Bosch GardenPump18V-2000 Manual Original página 129

Ocultar thumbs Ver también para GardenPump18V-2000:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 22
кесіп, құбыршек желдеткіші бар жалғастырғышты (5)
қалған жалғастырғыш құбыршегіне қайта орнатыңыз.
Құбыршектік желдеткішін (5) жалғастырғыш
құбыршекпен бірге құбыршек өткізушісіндегі (4)
бекітпеге енгізіңіз.
Жалғастыру құбыршектің артық болған бөлшектерін
кеспей-ақ, осы артық бөлшектерін шығып тұрған қалыпта
қалдыруыңызға да болады. Алайда, құбыршек желдеткіші
тек қана құбыршек өткізушінің ол үшін қарастырылған
жерде орнатылғанда жұмыс істей алатынына назар
аударыңыз.
Жалғастыру құбыршегін және кабелін
жалғастыру (E және K суреттерін қараңыз)
Басқару құрылғысының төменгі жағындағы 2-полюстік
желілік айырын саңылауға қарай бағыттап,
жалғастырғышқа толығмен енгізіліп орнатылғанына дейін
айырды басып тұрыңыз.
Штепсельдік айырды қауіпсіздендіру үшін және судың
кіруін болдырмау үшін салмалы сомынын жалғастырғыш
үстінен бұраңыз.
Жалғастырып біріктіру құбыршектің (6) әмбебап
жалғастырғышын (7) сорғыдағы құбыршек
жалғастырғыш (12) үстінен енгізіңіз.
Сорғыны жауын су шаны ішіне орнату және
бақ құбыршегін жалғастыру (F суретін
қараңыз)
Сорғыны орнатылған жалғастыру құбыршек арқылы суға
тайғызып енгізіп жіберіңіз.
Сорғыны суға енуін жеңілдету үшін, сорғы желдету
жүйесімен жабдықталған. Сорғы іске қосылып, жұмыс
істеп тұрғанда шұра желдетуді бөгеттеп қояды. Сорғы
шайқалғанда шұра арқылы шуылдар пайда болады.
Құбыршек өткізушісін жауын су шанның шетіне іліп
қойып, сорғы осы сорғы үшін қарастырылған позицияда
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Бақ құбыршегін саудада ұсынылатын жалғастырғыш
құбыршекпен құбыршектік желдеткіші бар
жалғастырғышпен (5) бекітіп қойыңыз.
Нұсқау: Автоматтық түрде тоқтатылатын жалғастырғыш
құбыршегін қолданбаңыз, себебі оның әсерінен өткізу
өнімділігі азайып кетуі мүмкін.
Жабылып қойылған жауын су шанымен
қолдану
Сорғы жабылып қойылған жауын су шандарымен
пайдалана алынады. Құрал нұсқасына қарай отыра су
шанындағы кабель мен құбыршек үшін қарастырылған
жалғастыру жерлерін пайдаланыңыз. Кейбір
жағдайларда саңылауларды ойып кесіп дайындау керек
болады. Ешбір өткір бұрыштардың болмауына көз
жеткізіңіз.
Bosch Power Tools
Аккумуляторды енгізу (L суретін қараңыз)
Басқару үстелін  ашу үшін алдымен тұйықтаушы
қапсырмасын  жоғарығы қарай бұрап, одан кейін басқару
үстелінің қақпағын төменге қарай серпіңіз.
Аккумуляторды  жоғарыдан басқару үстеліне толығымен
енгізілгенше дейін итеріңіз.
Қақпақты жауып, тұйықтаушы қапсырмасы төменге қарай
бұраңыз. Сорғы басқару үстелі тұйықтаушы қапсырмасы
арқылы бұғатталып қойылғанда ғана іске қосыла
алынады.
Құрастырып орнату жұмыстарын аяқтау (M
суретін қараңыз)
Ішіне балалар немесе жануарлардың түсіп кетуін
болдырмау үшін, жауын суын жинайтын шанның әрқашан
қақпақпен немесе осыған ұқсас бір затпен жабылып
қойылып тұруын қамтамасыз етіңіз.
Басқару
Судың сорылуы мүмкін болмай қалған жағдайда сусыз
және құрғақ жүрістен қорғау функциясы сорғыны
автоматты түрде өшіріп қояды.
Қосу/өшіру (N суретін қараңыз)
Сорғыны қосу үшін қосу/өшіру түймешігін  басыңыз.
Қуаттандыру күйін көрсеткіш индикаторы жыпықтайды.
Қуаттандыру күйін көрсеткіш индикаторы
аккумулятордың қуаттандырылу күйін көрсетіп тұрады:
Жарықдиодтық
Жасыл түспен жануы
Сары түспен жануы
Қызыл түспен жануы
Қызыл түспен жыпықтап тұруы Қуатсызданып қалған,
Нұсқау: Ақаулықтарды көрсететін индикаторының жануы
құралда ақаулықтардың бар болуын білдіреді, "Қателер
мен ақаулықтар – себептері мен шешу жолдары" тараун
оқыңыз.
Сорғыны өшіру үшін қосу/өшіру түймешігін қайта
басыңыз.
Таймер функциясы (O суретін қараңыз)
Таймер функциясын іске қосу үшін, сорғы қосылып
тұрған қалыпта болғанда реттеу түймешігін  басыңыз.
Түймешікті бір рет басқаннан кейін сорғының жұмыс
жүрісі 5 минут болады. Түймешікті осыдан кейін әр басу
сорғының жұмыс жүрісін 5 минутке ұзатып отырып,
максималдық жүріс уақыты 15 минуттан аспайтын
болады.
Таңдалып алынған жүріс уақыты лайықты жарықдиодтық
шамы арқылы көрсетіліп тұрады.
Қазақ | 129
Қуаттандырылу күйі
> 50 %
50 % − 20 %
< 20 %
аккумуляторды
шығарып,
қуаттандырып алыңыз
F 016 L94 302 | (23.07.2021)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido