Descargar Imprimir esta página

Canpol Babies EasyStart Instrucciones De Uso página 39

Sacaleches eléctrico

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 12
ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Сүтсауғышты пайдаланған кезде электр құралдарды пайдалану ережелерін және дайындаушының бұйымды қауіпсіз пайдалану жөніндегі
басқа да ережелерін орындау керек:
• Назар аударыңыз! Электр тоғымен зақымдануды болдырмау үшін сүтсауғыштың электрлік корпусын, электр қуаттау бейімдегішін және
электр кабельді суға және басқа да сұйықтықтарға батырмаңыз. Олардың ішіне судың түсуін болдырмаңыз. Ылғалды қолмен сүтсауғышты
іске қоспаңыз және іске қосылған сүтсауғышқа тимеңіз.
• Сүтсауғышты желіге алғаш рет қосар алдында оның есептелген кернеуі желінің кернеуіне сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз (сүтсауғыш
100–240 В кернеуге есептелген).
• Сүтсауғышты артық кернеуден қорғанысы бар жарамды қуаттау көзіне ғана қосыңыз.
• Ұзартқышты пайдалану кезінде ол қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Оның жарамдылығын және электрлік
қосылыстардың сенімділігін жүйелі түрде тексеріңіз.
• Ұзартқыштарға қойылатын талаптар:
1. Ұзартқыш есептелген барынша рұқсат етілген жүктемеден аспаңыз (ұзартқыштың және оған қосылатын құралдардың техникалық
сипаттамаларын қараңыз).
2. CE белгісімен таңбаланған ұзартқыштарды пайдаланыңыз.
3. Зақымдалған ұзартқыштарды пайдаланбаңыз.
4. Ұзартқышты балалардың қолдары жетпейтін жерде, үстелдің үстінен салбырап түспей, ширатылмай, өтуге және жылытқышпен жұмыс
істеуге кедергі жасамайтындай етіп орналастырыңыз.
• Желіге қосылған сүтсауғышты қараусыз қалдырмаңыз.
• Электр кабельдің ашасын розеткадан алып шығарған кезде розетканы ұстаңыз. Электр кабельді тартпаңыз.
• Электр кабельді және ұзартқышты жиһаз астында және оларды бақылауға кедергі жасайтын басқа да заттар астында орналастырмаңыз.
• Сүтсауғышты ыстық плитаға немесе қызған тұмшапешке салмаңыз, оны тікелей күн сәулесінің әсеріне ұшыратпаңыз және оның қуаттау
баусымдарын ыстық беттердің, жылыту құралдардың және басқа да жылу көздерінің жанында орналастырмаңыз.
• Тазарту алдында сүтсауғышты міндетті түрде желіден ажыратыңыз.
• Назар аударыңыз! Электр кабельдің немесе электр кабельдің ашасы зақымданған, оның жұмысында іркілістер туындаған немесе
басқа жарамсыздықтар анықталған кезде сүтсауғышты пайдаланбаңыз. Жарамсыздық болған жағдайда сатушыға немесе өнімнің сапасы
бойынша талаптарды қабылдауға уәкілетті ұйымға хабарлаңыз.
• Қандай болса да бөлшектері болмаған немесе зақымданған кезде сүтсауғышты пайдаланбаңыз. Зақымданған және тозған бөлшектерді
дереу жаңаларымен ауыстырыңыз, тек қана түпнұсқалы қосалқы бөлшектерін пайдаланыңыз.
• Сүтсауғышты және оның бөлшектерін дұрыс және қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқауларын қатаң түрде орындаңыз.
• Сүтсауғышты денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамдармен пайдалану олардың қауіпсіздігіне жауапты тұлғаның көмегімен және
байқауымен ғана рұқсат етіледі.
• Сүтсауғышты денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамдар немесе балалардың жанында пайдаланған кезде оларды қараусыз
қалдырмаңыз.
• Сүтсауғышты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз және пайдаланыңыз.
• Сүтсауғышты электрмен қуаттау үшін жиынтыққа кіретін бейімдегішті пайдаланыңыз. Басқа бейімдегіштерді пайдаланбаңыз. Басқа
құралдарды қуаттау үшін сүтсауғыштың бейімдегішін пайдаланбаңыз.
• Электр қуаттау бейімдегіші зақымданған кезде оны түпнұсқалы бейімдегішке ауыстырыңыз.
• Сүтсауғышты өзіңіз жөндемеңіз. Жөндеуді тек қана білікті мамандар орындауы тиіс. Жарамсыздық болған жағдайда сатушыға немесе
өнімнің сапасы бойынша талаптарды қабылдауға уәкілетті ұйымға хабарлаңыз.
• Кепілдік жөндеу жүргізілген немесе оның құрылмасына уәкілетті емес тұлғалардың басқа араласқан белгілері болған бұйымға
қолданылмайды.
• Бұйымның құрылмасына өзгертулерді енгізуге дайындаушы ғана құқылы болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗУ СҮТСАУҒЫШТЫҢ ЗАҚЫМДАНУЫНА НЕМЕСЕ ЖАРАҚАТТАНУҒА ӘКЕП
СОҚТЫРУЫ МҮМКІН.
• Сүтсауғышты тек қана тағайындалуы бойынша оның пайдалану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес пайдаланыңыз. Дұрыс пайдаланбау
нәтижесінде туындаған жарамсыздықтар кепілдіктің жағдайы болып табылмайды.
• Пайдаланған сайын сүтсауғышты тексеріңіз. Зақымдалған бұйымды пайдаланбаңыз. Жарамсыздық болған жағдайда сатушыға немесе
өнімнің сапасы бойынша талаптарды қабылдауға уәкілетті ұйымға хабарлаңыз.
• Сүтсауғыш қатты беткі қабатқа құлаған жағдайда оны пайдаланбаңыз және тексеру үшін уәкілетті сервис орталығына хабарлаңыз.
• Сүтсауғышты су рәсімдерін жасаған кезде пайдаланбаңыз.
• Сүтсауғышты ваннада, шұңғылша жанында және сумен немесе басқа да сұйықтықтармен жанасуы мүмкін жерлерде пайдаланбаңыз.
• Сүтсауғыш суға немесе басқа сұйықтыққа құлаған жағдайда оған тимеңіз. Егер сүтсауғыш желіге қосылған болса, оны дереу розеткадан
ажыратыңыз.
Назар аударыңыз! Сүтсауғышты оның тағайындалуына және пайдалану ережелеріне қарсы болатын мақсаттарда және тәсілдермен
пайдаланбаңыз. Пайдаланар алдында дұрыс құрастырылғанын тексеріңіз. Сүзіп алу алдында қолыңызды жақсылап жуыңыз. Сүт сүзіп,
ауырғанды түйсінген кезде рәсімді дереу тоқтатыңыз. Сүтсауғыш тек ересек адамдармен пайдалануға арналған; барлық бөлшектерді
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Сүтсауғышты тұтану көздерінің жанында пайдаланбаңыз. Құлаудан және соққыдан қорғаңыз.
Қайнатқаннан кейін қорғалмаған қолмен тимеңіз: күйіп қалу қаупі! Пайдалануда болған сүтсауғышты басқа пайдаланушыларға қайта
сатуға/беруге болмайды.
12_215reb_instrukcja_ms001.indd 76-77
12_215reb_instrukcja_ms001.indd 76-77
76
Пайдалануды аяқтаған кезде сүтсауғышты қалдықтардың басқа түрлерінен бөлек кәдеге жарату керек.
Қалдықтармен тиіссіз айналысу салдарынан қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиян келтіруді болдырмау
үшін, сондай-ақ ресурстарды үнемдеу мақсатында сүтсауғышты тұрмыс қалдықтарымен бірге лақтырмаңыз
— оны қайта өңдеу үшін тапсырыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін қалдықтарды жинау мен кәдеге жарату үшін
жауапты болатын жергілікті ұйымдарға немесе бұйым сатушысына/жеткізушісіне хабарлаңыз.
Бұйым сәйкестілікті растаудың қажетті рәсімдерінен өтті және оған қолданылатын барлық ЕО директиваларының
және үйлестірілген стандарттардың талаптарына, соның ішінде электр қауіпсіздігіне, электр магнитті
үйлесімділікке және зиянды заттардың мөлшеріне қойылатын талаптарына сәйкес келеді (2014/35/EU, 2014/30/
EU, 2011/65/EU директивалары).
Электр тогымен зақымданудан қорғаудың класы: II
Бұйым ойыншық болып табылмайды. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
