) қысқаша басу арқылы дисплейдегі
кескінді 1,5 есе немесе 2 есе үлкейтуге болады.
Aқ-қара түйме
Aқ-қара түймені (3) қысқаша басу арқылы дисплейді
түрлі-түсті көрініс пен ақ-қара көрініс арасында
ауыстырып қосуға болады. Ақ-қара көріністе, мысалы,
контрастты жақсартуға болады.
Bosch Power Tools