Нұсқау: өлшеу құралын батарея бөлімінің қақпағынсыз (16) немесе литий-иондық
аккумулятор блогынсыз (12) пайдаланбаңыз (әсіресе шаң немесе ылғал жерде).
Дисплейдегі заряд деңгейінің индикаторы (d) литий-иондық аккумулятор
блогының (12), батареялардың немесе NiMH аккумуляторларының заряд деңгейін
көрсетеді.
Литий-иондық аккумулятор блогымен жұмыс істеу
Литий-иондық аккумулятор блогын енгізу/алмастыру
Батареяларды немесе NiMH аккумуляторларын литий-ионды аккумулятор
блогына (12) ауыстыру үшін батарея бөлімі қақпағының бекіткішін (15)
басыңыз.Батарея бөлімінің қақпағын (16) және орнатылған батареяларды немесе
аккумуляторларды алыңыз.
Литий-иондық аккумулятор блогын (12) енгізіп, бекіткішті (11) ойыққа кіргізіңіз.
Литий-иондық аккумулятор блогын (12) шығару үшін бекіткішті (11) басыңыз да,
литий-иондық аккумулятор блогын өлшеу құралынан шығарып алыңыз.
Литий-иондық аккумулятор блогын зарядтау
Зарядтау үшін ұсынылатын USB қуат блогын немесе шығыс кернеуі және
u
минималды шығыс тогы "Техникалық мәліметтер" тарауындағы талаптарға
сәйкес келетін USB қуат блогын пайдаланыңыз. USB қуат блогының
пайдалану бойынша нұсқаулығын қараңыз. Ұсынылатын қуат блогы:
"Техникалық мәліметтер" тарауын қараңыз.
Желілік кернеуге назар аударыңыз! Ток көзінің кернеуі штепсельдік қуат
u
блогының фирмалық тақтайшасындағы мәліметтерге сәйкес келуі тиіс. 230 В деп
белгіленген штепсельдік қуат блоктарын 220 В шамасында да пайдалануға
болады.
Аккумуляторды тек +10°C және +35°C аралығындағы қоршаған орта
u
температурасында USB порты арқылы зарядтаңыз. Температуралар
диапазонынан тыс зарядтау нәтижесінде аккумулятор зақымдалуы немесе өрт
қаупі артуы мүмкін.
Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық тасымалдау ережелеріне сәйкес
ішінара зарядталған күйде жеткізіледі.Аккумулятордың толық қуатын пайдалану
үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз.
USB Type-C® ұясының (13) қақпағын ашыңыз. USB ұясын USB кабелі (10) арқылы
USB қуат блогымен байланыстырыңыз. USB қуат блогын электр желісіне жалғаңыз.
Bosch Power Tools
Қазақ | 305
1 609 92A 92B | (17.11.2023)