50 | Қазақ
Мысал: есік тесігінің 2 м биіктігіндегі максималды ауытқу:
2 × 2 м × ±0,4 мм/м = ±1,6 мм. Сондықтан Ⅲ мен Ⅳ
нүктелердің аралығы ең көбі 1,6 мм болуы керек.
Пайдалану нұсқаулары
Әрдайым тек лазер сызығының орталығын
u
пайдаланыңыз. Лазер сызығының ені қашықтықпен
өзгереді.
LB 10 ұстағышымен (керек-жарақ) жұмыс істеу (D
−G суреттерін қараңыз)
Ұстағыштың (10) көмегімен өлшеу құралын тік
жазықтықтарға немесе магнитке сезімтал материалдарға
бекітуге болады. Төбелік қысқышпен (14) бірге өлшеу
құралын биіктігі бойынша да туралауға болады.
Өлшеу құралын 1/4 дюймдік штатив бекіткішімен (7)
ұстағыштың 1/4 дюймдік бұрандасына (12) орнатып,
берік бұрап бекітіңіз.
Ұстағыштың (10) бекіту мүмкіндіктері:
– әдеттегі бекіткіш бұранданың көмегімен ағаштағы
бұрандалы саңылау (13) арқылы (E суретін қараңыз),
– магниттердің (11) көмегімен магнитті материалдарға
(F суретін қараңыз),
– төбелік қысқыштың (14) көмегімен төбе планкаларына
(G суретін қараңыз).
Магниттік керек-жарақты үстіңгі беттерге бекіткен
u
кезде саусағыңызды керек-жарақтың артқы
жағынан алшақ ұстаңыз. Магниттің қатты тарту
күшінің салдарынан саусағыңыз қысылып қалуы
мүмкін.
Өлшеу құралын қосудан бұрын ұстағышты (10) дөрекі
бағыттаңыз.
Лазер нысандық тақтасымен жұмыс істеу (керек-
жарақ)
Лазер нысандық тақтасы (16) қолайсыз жағдайда және
ұзақ қашықтықтарда лазер сызығының көрінісін
жақсартады.
Лазер нысандық тақтасының қайтаратын жазықтығы (16)
лазер сызығының көрінуін жақсартып, мөлдір жазықтығы
арқылы лазер сызығы лазер нысандық тақтасының
артынан да көрінеді.
Штативпен жұмыс істеу (керек-жарақ)
Штатив тұрақты және биіктігі реттелетін өлшеу табаны
болады. Өлшеу құралын 1/4" штатив патронымен (7)
штативтің (17) немесе стандартты фотоштативтің
бұрандасына орнатыңыз. Өлшеу құралын штативтегі
құлыптау бұрандасымен бекітіңіз.
Өлшеу құралын қосудан алдын штативті бағыттаңыз.
Әмбебап ұстағышпен бекіту (керек-жарақ)
Әмбебап ұстағыштың (15) көмегімен өлшеу құралын,
мысалы, тік аймақтарға немесе магнитті материалдарға
бекітуге болады. Әмбебап ұстағыш едендік штатив
ретінде де пайдаланылады және өлшеу құралының
биіктік бойынша туралануын оңтайландырады.
1 609 92A 607 | (14.01.2021)
Өлшеу құралын қосудан алдын әмбебап ұстағышты (15)
дөрекі бағыттаңыз.
Лазер көру көзілдірігі (керек-жарақ)
Лазер көру көзілдірігі қоршау жарықтығын сүзгілейді.
Осылай лазер жарығы көз үшін жарқынрақ болады.
Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) қорғаныш
u
көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру
көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін
қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды.
Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) күннен
u
қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол
қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру
көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық
қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу
қабілетін азайтады.
Жұмыс мысалдары (H−K суреттерін қараңыз)
Өлшеу құралын пайдалану мүмкіндіктерінің мысалдары
суреттер беттерінде берілген.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Өлшеу құралын таза ұстаңыз.
Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға
батырмаңыз.
Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Лазер шығыс тесігіндегі аймақтарды сапалы тазалайтын
қылшықтарға назар аударыңыз.
Өлшеу құралын тек қорғайтын қабында (20) сақтаңыз
және тасымалдаңыз.
Жөндеу үшін өлшеу құралын қорғау қалтасында (20)
жіберіңіз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық
тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға
зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және
Bosch Power Tools