194 | Қазақ
Пайдалану
Іске қосу
Жұмыс режимін реттеу (D суретін қараңыз)
Электр құралының жұмыс режимін таңдау үшін айналуды
тоқтату қосқышын (5) пайдалануға болады.
– Жұмыс режимін ауыстыру үшін айналуды тоқтату
қосқышын (5) қажетті күйге шерту дыбысымен
тірелгенше бұраңыз.
Нұсқау: жұмыс режимін электр құралы өшіп тұрғанда
ғана өзгертіңіз! Әйтпесе электр құралына зақым келуі
мүмкін.
Нұсқау: ажыратқыш бұғатталған кезде, басқа жұмыс
режиміне ауыссаңыз, электр құралы өшіп қалады.
Бетон немесе тас бойынша
Соққымен бұрғылау күйі
Қашау күйін реттеуге
арналған Vario-Lock күйі.
Қашау күйі
Қосу/өшіру
– Қажет болса, ажыратқыштың реттеу түймесін (7)
жіберіңіз.
– Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (9) басыңыз.
Жұмыс шамы (10) ажыратқыш (9) кішкене немесе толық
басылғанда жанады және жеткіліксіз болған жарық
жағдайында жұмыс аймағын жарықтандырады.
Күй көрсеткіштері
Аккумулятор заряды
Мағынасы/себебі
деңгейінің индикаторы
(пайдаланушы
интерфейсі) (16)
жасыл (2 - 5 жолақ)
Аккумулятор зарядталған
сары (1 жолақ)
Аккумулятор заряды таусылған дерлік
қызыл (1 жолақ)
Аккумулятор заряды таусылған
Температура
Мағынасы/себебі
индикаторы (22)
Сары
Аккумулятордың немесе электр құралының
қызметтік температурасы анық көтеріледі,
ал қуат төмендейді
Қызыл
Аккумулятордың немесе электр құралының
қызметтік температурасынан асырылды,
1 609 92A 7MR | (09.11.2022)
– Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (9)
жіберіңіз.
Төмен температураларда электр құралы белгілі бір уақыт
өткеннен кейін толық бұрғылау/соққы қуатына жетеді.
Айналу жиілігін/соққы санын реттеу
Ажыратқышты (9) басу күшін өзгерте отырып, қосылған
электр құралының айналу жиілігін/соққы санын біртіндеп
реттеуге болады.
Ажыратқышты (9) сәл басу төмен айналу жиілігін/соққы
санын қосады. Қысым күшейсе, айналу жиілігі/соққы
саны ұлғаяды.
Айналу жиілігін пайдаланушы интерфейсі немесе
смартфон қолданбасы арқылы да реттеуге болады.
Кескіш қалпын өзгерту (Vario-Lock)
Қашауды 16 күйде бұғаттауға болады. Осылайша оңтайлы
жұмыс күйіне қол жеткізуге болады.
– Қашауды құрал бекіткішіне орнатыңыз.
– Айналуды тоқтату қосқышын (5) "Vario-Lock" күйіне
бұраңыз.
– Алмалы-салмалы аспапты қажетті қашау күйіне
бұраңыз.
– Айналуды тоқтату қосқышын (5) "Қашау" күйіне
бұраңыз. Осылайша құрал бекіткіші бұғатталады.
Бұғаттау функциясымен қашау
Ажыратқышты (9) тұрақты түрде басып тұрмай ұзақ уақыт
қашау үшін ажыратқышты "Қашау" жұмыс режимінде
бұғаттаңыз.
– Бұғаттау үшін ажыратқышты (9) тірелгенше басыңыз
да, дәл сол уақытта реттеу түймесін (7) басыңыз.
– Өшіру үшін реттеу түймесін (7) қайтадан басыңыз.
Пайдаланушы интерфейсі (E суретін қараңыз)
Пайдаланушы интерфейсі (14) электр құралының жұмыс
режимін таңдау және күйін көрсету үшін пайдаланылады.
Шешімі
–
Аккумуляторды дереу алмастыру немесе
зарядтау
Аккумуляторды алмастыру немесе зарядтау
Шешімі
Электр құралын суыту немесе қатты қызған
аккумуляторды алмастыру
Электр құралын суыту немесе қатты қызған
аккумуляторды алмастыру
Bosch Power Tools