Сүңгі және жағымсыз иістерді
болдырмау бойынша іс-әрекеттер
• Осы бұйым гигиеналық материалдардан жасалған, олардың
иісі болмайды. Осы сипаттарды сақтау үшін азық-түліктерді
мұқият салып бетін жауып қою керек. Осы процедура
арқылы сүңгіні болдырмауға жағдай жасайсыз.
• егер сіз ұзақ уақыт бұйымыңызды өшіріп қойсаңыз, онда
бұйымтың ішкі бетін тиісті түрде тазалау керек және
есіктерін ашық күйде қалдырып кету керек.
Светодиодтар *
Құралдың шығаратын жарық сәулесіне байланысты,
светодиодтары бар жаңа түс беру тоңазытқыштағы барлық
азық-түлікті анық көруге мүмкіндік береді, көлеңке түсірмейді.
Егер светоидттарды ауыстыру керек болса Техникалық қолдау
қызметімен хабарласыңыздар.
Сақтандыру шаралары
! Бұл тоңазытқыш дүниежүзілік техникалық қауіпсіздік ережелеріне
сәйкес әзірленген және шығарылған. Төменде келтірілген кеңестер
қауіпсіздік техникасын сақтау мақсатында келтірілген және
олармен мұқият танысу қажет.
Бұл бұйым Еуропалық Қауымдастықтың келесі Директиваларына
сәйкес шығарылған:
- 73/23/CEE шыққан уақыты 19/02/73 (Төмен кернеу) және оның
келесі өзгерістерімен;
- 89/339/ CEE шыққан уақыты 03/05/89 (электромагниттік сәйкестігі)
және оның келесі өзгерістерімен;
- 2002/96/СЕ.
Жалпы қауіпсіздік ережелері
• Бұл бұйым жай ішінде үй шарттарында пайдалануға арналған
коммерциялық немесе өндірістік тұрғыда пайдалануға
болмайды.
• Тоңазытқыш үй жағдайында м
ұздатылған және салқындатылған тағамдарды осы нұсқаулыққа
сәйкес мұздату үшін ересек адамдар ғана пайдаланылуы
қажет.
• Тоңазытқыш көшеге, бастырма астында орнатуға тыйым
салынады, өйткені оған жаңбыр және нажағайдың әсері өте
қауіпті болып саналады.
• Бұйымға су қолмен, жалаңаяқ немесе дымқыл аяқпен
жақындамаңыз.
• Тоңазытқыштың ішін суытатын беткейлерін ұстамаңыз,
өйткені сізді аяз үсігі шалып немесе зақымдалуыңыз мүмкін.
• Бұйымның вилкасын розеткадан ажырату үшін ешқашан
өтізгіштен тартпаңыз.
• Бұйымды тазаламас бұрын вилканы міндетті түрде
розеткадан ажырату керек, токпен байланыс болмау керек.
Тоңазытқышты толық өшіру үшін тұтқаны ӨШІРУ (OFF) бұрау
арқылы өшіру жеткіліксіз.
• Ақаулар болған жағдайда, ешқашан механикалық
бөлшектерге ақауларды жою мақсатында өз бетінше әрекет
етпеңіз. Тәжірибесі жоқ адам жүргізген жөндеу жұмысы
арқылы зақымдалу немесе құрал жұмысында күрделі ақаулар
орын алуы мүмкін.
• Қатырылған азық-түліктерді сақтауға арналған бөлімше ішіне
үшкір және кесетін заттарды, сонымен қатар өндіруші рұқсат
бергендерін қоспағанда электр құралдарын салмаңыздар.
• Мұздатқыштан жаңадан алынған мұз бөліктерін ауызға
салмаңыздар. Бұл бұйымды физикалық, сезімталдық
немесе ақыл-есінде кемістігі бар (балаларды қоса алғанда),
тәжірибесіз тұлғалар немесе тәжірибесіз тұлғалардың
бұйымды олардың қауіпсіздіктері үшін немесе бұйымды
пайдалануды үйретуге жауапты тұлғаның бақылауысыз
пайдалануына рұқсат берілмейді.
• Балаларға бұйыммен ойнауға рұқсат бермеңіздер. Оларға
жәшіктерге отыруға және есіктерге сүйкеніп тұруға рұқсат
бермеңіздер.
Қоршаған ортаны қорғау ережелерін сақтау
• Тоңазытқышты салқын жақсы желдетілетін жайға сақтаңыз,
тіке күн сәулелерінің түсуінен сақтаңыздар, сонымен
қатар бұйымды жылу шығаратын заттың жанына
орналастырмаңыз.
• Азық-түліктерді қажет болған жағдайда ғана алуға, салуға
тырысыңыздар.
• Ыстық тағамдарды қоймаңыздар, өйткені ол камераның
ішіндегі температураның артуына әкеледі, ол компрессордың
артық жұмыс істеуін талап етеді, оған электр энергиясы да
көп жұмсалады.
• Бұйымды мұз пайда бола салысымен үнемі ерітіп
отырыңыздар («Техникалық қызмет көрсету» бөлімін қара);
мұздың қалың қабаты азық-түлікке суықтың берілуін
қиындатады, сонымен қатар электр энергиясының
тұтынылуын арттырады.
Ақауларды жою
Егер тоңазытқышыңыз жұмыс істемей қалса, қолдау қызметіне
(«Қолдау» бөлімін қара) қоңырау шалмас бұрын төмендегілерді
тексеріп алыңыз:
Дисплей толық өшіп тұрса.
• Вилка электр розеткасына қосылмаған немесе толық
байланыс жоқ, болмаса үйде электр энергиясы жоқ.
Мотор іске қосылмайды.
• Тоңазытқыш мотордың қорғаныс жүйесімен жабдықталған
(«Қосу» бөлімін қара)
Дисплей қосулы, бірақ дұрыс жанбайды.
• Вилканы шығарыңыз, оны бұраңыз және оны қайтадан
розеткаға қойыңыз.
Қауіптілік дабылы естілсе және дисплейде АШЫҚ ЕСІК
ДАБЫЛЫ жыпылықтаған болса (температурасының
орнына жанып тұр).
• Тоңазытқыш есігі 2 минуттан артық ашық. Есік жабылса
немесе тоңазытқышты өшіріп қайтадан қосқан
кезде қауіптілік дабылы өшеді.
Қауіптілік дабылы естілсе және дисплейде ТЕМПЕРАТУРА
Д А Б Ы Л Ы ж ы п ы л ы қ т а ғ а н б о л с а ( М Ұ З Д АТ Қ Ы Ш
температурасының орнына "А1" жанып тұр).
• Мұздатқыш ішіндегі температура тым жоғары. Мұздатқыш
ішіндегі азық-түлік қатып қалмас үшін шамамен 0°C
температураны ұстап тұрады, ол сізге 24 сағат ішінде оларды
тұтынуға немесе қайтадан қатыруға мүмкіндік береді.
Зуммерді өшіру үшін, есікті ашыңыз және жабыңыз немесе
мұздатқыштың температура реттегішіндегі + және түймелерін
бір уақытта басыңыз. Содан кейін оларды дисплейде сізге
қажетті температура мағынасы пайда болу үшін қайтадан
KZ
69