Descargar Imprimir esta página

Hilti NURON NCT 25 S-22 Manual De Instrucciones página 294

Ocultar thumbs Ver también para NURON NCT 25 S-22:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 54
5.2
Аккумуляторды орнату
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі қысқа тұйықталудан немесе аккумулятордың құлауынан!
▶ Аккумуляторды орнату алдында аккумулятор контактілерінде және өнімдегі контактілерде бөгде
заттардың жоқтығына көз жеткізіңіз.
▶ Аккумулятордың әркез дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
1. Аккумуляторды алғаш рет іске қоспас бұрын зарядтаңыз.
2. Аккумуляторды өнімге шерту дыбысымен тірелгенше кіргізіңіз.
3. Аккумулятордың аспапқа берік бекітілгенін тексеріңіз.
5.3
Аккумуляторды шығару
1. Аккумулятордың құлыптан босату түймесін басыңыз.
2. Аккумуляторды өнімнен шығарыңыз.
5.4
Іске қосу құлпын өшіру/қосу
Кескіш құрылғыда белсендіруге болатын қосымша іске қосу құлпы бар. Іске қосу құлпы белсендірілген
кезде, кесу әрекетін іске қосу үшін негізгі сөндіргішті екі рет басу қажет. Осылайша кенет іске қосылуға
жол берілмейді.
Әдепкі бойынша іске қосу құлпы ажыратылып тұрады.
1. Аккумуляторды аспаптан шығарыңыз. → Бет 290
2. Негізгі сөндіргішті басып тұрыңыз.
3. Аккумуляторды кескіш құрылғыға салыңыз.
4. Негізгі сөндіргішті жіберіңіз.
▶ Жасыл жарық диоды екі рет жыпылықтайды; Дыбыстық сигнал екі рет беріледі: Іске қосу құлпы
белсендірілген
▶ Жасыл жарық диоды екі рет жыпылықтайды; Дыбыстық сигнал бір рет беріледі: Іске қосу құлпы
ажыратылған
5.5
Жүздерді алмастыру
1. Кескіш бастиекті, жүздерге оңай қол жеткізу мүмкін болатындай етіп бұраңыз.
2. Жүздердің бекіткіш бұрандаларын босатыңыз.
3. Ескі жүздерді кескіш құралдан алға қарай шығарып алыңыз.
4. Жаңа жүздерді кескіш құралға салыңыз.
5. Жүздердің бекіткіш бұрандаларын бұрап бекітіңіз.
5.6
Биіктен құлаудан қорғаныс
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі құралдың және/немесе керек-жарақтың құлауынан!
▶ Тек өнім үшін ұсынылған Hilti құрал ұстағыш арқанын қолданыңыз.
▶ Құрал ұстағыш арқанның бекіту нүктесінде әр пайдалану алдында зақымдардың бар-жоғын тексеріп
шығыңыз.
Биік жерде жұмыс істеу бойынша ұлттық нұсқамаларды орындаңыз.
Бұл өнім үшін биіктен құлаудан қорғаныс ретінде тек Hilti құлаудан сақтандырғышы мен Hilti компаниясы
ұсынған #2261970 құрал ұстағыш арқанының қисындасуын қолданыңыз.
▶ Құлаудан сақтандырғышты керек-жараққа арналған монтаждық саңылауларға бекітіңіз.
бекітілгенін тексеріңіз.
290
Қазақ
2
2321718
*2321718*
Берік

Publicidad

loading