ЕМШЕК СҮТІН САҚТАУ
Сүзілген сүтті бөтелкелерде, арнайы зарарсыздандырылған пакеттерде немесе мықтап жабылған контейнерлерде (оларды алдын ала
зарарсыздандыру керек) сақтауға болады. Жаңа сүзіп алынған сүтті ғана тоңазытыңыз, ыдысты жиегіне дейін толтырмаңыз (тоңазытқан
кезде сүт көлемі ұлғаяды). Емшек сүтін әдеттегі өнімдерді еріткендей ерітуге болады (микротолқынды пеште ерітуді қоспағанда, себебі
қысқа толқындардың әсерінен ол өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтуы мүмкін). Сүтті еріту үшін оны түнге тоңазытқышқа қоюға болады,
одан кейін арнайы жылытқышта баяу немесе жылы суы бар ыдыста жылытуға болады. Бөлінген майды араластыру үшін тамақтандыру
алдында бөтелкені сілкіп жіберіңіз. Еріткен тоңазытқышта сақтау және 24 сағат ішінде пайдалану керек. Сүтті қайтадан мұздатпаңыз.
Жаңа сүзілген сүтті еріткен сүтпен және мұздатылған сүтпен араластырмаңыз. Емшек сүтін микротолқынды пеште жылытпаңыз және
қайнатпаңыз. Тамақтандыру алдында оның температурасын тексеріңіз. Тамақтандырудан кейін қалған сүтті төгу керек.
Жаңа сүзілген сүт
лме температурасында (+19 бастап +25
4 сағаттан артық емес
°C дейін)
Тоңазытқышта (+4 °C)
4 күннен артық емес
Мұздатқыш камерада (–20 °C)
3 бастап 6 айға дейін
НАРЫҚҚА ШЫҒАРУ АЛДЫНДА БАРЛЫҚ ӨНІМ ҚАЖЕТТІ СЫНАУЛАРДАН ӨТЕДІ. Сүтсауғыш жеке пайдалану тауары болып табылады және
ауыстыру мен қайтаруға жатпайды. Кепілдік немесе кепілдіктен кейін қызмет көрсету мәселелері жөнінде дайындаушыға, сатушыға немесе
өнімнің сапасы бойынша талаптарды қабылдауға уәкілетті ұйымға хабарлаңыз (өтініштерді және талаптарды қарау үшін сатып алуды
растайтын құжат көрсетуге талап етілуі мүмкін). Назар аударыңыз! Емшек емізуге кедергі жасайтын физиологиялық мәселелер болғанда
сүтсауғыш көмегімен сүзіп алу да тиімді болмауы мүмкін.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бұйымды пайдаланудың бүкіл кезеңі ішінде сақтау ұсынылады. Топтаманың нөмірін қаптамадан
қараңыз.
Электр жетегі бар сүтсауғыш, 12/215 үлгісі, Canpol babies («Канпол бебиз») сауда маркасымен.
Техникалық сипаттамалары: 6 В; 800 мА; 4,8 ВА (тұрақты токтың кірмесі).
Дайындаушы: Canpol Sp. z o.o. («Канпол Сп. з о.о.»).
Мекен-жайы: ul. Pulawska 430, 02-884 Warszawa (Пулавска көшесі, 430, 02-884, Варшава).
Дайындаушының фабрика-филиалы: Fimilla (Shanghai) Maternity&Baby Articles Co., Ltd («Фимилла (Шанхай) Матернити энд Бэби Артиклс Ко.,
Лтд»).
Мекен-жайы: Building 2, No. 65 Lane 3029 Huaxu Road, Huaxin Town, Qingpu District, Shanghai P.R. China (2-құрылыс, № 65, 3029 тұйық көшесі,
Сюйхуа-роуд, Хуасинь-таун, Цинпу-дистрикт, Шанхай, Қытай).
Шығарылған елі: Қытай.
Топтаманың нөмірі мен шығарылған күнін қаптамадан қараңыз (алғашқы үш сан — жыл, екінші екі сан — ай, соңғысы — күн).
Жарамдылық мерзімі: 5 жыл.
Сүтсауғыштың кепілдік пайдалану мерзімі: 2 жыл (сатып алуды растайтын құжатты сақтауға ұсынылады). Силиконды бөлшектердің
қолдану мерзімі: 2 жыл.
Импорттаушы және өнімнің сапасы бойынша талаптарды қабылдауға уәкілетті ұйым туралы ақпарат таңбалауда көрсетілген.
Ерітілген сүт
сақтамаңыз
(еріткеннен кейін) 24 сағаттан артық емес
қайталап тоңазытуға болмайды
77
28.11.2022 11:23:34
28.11.2022 11:23:34

Publicidad

loading

Productos relacionados para Canpol Babies EasyStart

Este manual también es adecuado para:

12/215