Descargar Imprimir esta página

Bosch GIC 12V-4-23 C Professional Manual Original página 262

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 49
262 | Қазақ
Қауіпсіздік нұсқаулары
Барлық нұсқауларды оқып шығып, орындау керек. Тексеру
камерасы берілген нұсқауларға сай пайдаланылмаса, бұл тексеру
камерасына кіріктірілген қауіпсіздік шараларына жағымсыз әсер
етуі мүмкін. ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ ҚАУІПСІЗ ТҮРДЕ САҚТАҢЫЗ.
Тексеру камерасын тек білікті маманға және түпнұсқа қосалқы
u
бөлшектермен жөндеуге рұқсат етіңіз. Осылайша тексеру камерасының
қауіпсіздігі сақталады.
Тексеру камерасын жанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң болатын
u
жарылыс қаупі бар ортада пайдаланбаңыз. Тексеру камерасы ұшқын
шығарып, шаңды немесе буды тұтандыруы мүмкін.
Тексеру камерасында кез келген жұмыстарды (мысалы, монтаждау,
u
техникалық қызмет көрсету және т.б.) бастамай тұрып, сондай-ақ тексеру
камерасын тасымалдау және сақтау кезінде оның ішінен аккумуляторды
шығарып алыңыз.
Тексеру камерасын ұзақ уақыт пайдаланбайтын жағдайда ішінен
u
батареяларды шығарып алыңыз. Ұзақ уақыт сақталған батареяларды тот басуы
және олардың заряды өздігінен таусылуы мүмкін.
Жарық сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті
u
алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Тексеру камерасын қолдану алдында жұмыс аймағын тексеріңіз. Тексеру
u
камерасының ешбір бөлігіне электр сымдарын, жылжымалы бөліктерді
немесе химиялық заттарды тигізуге болмайды. Жұмыс аймағында
өткізілген электр сымдарының электр тізбегін үзіңіз. Мұндай шаралар
жарылыс, ток соғу және мүлікке зақым келтіру қаупін азайтады.
Жұмыс аймағында денсаулыққа зиянды заттектер болғанда, қорғаныш
u
көзілдірік, қорғаныш қолғап немесе респиратор сияқты жеке қорғаныс
жабдығын киіп жүріңіз. Су ағызу каналдарында немесе ұқсас аймақтарда улы,
жұқпалы, ащы немесе денсаулыққа басқа жолмен зиян келтіретін қатты, сұйық
немесе газды заттектер бар болуы мүмкін.
Денсаулыққа зиянды заттектер орналасқан аймақтарда жұмыс істегенде
u
тазалыққа айрықша назар аударыңыз. Жұмыс кезінде тамақ ішпеңіз.
Денсаулыққа зиянды заттектерге тимеңіз және жұмыс істегеннен кейін
қолыңызды және заттектермен жанасуы мүмкін басқа дене мүшелерін ыстық сілті
ерітіндісімен тазалаңыз. Осылайша денсаулыққа зиян келтіру қаупі азаяды.
Тексеру камерасын пайдаланған кезде суда тұрмаңыз. Суда жұмыс
u
істегенде, ток соғу қаупі туындайды.
1 609 92A 8H6 | (07.03.2023)
Bosch Power Tools

Publicidad

loading