Descargar Imprimir esta página

Bosch GIC 12V-4-23 C Professional Manual Original página 264

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 49
264 | Қазақ
Магниттік керек-жарақтарды имплантаттардың және
кардиостимулятор немесе инсулин сорғысы сияқты басқа да
медициналық құрылғылардың жанына қоймаңыз. Керек-
жарақтардың магниттері имплантаттардың немесе медициналық
құрылғылардың жұмысына әсер ететін өріс тудырады.
Магнитті аксессуарды магнитті дерек тасымалдаушылар мен магнитке
u
сезімтал аспаптардан алыс ұстаңыз. Аксессуарлар магниттерінің әсері
қалпына келтіруге болмайтын деректер жоғалуына алып келуі мүмкін.
Өнім және қуат сипаттамасы
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін ескеріңіз.
Мақсаты бойынша пайдалану
Сандық тексеру камерасы қол жеткізу қиын болатын немесе қараңғы аймақтарды
тексеруге арналған. Оны, жеткізілім жиынтығындағы көмекші құралдарды камера
бастиегіне монтаждағаннан кейін, кіші және жеңіл заттарды (мысалы, кіші
бұрандаларды) жылжыту және алып тастау үшін пайдалануға да болады.
Сандық тексеру камерасын медициналық мақсаттарда пайдалануға тыйым
салынады. Сонымен қатар ол бітелген құбырларды тазалау немесе кабельдерді
тарту үшін жарамайды.
Көрсетілген компоненттер
Көрсетілген компоненттердің нөмірлері графикалық беттердегі тексеру
камерасының сипаттамасына негізделген.
(1) Камера кабелі
(2) Камера бастиегі
(3) Камера бастиегіндегі шам
(4) Камера объективі
(5) Дисплей
(6) Қосу/өшіру түймесі
(7) Жоғары жылжыту түймесі
(8) Солға жылжыту түймесі
(9) Ортаңғы түйме
(10) Төмен жылжыту түймесі
(11) Оңға жылжыту түймесі
1 609 92A 8H6 | (07.03.2023)
Bosch Power Tools

Publicidad

loading