Жуғыш заттар мен кірлер
Жуғыш құралдарды бөлгіш
KZ
Кірдің жақсы жуылуы жуғыш құралдарды дұрыс
бөлінуіне де байланысты: оның шектен тыс көп болуы
кірдің тиімді жуылуына кепілдік бермейді, керісінше,
машинаның ішінде қақ тұрып қалуына, қоршаған
ортаның ластануына әкелуі мүмкін.
!
Қолмен жууға арналған жуғыш құралдарды
пайдаланбаңыз – қатты көбіктенуі кір жуу нәтижесін
төмендетеді және машинаны қатардан шығаруы
мүмкін. Бөлгішті тартып шығарып, оны жуғыш
құралмен және қоспамен төмендегі тәртіппен
толтырыңыз:
4
1
2
3
Кір жууға арналған сұйық құрал машинаны іске
қосардың алдында құйылады.
3-бөлімше: Қосындылар (жұмсартқыштар, хош
иістендіргіштер және басқа)
Шайғыштарға арналған 3-бөлімшені торшасынан
жоғары толтырмаңыз.
Қосымша 4-бөлімше: Ағартқыш.
Ағарту
Ағарту тек 8 программаларымен ғана жүргізіледі.
Ағартқышқа арналған қосымша 4-науаға ағартқышты
және шайғышты құйыңыз да, жоғарыда көрсетілген
программалардың бірін таңдаңыз.
Өте қатты кірлеген м/м киімдер үшін ғана пайдалану
ұсынылады.
Кір бұйымдарды дайындау
• Кір бұйымдарды төмендегі белгілері бойынша
сұрыптаңыз:
- мата типіне қарай / этикеткадағы белгілеулерге қарай.
- түсіне қарай: түрлі-түсті бұйымдарды ақ
бұйымдардан ажыратыңыз.
• Қалталарынан барлық заттарды шығарыңыз және
түймелерінің мықтылығын тексеріңіз.
• «Жуу циклдарының кестесі» атты кестедегі
мәндерден асырып жібермеңіз, онда кірлердің
құрғақ кездегі салмағы берілген.
54
1-бөлімше: алдын ала
жууға арналған жуғыш
құрал (ұнтақ)
Кір жуғыш ұнтақты салар
алдында ағартқышқа
арналған 4-бөлімшенің
орнатылмағанына көз
жеткізіңіз.
2-бөлімше: кір жууға
арналған жуғыш құрал
(ұнтақ немесе сұйық)
Бұйымдардың салмағы:
1 ақжайма 400 – 500 г
1 жастық тыс 150 – 200 г
1 дастархан 400 – 500 г
1 халат 900 – 1200 г
1 сүлгі 150 – 250 г
Абайлап жууды талап ететін бұйымдар
Жейделер: әр түрлі маталардан тігілген, әр түрлі
түсті жейделерді жуу үшін арнайы 11 программаны
пайдаланыңыз.
Бұл заттарды максималды түрде сақтайды және
оларды қатты умаждамайды.
Жібек: Барлық жібек бұйымдарды жууға арналған
12-программаны пайдаланыңыз. Нәзік маталарға
арналған арнайы кір жуғыш заттарды пайдалану
ұсынылады.
Перделер: орап, қосымша беріліп отырған қалтаға
салыңыз. 12-программаны таңдаңыз.
Жүн: Осы Hotpoint-Ariston машинасының «Жүн» жуу
циклы киім жапсырмасындағы нұсқауларды және осы
кір жуғыш машина өндірушісінің нұсқауларын орындау
шартымен, The Woolmark Company тарапынан
қолмен жуулатын деп белгіленген жүн киімдерін жууға
тексеріліп, құпталған. Hotpoint-Ariston – жуу өнімділігі
және қуат пен су тұтынуы бойынша The Woolmark
Company тарапынан «Apparel Care- Platinum»
аттестатына сәйкес келетіні расталған алғаш кір
жуғыш машина бренді. (M1126)
Кір бұйымдарды теңестіру жүйесі
Кірді әрбір сығар алдында шектен тыс діріл болмас
үшін машина барабандағы бұйымдарды бір қалыпты
етіп бөледі. Бұл барабанның кір жуу жылдамдығынан
шамалы артатын жылдамдықпен үздіксіз айналуы
есебенен жүргізіледі.
Егер бірнеше рет әрекет еткеннен кейін кір бұйым бір
қалыпты болып таралмаса, машина сығуды төмен
жылдамдықпен жүргізеді.