Пайдалану Бойынша Нұсқаулар; Техникалық Күтім Және Қызмет; Қызмет Көрсету Және Тазалау - Bosch GBH 18V-40 C Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GBH 18V-40 C Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 34
200 | Қазақ
Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 туралы ақпаратты
жинақтағы пайдалану бойынша нұсқаулықтан қараңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Кіріктірілген Bluetooth® Low Energy Module GCY 42
u
модулі бар электр құралы радио интерфейспен
жабдықталған. Жергілікті пайдалану шектеулерін,
мысалы, ұшақтарда немесе емханаларда
ескеріңіз.
Bluetooth® радио технологиясын пайдалануға
u
болмайтын аймақтарда Bluetooth® Low Energy
Module GCY 42 модулі мен түймелі аккумуляторды
шығарып алу керек.
Нұсқау: қақпақты (15) Bluetooth® Low Energy Module
GCY 42 модулі және түймелі элемент электр құралында
орналасқанда ғана берік жабуға болады.
– Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 модулін
ажырату үшін түймелі элементті айналдырыңыз
немесе оқшаулағышты түймелі элемент пен Bluetooth®
Low Energy Module GCY 42 модулінің арасында
орнатыңыз.
– Лас кірмеуі үшін қақпақты (15) жауып қойыңыз.
Қорғауыш жалғастырғыш
Алмалы-салмалы аспап қысылса немесе ілінсе
u
бұрғылау шпинделіне беріліс тоқтатылады.
Осында пайда болатын күш себебінен электр
құралын екі қолмен қатты ұстап бекем қалыпта
тұрыңыз.
Егер электр құралы тіреліп қалса, электр құралын
u
өшіріп алмалы-салмалы аспапты босатыңыз.
Бұғатталған бұрғылайтын аспапты қосу кезінде
жоғары реактивті күш пайда болады.
Жылдам өшіру (Kickback Control)
Жылдам өшіру (KickBack Control)
электр құралын жақсырақ бақылауға
көмектеседі және осылайша KickBack
Control құралынсыз электр
құралдарымен салыстырғанда
пайдаланушы қорғанысын да
күшейтеді. Электр құралы бұрғы осі
бойынша кездейсоқ және күтілмеген
ретте айналса, электр құралы өшеді,
жылдам өшіру индикаторы (17) қызыл
түспен жанады және жұмыс шамы (11)
жыпылықтайды. Жылдам өшіру
функциясы қосылып тұрғанда, күй
индикаторы (20) қызыл түспен
жыпылықтайды.
– Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (9) жіберіп, қайта
басыңыз.
Electronic Precision Control (EPC)
EPC жүйесі бұрғылау және сезімтал материалдарда
соққымен жұмыс істеген кезде дәлме-дәл жұмыс істеу
үшін қызметтік айналу жиілігін баяу көтеру арқылы
қолдау көрсетеді.
1 609 92A 88X | (24.10.2022)
Айналу жиілігін электрондық басқару құралы
(Adaptive Speed Control) "Қашау" жұмыс режимінде
Бақылау мүмкіндігін жақсарту және
дәл орнатуды қамтамасыз ету үшін
электр құралы төмен айналу жиілігімен
іске қосылып, сонан соң оны реттелген
айналу жиілігіне дейін көтереді.
Айналу жиілігін электрондық басқару
құралы, электр құралын пайдалану
кезінде, автоматты түрде іске
қосылады.
Дірілді басу
Кіріктірілген дірілді басу функциясы дірілді
азайтады.
Демпфер зақымдалған жағдайда электр құралын
u
пайдаланушы болмаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Зақымдалған шаңнан қорғайтын қаптаманы дереу
u
ауыстыру керек. Оны қызмет көрсету
орталығында орындауға кеңес беріледі.
– Құрал бекіткішін (2) әр пайдаланғаннан кейін
тазалаңыз.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido