Пайдалану Нұсқаулары; Техникалық Күтім Және Қызмет - Bosch GCG 18V-600 Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GCG 18V-600 Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 24
Егер ажыратқыш (13) өшірілгеннен кейін шамамен
10 секунд ішінде қайта басылса, тісті рейка (7)
максималды жылдамдықпен соңғы жұмыс күйіне
жылжиды. Бұл күйге жеткенде, беріліс қайтадан
реттелген біріліс жылдамдығына бейімделеді.
Ажыратқышты (13) кенет қосылудан құлыптау үшін
құлыпты (14) жоғары жылжытыңыз.
Артық жүктемеден жылу қорғанышы
Рұқсат етілген температурадан артып кетсе картридждік
пресс өшеді. Картридждік прессти суытып қайта
қосыңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Салынатын материал өндірушісінің нұсқауларын
u
ескеріңіз! Белгілі материалдарды тек белгілі
температура аумағында пайдалануға болады немесе
тек қана арнайы табада жағуға болады.
Картридж және деңдік пакеттерді ашып өндіруші
u
нұсқаулары бойынша пайдаланыңыз.
Бүріккіш форсунканы алдын кесіп алыңыз, егер
u
материал пакет және картридж ұстағышында
тұрса.
Иық белдігіне арналған қапсырма құлаудан
u
қорғаныс ретінде қолданылмайды. Иық белдігіне
арналған қапсырманы (9) тек иық белдігін орнату үшін
пайдаланыңыз.
Беріліс жылдамдығын, жағылатын материал бір әрекетте
бірқалыпты орнатылатындай етіп реттеңіз.
Материал жағылатын бет таза, майсыз және құрғақ
болуына көз жеткізіңіз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Қалпақшаны, бүріккіш форсункаларды және пакет пен
картридж ұстағышын, сондай-ақ тісті рейка мен қыспа
дискілерді әр пайдаланғаннан кейін шығын материалы
өндірушісінің нұсқаулары бойынша жақсылап тазалаңыз.
Аккумулятор мен тұтқаны дымқыл шүберекпен тазалауға
болады.
Картридждік пресске қызмет көрсету керегі жоқ және
оның бөлшектерін алмастыру немесе жөндеу керек емес.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
Bosch Power Tools
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы),
міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік
белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық
тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға
зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және
тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша
Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Муратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
Қазақ | 131
1 609 92A 7G3 | (29.03.2022)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido