Өнім Және Қуат Сипаттамасы; Тағайындалу Бойынша Қолдану; Көрсетілген Құрамды Бөлшектер - Bosch GFA 18-H Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GFA 18-H Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

артық жүктелсе немесе өңделетін дайындамада
қысылса ол сыналады.
Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
u
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып
u
жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты
жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр
сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі
мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға
алып келуі мүмкін.
Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
u
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
Жұмыс аяқталғаннан кейін алмалы-салмалы
u
аспаптарды немесе іргелес корпус бөлшектерін
бірден ұстамаңыз. Олар жұмыс барысында қатты
қызуы және адамды күйдіруі мүмкін.
Алмалы-салмалы аспап бұрғылау кезінде
u
бұғатталуы мүмкін. Тұрақтылық сақтаңыз және
электр құралын екі қолмен берік ұстаңыз. Әйтпесе
электр құралын бақылау мүмкіндігінен айырылуыңыз
мүмкін.
Қашаумен бөлшектеу жұмыстарын өткізген кезде
u
сақ болыңыз. Бөлшектенетін материалдың құлаған
бөліктері айналадағы адамдарға немесе өзіңізге
жарақат тигізуі мүмкін.
Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс
u
пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы
мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып
қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және
шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу
тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі
u
бар.
Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
u
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші
u
өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы
аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ,
мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан,
кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз.
Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі
туындайды.
Қосымша қауіпсіздік және жұмыс
нұсқаулары
Электр құралында кез келген жұмыстарды
u
(мысалы, техникалық қызмет көрсету, құралды
алмастыру және т.б.) орындау алдында және оны
тасымалдау және сақтау кезінде айналу бағытын
Bosch Power Tools
ауыстырып-қосқышты ортаңғы күйге
жылжытыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан
жағдайда жарақат алу қаупі туындайды.
Егер алмалы-салмалы аспап бұғатталса, электр
u
құралын өшіріңіз. Алмалы-салмалы аспапты
босатыңыз.
Бұғатталған бұрғылау құралын қосқан кезде,
u
жоғары реактивті күш пайда болады.
Кездейсоқ іске қосылуға жол бермеңіз.
u
Аккумуляторды салудан алдын ажыратқыштың
өшірулі күйінде болғанына көз жеткізіңіз. Электр
құралын саусақты ажыратқышқа қойып тасымалдау
немесе қосулы электр құралына аккумуляторды салу
жазатайым оқиғаларды тудыруы мүмкін.
Аккумуляторлық дрель-шуруп бұрауыштың
u
пайдалану бойынша нұсқаулығындағы қауіпсіздік
техникасының нұсқауларын оқып шығыңыз және
қатал ұстаныңыз.
Әрдайым тұрақтылығыңызды қадағалаңыз.
u
Электр құралын саты сияқты биік орналасқан
жерде пайдаланған кезде өзіңіздің астында ешкім
болмағанына көз жеткізіңіз.
Пайдаланғаннан кейін еш жағдайда алмалы-
u
салмалы аспапты немесе электр құралын алмалы-
салмалы аспаптың жанында ұстамаңыз, олар
қатты қызуы мүмкін. Күю қаупі бар.
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына,
өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға
алып келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы (балға саптамасы GFA 18-H бар GSR
18V-60 FC) бетон, кірпіш пен тас бойынша соққымен
бұрғылауға арналған.
Балға саптамасын GFA 18-H тек GSR 18V-60 FC
аккумуляторлық дрель-шуруп бұрауышымен бірге
пайдалануға болады.
Көрсетілген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
(1)
Бекіткіш
(2)
Айналу моментін алдын ала таңдауға арналған
реттегіш сақина
(3)
Беріліс ауыстырып-қосқышы
(4)
Аккумулятор
(5)
Аккумуляторды босату түймесі
Қазақ | 115
1 609 92A 6NK | (23.11.2021)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido