Lumme LU-2101 Manual De Instrucciones página 18

Tabla de contenido

Publicidad

 Құрылғыны желіге қосылып тұрғанда ашуға болмайды. Аспаптың айналмалы бөліктеріне тимеңіз! Аспапты Сіз қолданбасаңыз да, сонымен қатар тазалар
алдында қоректендіру желісінен үнемі өшіріп тұрыңыз.
 Электр тоғына ұрынбау үшін аспапты суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
 Аспапты жұмсақ бетке орнатпаңыз, жұмыс кезінде үстіне мата немесе басқа материалдар жаппаңыз. Бұл желдетуді қиындатып, аспаптың сынуына әкеліп
соқтыруы мүмкін.
 Балалардың аспапты қолдануына рұқсат етпеңіз.
 Қосулы аспапты қараусыз қалдырмаңыз.
 Осы аспаптың жинағына кірмейтін керек-жарақтарды қолданбаңыз.
 Аспапқа азық-түлік қоймаңыз.
 Қоректендіру бауының үшкір шеттер мен ыстық беттерге тимегенін қадағалаңыз.
 Аспапты ыстық газ немесе электр плитаға немесе жылу көздерінің қасына қоймаңыз.
 Пышақпен абай болыңыз – ол өте өткір.
 Ауызға азық-түлікті саусақпен итермеңіз, ол үшін итергіш қолданыңыз.
 Егер азық-түлік жүктеу аузында тұрып қалса, аппаратты өшіріп, жүздердің толық тоқтағанын күтіңіз де, оны желіден ажыратып, тұрып қалған заттарды
шығару үшін ашыңыз.
 Тасымалдау барысында аппаратты жүктеу ұяшығынан немесе жүктеу аузынан ұстамаңыз. Аппаратты екі қолмен корпусынан ұстаңыз.
 Шұжықшалар мен кеббенеге арналған саптамаларды қолдануда пышақ пен торларды орнатыңыз.
 Электр бауы зақымдалған аспапты қолданбаңыз.
 Ет тартқышта қатты азық-түлікті үгітпеңіз (сүйек, зімбір, жаңғақтар және т.б.)
 Ҥздіксіз жҧмыстың кеңес берілген ең көп уақыты – кем дегенде 15 минут міндетті ҥзіліспен 10 минуттан асырмай.
 Егер қозғалтқышты қызудан қорғау жүйесі іске қосылса, аспап толық суығанша оны қоспаңыз.
 Аспапты өздігіңізден жөндеуге тырыспаңыз. Аспап жұмысында ақаулар анықталған жағдайда жақын жердегі сервистік орталыққа жолығыңыз.
 Аспапты қолдану барысында ет тартқыштың блогында кішігірім люфт болады, бұл ақау болып табылмайды.
 Қозғалысты тоқтату үшін бекіткіш сақинаны қатты бұрамаңыз, бұл оның сынуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
 Ет тартқыштың алынбалы металл бөлшектері (шнек, торлар, пышақ) қолданған соң тотығуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдайда және ақау болып табылмайды.
АЛҒАШ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА
 Аспапты ашып, барлық жапсырмаларды алып тастаңыз.
 Аспаптың барлық құрамдастарының барын және зақымдардың жоғын тексеріңіз.
 Аспапты «Тазалау және күту» тарауына сәйкес тазартыңыз. Моторлық блокты суға салмаңыз.
 Жинар алдында аспаптың барлық бөліктері кебуі тиіс.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҤТУ
 Ет тартқышты өшіріп, қозғалтқыштың толық тоқтағанына көз жеткізіңіз.
 Аспапты электр желісінен ажыратыңыз.
 Жинаудың кері тәртібінде ашыңыз.
 Алынбалы блоктың бекіткіш-түймешігін басып, ет тартқыштың блогын сағат тілімен бұрып, моторлы блоктан ажыратыңыз.
 Ет тартқыштың барлық бөлшектерін пайдаланған соң бірден тазартыңыз.
 Моторлы блок, электр қоректендіру бауы мен ашаны суға батырмаңыз. Моторлы блокты дымқыл матамен сүртіңіз.
 Ет тартқыштың азық-түлікке тиген барлық бөлшектерін жуу құралымен жылы суға жуыңыз.
 Тазалау үшін абразивті және хлорлы заттар немесе органикалық еріткіштер қолданбаңыз.
 Аспаптың металл бөліктерін (торлар, пышақ, шнек, бекіткіш бұранда, ұяшық, алынбалы блок) ыдыс жуғыш мәшинеде жумаңыз!
 Ет тартқыштың металл бөліктерін жуу үшін 40℃-ден жоғары температуралы ыстық су қолданбаңыз, өйткені бұл олардың тотығуын тездетеді.
18

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido