Қауіпсіздік Техникасы Бойынша Нұсқаулар - Hilti TE DRS-B Manual De Instrucciones

Ocultar thumbs Ver también para TE DRS-B:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 25
1.4
Өнім туралы ақпарат
өнімдері кәсіби пайдаланушыларға арналған және оларды тек қана өкілетті, білікті
қызметкерлер пайдалануы, күтім және техникалық қызмет көрсетуі тиіс. Қызметкерлер қауіпсіздік
техникасы бойынша арнайы нұсқау алуы керек. Өнім мен оның қосалқы құралдарын басқа мақсатта
қолдану немесе олардың оқытылмаған қызметкерлердің тарапынан пайдаланылуы қауіпті.
Түр сипаттамасы мен сериялық нөмір фирмалық тақтайшада берілген.
▶ Сериялық нөмірді төмендегі кестеге көшіріп қойыңыз. Өнім туралы мәліметтерді өкілдігімізге
немесе қызмет көрсету бөлімімізге сұрау беру арқылы алуға болады.
Өнім туралы мәліметтер
Шаң тазартқыш модуль
Буын
Сериялық нөмір
2
Қауіпсіздік
2.1
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
▶ Іске қосу алдында жүйелік өнімдердің пайдалану бойынша нұсқаулықтарын және
қауіпсіздікке қатысты ақпаратын оқып шығыңыз және ұстаныңыз.
▶ Модульді тек 1-суретте көрсетілген электр құралдарымен бірге пайдаланыңыз, әйтпесе жарақат
алу қаупі туындайды.
▶ Өнімді және керек-жарақтарды тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
▶ Өнімде немесе керек-жарақтарда ешқандай манипуляциялар не өзгерістер орындамаңыз.
▶ Өнім кәсіпқой пайдаланушыларға арналған. Өнімді тек өкілетті, білікті қызметкерлер күтуі және
жөндеуі мүмкін! Қызметкерлер қауіпсіздк техникасы бойынша арнайы нұсқау алуы тиіс.
▶ Сақ болыңыз, не істеп жатқаныңызды қадағалаңыз және өніммен жұмыс істегенде ақылды пайда-
ланыңыз. Өнімді шаршап тұрған күйде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсерінде болған кезде
пайдаланбаңыз. Бір сәт зейінсіздік ауыр жарақат алуға әкелуі мүмкін.
▶ Өңдеу арқылы материал жарылуы мүмкін. Бұл сынықтар дене мен көздерге жарақат тигізуі мүмкін.
Өнімді қолдану барысында қорғауыш көзілдірікті, қорғауыш касканы және қорғауыш құлаққапты
киіп жүріңіз.
▶ Электр құралын, саймандарды, көмекші құрылғыларды және т.б. нұсқауларға сай пайдаланыңыз.
Бұл кезде жұмыс жағдайларын және орындалатын жұмыстың сипатын ескеріңіз. Электр құралдарын
басқа мақсаттарда қолдану қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін.
▶ Құлап қалған құралдардан және/немесе керек-жарақтардан жарақат алу қаупі бар. Жұмысты
бастау алдында монтаждалатын керек-жарақтың берік бекітілгенін тексеріңіз.
▶ Суды соруға тыйым салынады.
▶ Ажарлау, егеуқұм қағазымен тазалау, кесу және бұрғылау кезінде пайда болатын шаңның
құрамында қауіпті химиялық заттар болуы мүмкін.
қорғасын негізіндегі бояулар; плитка, бетон және басқа кірпіш қалау өнімдері, табиғи тас және
басқа силикаттық өнімдер; емен, шамшат және химиялық затпен өңделген сүрек сияқты белгілі бір
сүрек түрлері; асбест немесе құрамында асбест бар материалдар.
айналасындағы адамдарға әсер ету дәрежесін өңдеу орындалатын материалдардың қауіп класы
бойынша анықтаңыз. Әсерді қауіпсіз деңгейде сақтау үшін шаң жинайтын жүйелерді пайдалану
немесе арнайы тыныс алу органдарының қорғанысын киіп жүру сияқты қажетті шараларды
қолданыңыз. Әсер ету дәрежесін азайту бойынша жалпы шараларға төмендегілер жатады:
▶ Жақсы желдетілген аймақта жұмыс істеу,
▶ Шаңның ұзақ уақыт бойы тиюіне жол бермеу,
▶ Шаңды көз бен денеден алыстату,
▶ Қорғаныс киімін киіп жүру және әсер етілген жерлерді сумен және сабынмен жуу.
▶ Тиісті қолданыс үшін мүмкіндігінше Hilti ұсынған жарамды шаң жинағышты пайдаланыңыз.
▶ Электрстатикалық потенциалдың пайда болуын болдырмау үшін антистатикалық соратын шлангіні
қолданыңыз.
▶ Адаптерде және құрал бекіткішінің сыртқы беттерінде сұйық май мен майдың жоқтығына көз
жеткізіңіз. Егер TE DRS­B шаңсорғыш модулі майлы және/немесе үстін май басқан бөлшектермен
монтаждалса, TE DRS­B шаңсорғыш модулі істен шығуы мүмкін. Сұйық майлар мен майларды
адаптерден және құрал бекіткішінің сыртқы беттерінен шүберекпен кетіріңіз.
*249449*
249449
TE DRS­B
01
Мысалдары келесідей: қорғасын немесе
Пайдаланушы мен оның
Қазақ
115

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido