Descargar Imprimir esta página

Bosch Professional GMS 120-27 Manual Original página 308

Publicidad

308 | Қазақ
Әр өлшеу процесі кезінде металл заттар (мысалы, мыс құбыр немесе арматуралық
болат) және кернеулі сымдар (50–60 Гц) автоматты түрде ізделеді.Растау үшін
Металл/ток (4) түймесі жанады.
Сондай-ақ гипс-қатырмалардан ағашты табу үшін, Ағаш түймесін (5) басыңыз.
Функция Ағаш түймесінің (5) жануымен расталады. Ағашты іздеу функциясын өшіру
үшін, Ағаш түймесін (5) немесе Металл/ток (4) түймесін басыңыз, нәтижесінде Ағаш
түймесі (5) өшеді.
Нұсқау: ағашты іздеу функциясын тек ағаш негізді гипс-қатырмаларды іздеу үшін
қосыңыз.Басқа беттерде өлшеу нәтижесі ерекшеленуі мүмкін.
Өлшеу процесі (C суретін қараңыз)
Өлшеу құралын зерттелетін бетке қойыңыз. Жарық сақинасы (1) өлшеуге
дайындықты көрсету мақсатында жанады.
Өлшеу құралын тұтқа бетінен (8) біркелкі берік ұстап тұрыңыз.Тұтқаны өлшеу
барысында өзгертпеңіз, әсіресе датчик аймағына (17) жанаспаңыз.
Өлшеу құралын әрдайым көтермей немесе қысу күшін өзгертпей, сәл басу арқылы
астыңғы беттің үстінен B бағыты бойынша тігінен жылжытыңыз. Өлшеу құралының
қозғалысы негізінен ізделетін нысанға көлденең болуы керек. Егер қабырғадағы
нысанның бағытын білмесеңіз, онда көлденең айқас өлшем жасаңыз (C суретін
қараңыз).
Орналасу индикаторлары:
– Датчик аймағында ешқандай нысан анықталмаса, Жарық сақинасы (1) жасыл
түспен жанады. Өлшем индикаторы (b) бос және ешқандай дыбыстық сигнал
берілмейді.
– Өлшеу құралы нысанға жақындаған жағдайда, Жарық сақинасы (1) қызыл түспен
жанады. Жақындаған сайын өлшем индикаторындағы (b) ауытқу артады және
дыбыстық сигнал ырғағы жылдамдай түседі.
– Нысан ортасынан өлшем индикаторы (b) максималды өлшеу ауытқуын көрсетеді,
нысан ортасының индикаторы (a) жанады және ұзақ дыбыс беріледі.Жарық
сақинасы (1) қызыл түспен жанып тұрады.
– Өлшеу құралы нысаннан алынып тасталса, нысан ортасының индикаторы (a)
өшеді, өлшем индикаторындағы (b) ауытқу төмендейді және сигналдық
дыбыстық ырғағы баяулайды.
Алғашқы жылжыту кезінде нысанның ортасы мен жиектері шамамен көрсетіледі.
Нысанның ортасын нақты анықтау үшін, өлшеу құралын нысан қайта көрсетілгенше
нысан бағытына көтермей жылжытыңыз (нысан ортасының индикаторлары (a)
жанады).
1 609 92A 92B | (17.11.2023)
Bosch Power Tools

Publicidad

loading