Descargar Imprimir esta página

Bosch AdvancedRotak 36V-40-650 Manual Original página 156

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 27
156 | Қазақ
температурада зарядтау батареяны зақымдап өрт
қауіпін жоғарылатуы мүмкін.
Қызмет көрсету
Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей
u
қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл
электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз
етеді.
Зақымдалған батарея жинақтарын ешқашан
u
пайдаланбаңыз. Батарея жинақтарын тек өндіруші
немесе өкілетті қызмет көрсету жабдықтаушысы
арқылы орындалуы мүмкін.
Көгал шапқыш бойынша қауіпсіздік
нұсқаулары
Көгал шапқышты ауа райы жағдайы нашар
u
болғанда, әсіресе найзағай соғу қаупі пайда
болғанда, қолданбаңыз. Құралды осындай ауа райы
жағдайларында қолданбау найзағай соғу қаупін
азайтады.
Көгал шапқышы қолданылатын жерде аңдардың
u
бар не жоқ болуын алдын ала мұқият тексеріп
алыңыз. Көгал шапқышы қолданылған уақытта аңдар
осы құрал арқылы жарақаттанып қалуы мүмкін.
Көгал шапқышы қолданатын жерді алдын ала
u
мұқият тексеріп, сол жерде болатын тас,
таяқшалар, сымдар, сүйектер мен басқа бөгде
заттардың барлығын алып тастаңыз. Жан-жаққа
шашырылып кететін заттар адамдарға зиян түсу
қаупіне апара алады.
Көгал шапқышын қолдану алдынан әрқашан
u
алдымен осы құралдың пышағы мен пышақтар
жүйесі тозып немесе зақымданып қалмаған
қалыпта болуына көз жеткізу үшін, көзбен қарап
тексеріп алыңыз. Тозып кеткен немесе зақымданып
қалған құрал бөлшектері жарақаттану қаупін
арттырады.
Шөп жинағыш сауытында тозып немесе
u
зақымданып қалған жерлерінің бар не жоқ болуын
жиі тексеріп жүріңіз. Тозып немесе зақымданып
қалған шөп жинағыш сауыты жарақаттану қаупін
арттыра алады.
Құралдың қорғау құрылғыларының барлығын
u
орнатқызып алыңыз. Қорғау құрылғылары жұмыс
үшін толығымен жарамды болып, лайықты түрде
құрастырылып орнатылып қойылуы тиіс. Дұрыс
бекітілмеген немесе зақымдалған немесе дұрыс
істемейтін қорғау құрылғыны қолдану
жарақаттануларға апара алады.
Желдету саңылауларының барлығын кір мен
u
ластан таза қалыпта ұстап жүріңіз. Бітеліп қалған
желдету саңылаулары және лас құралдың тым қызып
кетуіне немесе өрт пайда болу қаупіне апара алады.
Көгал шапқышпен жұмыс істеп жүргеніңізде
u
әрқашан сырғанамайтын және қорғай алатын аяқ
киімін киіп жүріңіз. Көгал шапқышты ешқашан аяқ
киімін кимей, жалаңаяқ, немесе жеңіл ашық
F 016 L94 486 | (07.09.2023)
сандалын ғана киіп жүріп қолданбаңыз. Лайықты
аяқ киімін киіп жүру арқасында аяқтар құралдың
жылжып тұратын пышағына тікелей жанаспай,
аяқтардың жарақаттану қаупі азайтады.
Көгал шапқышты қолдану барысында әрқашан
u
ұзын шалбар киіп жүріңіз. Адамдардың лайықты
түрде қорғалмаған терісі құрал айналасында шашылып
кете алатын заттар салдарынан жарақаттану қаупін
арттырады.
Көгал шапқышты дымқыл шөпте пайдаланбаңыз.
u
Құралмен жұмыс істегенде жүріңіз, жүгірмеңіз.
Осының арқасында сырғанап немесе құлап қалу және,
осының салдарынан жарақаттанып қалу қаупін
азайтасыз.
Көгал шапқышын ешқанан тым тік құламаларда
u
пайдаланбаңыз. Осының арқасында құрал бойынша
басқаруды жоғалтып, сырғанап немесе құлап қалу
және, осының салдарынан жарақаттанып қалу қаупін
азайтасыз.
Құламаларда жұмыс істегеніңізде әрқашан
u
тұрақты қалыпта тұрғаныңызға назар аударып
жүріңіз, әрқашан құламаларға көлденеңінен қарай
жұмыс істеңіз, ешқашан тікелей жоғарыға немесе
төменге қарай жұмыс істеңіз, жұмыс бағытын
өзгерткеніңізде аса абайлап әрекет етіңіз. Осының
арқасында құрал бойынша басқаруды жоғалтып,
сырғанап немесе құлап қалу және, осының
салдарынан жарақаттанып қалу қаупін азайтасыз.
Көгал шапқышты артқа қарай жылжытқаныңызда
u
немесе оны Өзіңізге қарай тартқаныңызда аса
абайлап әрекеттеніңіз. Әрқашан айналаңызға және
жан-жағыңызға назар аударып жүріңіз. Осының
арқасында жұмыс барысында сүрініп қалу қаупі
азайтылады.
Құрал пышақтарын және басқа жылжып тұратын
u
бөлшектерін олар әлі жылжып, тоқтамай тұрғанда
түртпеңіз. Осының арқасында осы жылжып тұратын
бөлшектер арқылы пайда бола алатын жарақаттану
қаупі азайтылады.
Құрал ішінде қысылып жиналып қалған
u
материалды шығарып алу алдынан немеме көгал
шапқышты тазалау алдынан алдымен құралдың
барлық ажыратып-қосқыштары ӨШІРУ қалпына
қойылып, құралдың аккумуляторы шығарылып
қойылғанына көз жеткізіңіз. Көгал жапқыштың
күтпеген кездейсоқ түрде іске қосылып кетуі ауыр
жарақаттануларға апара алады.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
Құрал параметрлерін орнатқаныңызда және
u
реттегеніңізде саусақтарыңыз құралдың жылжымалы
пышақтары мен құралдың жылжымайтын бөлшектері
арасында қысылып қалмауына назар аударыңыз.
Құралды қолданудан кейін сақтауға қою алдынан оны
u
әрқашан алдымен суытып алыңыз.
Құралды сақтауға қою алдынан оның шөп ұстағыш
u
себетін босатып алыңыз.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading