Bosch GSR 18 V-EC TE Professional Manual Original página 105

Ocultar thumbs Ver también para GSR 18 V-EC TE Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

OBJ_BUCH-1908-003.book Page 105 Thursday, October 6, 2016 9:51 AM
Аккумуляторды шешу
Аккумулятордың 9 екі бекіту басқышы бар, олар
аккумудяторды ашу пернесі 10 кездейсоқ басылып
аккумулятор түсіп кетуінен сақтайды. Аккумулятор электр
құралында орнатулы болса, оны серіппе жайында ұстап
тұрады.
Аккумуляторды 9 шығару үшін ашу пернесін 10 басып,
аккумуляторды электр құралынан алға тартып
шығарыңыз. Тартқан кезде күш салмаңыз.
Жұмыс құралын ауыстыру (А суретін
қараңыз)
 Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.
Тереңдік тірегін 4 алға тартыңыз. Бұрауыш ұштығын 1
шешіңіз. Қажет болса,әмбебап ұштық ұстағышын 13 да,
шешіп алмастыруға болады.
Құралды алмастырудан соң тереңдік тірегін 4 қайта
орнатыңыз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
 Тек электр құралыңыздың зауыттық
тақтайшасында белгіленген қуатты түпнұсқалық
Bosch литий-иондық аккумуляторын
пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды пайдалану
жарақаттану және өрт қаупін тудыруы мүмкін.
Ескертпе: Электр құралыңызға арналмаған
аккумуляторды пайдалану қате жұмыс істеуіне немесе
электр құралының зақымдануына алып келуі мүмкін.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын 5 ұяшыққа
бекітілгенін және ұяшыққа берік тиіп тұрғанын сезгенше
салыңыз. Зарядталған аккумуляторды 9 разъемға
бекітілгенін және разъемға тығыз тиіп тұрғанын сезгенше
салыңыз.
Айналу бағытын орнату
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышының 5 көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ
қосқышты/өшіргішті 7 басқанда бұл мүмкін емес.
Оңға айналу: Pеверсивті ауыстырып-қосқышты 5 екі
жаққа орнында тірелгенше жылжытыңыз
Bosch Power Tools
Солға айналу: Pеверсивті ауыстырып-қосқышты 5 екі
жаққа орнында тірелгенше жылжытыңыз
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті 7 басып
тұрыңыз.
Жарық диоды 12 косқыш/өшіргішті 7 жартылай немесе
толық басылғанда жанып жетерлік жарықтық жағдайында
бұрап кіргізу жайын жарықтандырады.
Басылған қосқыш/өшіргішті 7 құлыптау үшін құлыптау
пернесін 6 басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, қосқыш/өшіргішті 7 жіберіңіз
немесе құлыптау пернесімен 6 құлыптанған болса,
қосқыш/өшіргішті 7 қысқа уақыт басып жіберіңіз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Айналу моментін орнату
Қосқышты/өшіргішті 7 басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті 7 жай басқанда, электр құрал
төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші
артқанда айналымдар саны артады.
Бұрап кіргізу тереңдігін реттеу (В суретін қараңыз)
Реттеу төлкесімен 3 бұрауыш басының дайындамаға
бұрап кіргізу тереңдігін әр айналмада 8 бекітілетін
басқышта алдын ала реттеуге болады. Әрбір басқыш
бұрап кіргізу тереңдігін 0,25 мм-ге өзгертеді.
Реттеу төлкесін 3 сағат тілімен айналдыру бұрап кіргізу
тереңдігін арттырады, сағат тіліне қарсы айналдыру бұрап
кіргізу тереңдігін кемітеді.
Қажетті тереңдікке сынақ бұраумен жетуге болады.
Температураға байланысты артық жүктеу қорғанысы
Тағайындалу бойынша қолдануда электр құралы артық
жүктелмейді. Қатты жүктелуде немесе рұқсат етілген
аккумулятор температурасының аймағынан артып кетсе
айналмдар саны төменделеді. Электр құралы аккумулятор
рұқсат етілген температураға жеткеннен соң толық
айналымдар санымен жұмыс істейді.
Терең заряд жоғалту қорғанысы
Литий-иондық аккумулятор „Electronic Cell Protection
(ECP)" арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған.
Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс
схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа
қозғалмайды.
Пайдалану нұсқаулары
 Электр құралды шурупқа тек өшірілген күйде
қойыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары сырғып
кетуі мүмкін.
Бұранданы бұрауыш ұштығына 1 енгізіңіз. Бұранда
әмбебап ұштық ұстағышының 13 магнит күшімен
ұсталады. Бұранда ұшын қатты бекітілетін заттекке бұрап
кіргізуде тереңдік тірегі 4 дайындамада берік орнағанша
басыңыз.
.
Қaзақша | 105
.
1 609 92A 2DB | (6.10.16)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Professional gsr 18 v-ec te

Tabla de contenido