All manuals and user guides at all-guides.com
OBJ_BUCH-2410-002.book Page 126 Thursday, November 19, 2015 11:21 AM
126 | Қaзақша
Сәйкестік мәлімдемесі
Жеке жауапкершілікпен біз "Техникалық мәліметтер" де
сипатталған өнімнің 2011/65/EU, 2016 жыл 19 сәуіріне
дейін: 2014/108/EC, 2016 жыл 20 сәуірінен соң
2014/30/EU, 2006/42/EC ережелеріндегі барлық тиісті
анықтамаларына өзгерістері менен бірге сәйкес екенін
және төмендегі нормаларға сай екенін кепілдендіреміз:
EN 60745-1, EN 60745-2-14, EN 50581.
Техникалық құжаттар (2006/42/EC) төмендегідеi:
Robert Bosch GmbH, PT/ETM9,
70764 Leinfelden-Echterdingen, GERMANY
Henk Becker
Helmut Heinzelmann
Executive Vice President
Head of Product Certification
Engineering
PT/ETM9
Robert Bosch GmbH, Power Tools Division
70764 Leinfelden-Echterdingen, GERMANY
Leinfelden, 19.11.2015
Жинау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жонғы пышағын таңдау
Электр құралы түрлі жонғы пышақтарымен жабдықталған
болуы мүмкін.
Қайта жабдықтау жинақтарымен (керек-жарақ) электр
құралының негізгі жабдықталуына байланысты жонғы
пышағының екі нұсқасын да (HSS немесе HM/TC жонғы
пышағы) пайдалануға болады.
Пышақ алмастыруда әрдайым екі жонғы пышағын да
алмастырыңыз, әйтпесе әркелкі тербеліс орын алып,
электр құралды пайдалану мерзімі қысқаруы мүмкін.
HSS жонғы пышағын алмастыру
Жонғы пышағын алмастыруда абай болыңыз.
Жонғы пышағын кесу қырынан ұстамаңыз. Кесу
қыры өткір болып жарақаттауы мүмкін.
Жонғы пышағын шешу (A – C суреттерін қараңыз)
– Жонғы пышағын алмастыру үшін пышақ басын 13
бұрандама қысқыш 12 жоңғы табандығына 8
параллельді тұрғанша бұраңыз.
– 3 бекіткіш бұранданы 11 жұлдыздық кілтпен 10
шығарып, бұрандама қысқышты 12 алып қойыңыз.
– Қапсырманы 16 жонғы пышағымен 15 бірге иінтірек
басынан 13 немесе бағыттауыш ойықтан 14
шығарыңыз.
– Пышақ басын 180° бұрап 2-ші жонғы пышағын
шешіңіз.
Ескертпе: Жонғы пышағын алмастырудан немесе
қайраудан соң қапсырманы 16 бекіткіш бұранданы 17
босатып алып қойыңыз.
1 609 92A 1T5 | (19.11.15)
HSS жонғы пышағын қайрау (D суретін қараңыз)
Өткірлеу аспабы 18 (керек-жарақ) мен стандартты қайрақ
тасты пайдаланып, тозған немесе өтпейтін HSS жонғы
пышағын қайраңыз.
Екі жоңғы пышағын қайрау аспабына салып, қатпарлы
бұранданы бекітіңіз. Екі жонғы пышағы тірелгенше
салынғанына көз жеткізіңіз.
Өткірлеу аспабына орнатылған жонғы пышақтарын бір
қалыпта және жай басып, қайрақ тастан өткізіңіз.
Ескертпе: Жонғы пышақтарын максималды 6 мм-ге
23 мм минималдық еніне дейін қайрауға болады. Сосын
екі жонғы пышағын алмастыру керек.
Жонғы пышағын орнату (E – F суреттерін қараңыз)
Жаңа немесе өткірленген жонғы пышағын салудан алдын
пышақ басын 13 және жоңғы пышағы 15 мен қапсырманы
16 тазалаңыз. Қатты шайырланған жонғы пышақтарын
спирт немесе керосинмен тазалаңыз.
Ескертпе: Жаңа немесе қайта өткірленген жонғы
пышақтарын орнатудан алдын әрдайым дұрыс күйге
дәлдеу керек.
Жонғы пышағының биіктігін реттеу үшін реттеу шаблоны
19 (керек-жарақ) қызмет етеді. Жонғы пышағы 15 мен
қапсырманы 16 реттеу шаблонына салыңыз. Қапсырма
16 ойығына кіргеніне көз жеткізіңіз. Жонғы пышағын 15
тірелгенше басып, қапсырманы 16 осы күйде бекіткіш
бұрандамен 17 бекітіңіз. Осылай қажетті биіктігі
автоматты ретпен дәлденеді.
Жонғы пышағы жонғы табандығының ортасында 8
орнатылып бағытталуы керек. Сосын 3 бекіткіш
бұранданы 11 жұлдыздық кілтпен 10 тартып бекітіңіз.
Бұрандама қысқышта 12 көрсетілген тарту реттілігін
() сақтаңыз.
Ескертпе: Пайдалану алдында бекіту бұрандаларының
бекем тұруын тексеріңіз 11. Пышақ басын 13 қолмен
айналдырып, жонғы пышағының еш жерде шығып
тұрмауына көз жеткізіңіз.
HM/TC-жонғы пышағын алмастыру
Жонғы пышағын алмастыруда абай болыңыз.
Жонғы пышағын кесу қырынан ұстамаңыз. Кесу
қыры өткір болып жарақаттауы мүмкін.
Тек тұпнұсқалық HM/TC-жонғы пышағын пайдаланыңыз.
Жонғы пышағы қатты металдан (HM/TC) жасалған, 2 жүзі
бар, бұралуы мүмкін. Жүз қырлары өтпес болса, жонғы
пышағын 20 алмастыру керек. HM/TC-жонғы пышағын
қайрау мүмкін емес.
Жонғы пышағын шешу (G – H суреттерін қараңыз)
– Жонғы пышағын бұрау немесе алмастыру үшін пышақ
басын 13 бұрандама қысқыш 12 жонғы табандығына 8
параллельді тұрғаныша бұраңыз.
– 3 бекіткіш бұранданы 11 жұлдыздық бұрандамен 10
шам. 1 – 2 айналымға босатыңыз. Бұрандама
қысқышты 12 шешу мүмкін емес.
– Пышақ басын аз бұрап, ағаш құралмен жоңғы пышағын
20 пышақ басынан 13 шетке шығарыңыз.
– Пышақ басын 180° бұрап 2-ші жонғы пышағын
шешіңіз.
Bosch Power Tools