OBJ_BUCH-813-005.book Page 133 Thursday, June 9, 2016 11:13 AM
тұрған аралау дискісі көрінбейтін жерлерді аралау
кезінде бұғатталып, бұл кері соққыға әкелуі мүмкін.
Төменгі қорғағыш қаптама функциясы
Әр пайдалану алдында қатесіз жабылғанын
тексеріңіз. Төменгі қорғағыш қаптаманың
қозғалысы тоқтаса немесе бірден жабылмаса,
араны пайдаланбаңыз. Ашық күйде қорғағыш
қаптаманы сыналамаңыз немесе байламаңыз. Ара
кездейсоқ еденге құласа, қорғағыш қаптама майысуы
мүмкін. Қорғағыш қаптаманы иінтірекпен ашыңыз кез
келген аралау бұрышында және кез келген аралау
тереңдігінде оның аралау дискісіне және басқа
бөліктерге тимей еркін қозғалатынына көз жеткізіңіз.
Төменгі қорғағыш қаптаманың серіппе
функциясын тексеріңіз. Төменгі қорғағыш қаптама
және серіппе қанағаттандырарлықтай қызмет
етпей жатса, пайдаланбай тұрып араны техникалық
қызмет көрсетуге өткізіңіз. Зақымдалған бөлшектер,
жабысқақ қалдықтар немесе жиналған жоңқалар
төменгі қорғағыш қаптаманың жұмысын кідіртеді.
Төменгі қорғағыш қақпақты тек ерекше аралау
әдістерін пайдаланғанда қолмен ашыңыз, мысалы,
ендіру және бұрышпен аралау. Төменгі қорғағыш
қаптаманы иінтірекпен ашыңыз және оны аралау
дискісі дайындамаға кіре сала жіберіңіз. Арамен
барлық басқа жұмыстар кезінде қорғағыш қаптама
автоматты түрде жұмыс істеуі керек.
Араны верстакқа немесе еденге қойғанда, аралау
дискісін қорғағыш қаптама жауып тұруы керек.
Қорғалмаған, айналатын аралау дискісі араны аралау
бағытында жылжытады және өзінің жолындағы барлық
нәрсені аралайды. Араның инерциялық жүріс
уақытына назар аударыңыз.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
Шығарылған жоңқаларды қолға алмаңыз.
Айналатын бөлшектердан жарақат алуыңыз мүмкін.
Араны бастың үстінде ұстап жұмыс істемеңіз.
Электр құралды жеткілікті бақылай алмайсыз.
Қажетті темір іздеу құралдарын пайдаланып,
жасырылған су, газ, электр сымдарын табыңыз
немесе жергілікті қызмет көрсету ұйымдарын
шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ
соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау
жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырына тию
материалдық зиян немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін.
Тұрақты болмаса, электр құралмен жұмыс
істемеңіз. Ол аралау үстелінде жұмыс істеуге
арналмаған.
Тез кесетеін болаттан жасалған, төзімділігі жоғары
аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Мұндай аралау
дискілері оңай сынуы мүмкін.
Қара металдарды араламаңыз. Қызған жоңқалар
тұтануға әкелуі мүмкін.
Bosch Power Tools
Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді сақтамау тоқтың
соғуына, өрт және/немесе ауыр
жарақаттануларға апаруы мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы қозғалмайтын тіректе ағашты бойлай және
көлденеңінен, бұрышпен кесуге арналған. Сәйкес аралау
дискілерінің көмегімен профильдер сияқты түсті
металдардан жасалған жұқа қабырғалы заттарды аралауға
болады.
Қара металдарды өңдеуге болмайды.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
1 Қосқыш/өшіргіш
2 Қосқыш/өшіргішті блокадалау
3 Қосымша тұтқа (беті оқшауландырылған)
4 Шпиндельді бекіту түймесі
5 Бұрыш шкаласы
6 Еңкейту бұрышын реттеуге арналған құлақты бұранда
7 Параллельді тірекке арналған құлақты бұранда
8 Кесік белгісі 45°
9 Кесік белгісі 0°
10 Бағыттайтын планка
11 Маятниктік қорғағыш қаптама
12 Тірек платформасы
13 Маятниктік қорғағыш қаптаманы реттеуге арналған
иінтірек
14 Жоңқаларды шығаруға арналған келте құбыр
15 Қорғаныш қаптамасы
16 Тұтқа (беті оқшауландырылған)
17 Алты қырлы дөңгелек кілт
18 Шайбасы бар қысқыш бұранда
19 Қысқыш фланец
20 Аралау дискісі*
21 Тірек фланеці
22 Ара шпинделі
23 Сору адаптері*
Қaзақша | 133
1 609 92A 2AW | (9.6.16)