Epson L100 Manual Del Usuario página 54

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 81
4. Сия толтыруды бастау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Ескертпе:
Сия толтыру шамамен 20 минут уақыт алады. Ток көзі жарығы жыпылықтауын тоқтатып,
жанып тұрмағанша принтерді өшірмеңіз.
Сия деңгейлерін тексеру және сия картриджін толтыру
EPSON Status Monitor ішінде сияның ескерту хабары көрсетіліп, сия деңгейі картридждің төменгі
сызығынан төмен түссе сия картриджін толтыруға болады.
1. Epson Printer Utility 4 бағдарламасына кіріңіз.
2. EPSON Status Monitor белгішесін нұқыңыз.
3. Егер сияны толтыру қажет болса, Ink Tank Utility белгішесін нұқыңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Сияны толтыру әдісі туралы мәліметтер алу үшін
принтермен бірге жеткізілген пайдаланушы құжаттамасын қараңыз.
Басып шығару ұштарын тексеру
Егер басып шығарылған қағаз күтпегеніңіздей күңгірт немесе нүктелері жетіспейтінін
анықтасаңыз, басып шығару ұштарын тексеріп, ақаулықты айқындай аласыз.
1. Epson Printer Utility 4 бағдарламасына кіріңіз.
2. Nozzle Check белгішесін нұқыңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Басып шығару ұшын тазалау
Егер басып шығарылған қағаз күтпегеніңіздей күңгірт немесе нүктелері жетіспейтінін анықтасаңыз,
сияның дұрыс жеткізілуін қамтамасыз ететін басып шығару ұшын тазалап, ақаулықты шеше аласыз.
1. Бекіткіштің ашулы күйіне орнатылғанына көз жеткізіңіз.
2. Epson Printer Utility 4 бағдарламасына кіріңіз.
3. Head Cleaning белгішесін нұқыңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Маңызды:
Ұшты тазалаған кезде принтерді өшірмеңіз. Егер ұш толық тазаланбаса, басып шығару
мүмкін болмайды.
Ескертпе:
Егер осы іс рәсімін шамамен үш рет қайталағаннан кейін басып шығару сапасы жақсармаса,
принтерді өшіріп, кем дегенде алты сағат күтіңіз. Егер басып шығару сапасы бәрібір
жақсармаса, сия картридждері ішіндегі сияны ауыстыру үшін Epson Printer Utility 4
бағдарламасындағы Power Ink Flushing белгішесін нұқыңыз.


Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

L200L800

Tabla de contenido