190 | Қазақ
Қорғаныш сүзгі қабын орнату
– Құлыптарды (13) ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін
(12) ашыңыз.
– Қорғаныш сүзгі қабын (26) толтыру саңылауымен
бірге алға қарай контейнер (1) ішіне енгізіңіз.
– Толтыру саңылауын жалғағыш фланецтен оның
қуысына дейін тартыңыз.
– Қорғаныш сүзгі қабының (26) қара түсті пластик қабы
контейнердің (1) ішкі қабырғаларымен толықтай
жанасқанына көз жеткізіңіз.
– Төменгі қысымды теңестіру саңылауының
контейнерде орналасқанына көз жеткізіңіз.
– Қара түсті пластик қаптың қалдығын контейнер (1)
шетінен қағыңыз.
– Шаңсорғыштың жоғары бөлігін (12) орнатып
құлыптарды (13) жабыңыз.
Қорғаныш сүзгі қабын шығару және құлыптау
– Контейнерді (1) шаңсорғыш жалғағышына арналған
тығынмен (2) жабыңыз.
– Құлыптарды (13) ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін
(12) ашыңыз.
– Толы қорғаныш сүзгі қабын (26) жалғағыш фланецтен
артқа қарай тартып шығарыңыз.
– Қорғаныш сүзгі қабының саңылауы үстіндегі
пластинаны жылжыту арқылы саңылауды құлыптаңыз.
– Қара түсті пластик қапты берілген қамытпен берік
құлыптаңыз.
– Төменгі қысымды теңестіру саңылауының жанындағы
жапсырманы тартып шығарыңыз да, саңылауды
құлыптаңыз.
– Құлыптанған қорғаныш сүзгі қабын зақымдамай, оны
контейнерден (1) ақырындап шығарыңыз. Қорғаныш
сүзгі қабының жалғағыш фланецке немесе басқа өткір
заттарға тимегеніне көз жеткізіңіз.
– Контейнерді (1) стандартты абразивті емес тазалағыш
құралмен тазалап, кептіріңіз.
Резеңке жиекті орнату (ылғалды сору) (E
суретін қараңыз)
Нұсқау: өткізу деңгейіне қойылатын талаптар (H шаң
класы) құрғақ сору функциясы үшін ғана расталды.
– Қылшақты жолды (31) арнайы құралдың көмегімен
едендік саптамадан (32) көтеріп алыңыз.
– Резеңке жиекті (30) едендік саптамаға (32) салыңыз.
Нұсқау: резеңке жиектерінің құрылымды жағы сыртқа
қарап тұруы керек.
L-Boxx шерту (F суретін қараңыз)
– L-Boxx патрондарын (11) шертіңіз.
Шаңсорғышты тасымалдау және шаңсорғыш керек-
жарақтарын және/немесе электр құралын бос орынды
үнемдеп сақтау үшін шаңсорғыштың жоғарғы бөлігінде L-
BOXX шертуге болады.
1 609 92A 71M | (01.12.2021)
Шаңсорғышты шертілген L-BOXX тұтқасынан
u
көтермеңіз. Шаңсорғыш L-BOXX тұтқасы үшін өте
ауыр болып табылады. Жарақаттану мен зақымдану
қаупі бар.
Пайдалану
Құрылғыны реттеу, жабдық бөлшектерін
u
алмастыру немесе шаңсорғышты алып қоюдан
алдын айырды розеткадан шығарыңыз. Осы сақтық
шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол
бермейді.
Шаңсорғышты пайдаланған кезде оны кенет домалап
кетуден қорғау үшін шаңсорғыштағы реттегіш
роликтердің бұғатталғанына көз жеткізіңіз. Роликтердің
жұмысқа қабілеттілігін тиісті бетпен жұмыс істеу алдында
сынап көріңіз.
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
шаңсорғыштың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
Еліңізде денсаулыққа зиянды шаңдар бойынша
u
қолданылатын ереже/заңдар туралы мәлімет
алыңыз.
Сорғышты төмендегі материалдарды сору үшін
пайдалануға болады:
– Әсер етудің шектік мәні < 0,1 мг/м
Шаңсорғышты ешқашан жарылу қаупі бар бөлмелерде
пайдаланбаңыз.
Оңтайлы сору қуатын қамтамасыз ету үшін сорғыш
шлангіні (25) шаңсорғыш жоғарғы бөлігінен (12) толық
алыңыз.
Құрғақ сору
Жиналған шаңды сору
– Ауа ағынын реттегішті (6) пайдаланылған шланг
диаметріне сай реттеңіз.
– Шаңсорғышты іске қосу үшін, жұмыс
режимдерін ауыстырып-қосқышты (7)
"Cору" белгісіне жылжытыңыз.
– Шаңсорғышты өшіру үшін, жұмыс
режимдерін ауыстырып-қосқышты (7)
"Өшіру" белгісіне жылжытыңыз.
Шаңсорғыш ауа ағынын бақылау құралымен
жабдықталған. Ауа ағынын бақылау құралы "Сору" жұмыс
режимінде 20 м/с шамасына реттелген, бұл ауа ағынын
реттегіштің (6) күйіне байланысты болмайды.
Егер бұл мән төмендесе, мысалы, сорғыш шлангідегі
сорылған, толған қорғаныш сүзгі қабы немесе қосылған
жалпақ қатпарлы сүзгі себебінен, дыбыстық ескерту
сигналы беріледі. Бұл жағдайда шаңсорғышты өшіріп,
"Ақаулықтарды жою" тарауында сипатталғандай
тексеріңіз.
3
болған шаң
Bosch Power Tools