86 | Қазақ
Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр
құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр
құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы
аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса
дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл
бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды
қатты көтеруі мүмкін.
Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу
үшін құрал өшірілген және қосылған болып
пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл
дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару
мәнін төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Монтаждау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Қосымша тұтқа
Электр құралын тек қосымша тұтқамен (6) бірге
u
пайдаланыңыз.
Қосымша тұтқаны (6) кез келген бағытпен қайырып,
қауіпсіз және ыңғайлы жұмыс күйіне реттеуге болады.
– Қосымша тұтқаның (6) астыңғы бөлігін сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап, қосымша тұтқаны (6) қалаулы
күйге қайырыңыз. Содан кейін қосымша тұтқаның (6)
астыңғы бөлігін сағат тілінің бағытымен қайтадан бұрап
бекітіңіз.
Құралды алмастыру
SDS plus құрал бекіткішінің көмегімен алмалы-салмалы
аспапты қосымша құралдарды пайдаланбай оңай және
тез алмастыруға болады.
Шаңнан қорғайтын қаптама (1) құрал бекіткішін жұмыс
кезінде шаңның кіруінен қорғайды. Құралды орнату
кезінде шаңнан қорғайтын қаптаманың (1)
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Зақымдалған шаңнан қорғайтын қаптаманы дереу
u
алмастыру керек. Бұл жұмысты қызмет көрсету
орталығында орындауға кеңес беріледі.
Алмалы-салмалы аспапты орнату (A суретін қараңыз)
– Алмалы-салмалы аспаптың жалғанатын ұшын тазалап,
аздап майлаңыз.
– Алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішіне автоматты
түрде бекітілгенше бұрап енгізіңіз.
– Құралды тарту арқылы оның бекітілуін тексеріп
шығыңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару
(B суретін қараңыз)
– Бекіткіш төлкені (2) артқа қарай жылжытып, алмалы-
салмалы аспапты шығарыңыз.
1 609 92A 9AA | (26.03.2024)
Шаңды/жоңқаны сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Пайдалану
Іске қосу
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
Қосу/өшіру
– Электр құралын іске қосу үшін ажыратқышты (5)
басып тұрыңыз.
– Басылған ажыратқышты (5) бекіту үшін бекіту
түймесін (4) басыңыз.
– Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (5)
жіберіңіз немесе бекіту түймесімен (4) бұғатталған
болса, ажыратқышты (5) қысқа уақыт басып, сонан
соң жіберіңіз.
Төмен температураларда электр құралы белгілі бір уақыт
өткеннен кейін толық қағу қуатына қол жеткізеді. Іске
қосу кезеңін электр құралына орнатылған алмалы-
салмалы аспапты бір рет еденге қағып қысқартыңыз.
Соққы санын реттеу
Ажыратқышты (5) қаншалықты басқаныңызға қарай,
қосылған электр құралының соғу жиілігін бірқалыпты
реттеуге болады.
Ажыратқышты (5) жай басқанда, электр құралы төмен
қарқынды соғу жиілігіне әкеледі. Арттырылған басу
күшімен бірге соғу жиілігі артады.
Қашау күйін өзгерту (Vario Lock)
Қашауды 12 күйде бұғаттауға болады. Осылайша оңтайлы
жұмыс күйіне қол жеткізуге болады.
– Қашауды құрал бекіткішіне орнатыңыз.
– Қашауды реттегіш сақинаны (3) алға қарай
жылжытып, қашауды реттегіш сақинаның (3)
көмегімен қашауды қажетті күйге бұраңыз.
– Қашауды реттегіш сақинаны (3) жіберіп, қашауды
тірелгенше бұраңыз.
Bosch Power Tools