224 | Қазақ
30°–40° еңкейту бұрышымен сыдырып ажарлау кезінде
ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Электр
құралын орташа қысыммен алға-артқа жылжытыңыз.
Нәтижесінде дайындама тым қатты қызбайды, түсін
өзгертпейді және қатпарлар пайда болмайды.
Кесу үшін де, ажарлау үшін де рұқсат етілген
u
композиттік дискілерді пайдаланған кезде кесуге
арналған қорғаныш қаптаманы (16)/(34) немесе
ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы (6)/(33)
кесуге арналған монтаждалған қаптамамен (27) бірге
пайдалану керек.
Желпуіш тәрізді ажарлағыш дискімен үстіңгі беттерді
ажарлау
Желпуіш тәрізді ажарлағыш дискімен ажарлау
u
кезінде әрдайым ажарлауға арналған қорғаныш
қаптаманы пайдаланыңыз (6)/(33).
Желпуіш тәрізді ажарлағыш дискімен (керек-жарақ),
сонымен қатар дөңес беттерді және профильдерді де
өңдеуге болады. Желпуіш тәрізді ажарлағыш дискілер
әдеттегі ажарлағыш дискілермен салыстырғанда
ұзағырақ қызмет етеді, азырақ шуыл шығарады және
төменірек ажарлау температурасына ие болады.
Ажарлау тәрелкесімен үстіңгі беттерді ажарлау
Резеңке тегістеу тәрелкесімен (23) жұмыстар үшін
u
әрқашан қол қорғағышын (22) киіңіз.
Ажарлау тәрелкесімен ажарлау әрекетін қорғаныш
қаптамасыз орындауға болады.
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
Домалақ гайканы (25) бұрап бекітіңіз де, екі саңылаулы
кілтпен тартыңыз.
Тостаған тәрізді қылшақ/дискілі қылшақ/конустық
қылшақ
Дискілі қылшақтармен өңдеу кезінде әрдайым
u
ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы (6)/(33)
пайдаланыңыз. Тостаған тәрізді қылшақтармен/
конустық қылшақтармен өңдеу әрекетін қорғаныш
қаптамасыз орындауға болады.
Тостаған тәрізді немесе конустық қылшақпен
u
жұмыстар өткізу үшін әрдайым қол
қорғанысын (22) монтаждаңыз.
Дискілі қылшақтардың максималды рұқсат етілген
u
өлшемдерінен асырған жағдайда, дискілі
қылшақтардың сымдары қорғаныш қаптамаға
тиіп, сынуы мүмкін.
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
M14 ирек оймасы бар тостаған тәрізді қылшақты/
конустық қылшақты/дискілі қылшақты, ол шпиндель ирек
оймасының шетіндегі ажарлау шпинделінің фланецімен
тығыз жанасатындай, ажарлау шпинделіне бұрап бекіту
қажет. Тостаған тәрізді қылшақты/конустық қылшақты/
дискілі қылшақты айыр тәрізді кілтпен бекемдеңіз.
22,22 мм диаметрі дискілі қылшақты бекіту үшін қысқыш
фланецті ажарлау шпинделіне (19) енгізіп, домалақ
гайканы (25) бұрап орнатыңыз және оны екі саңылаулы
кілтпен тартыңыз.
1 609 92A 8TU | (02.05.2024)
Металды кесу
Композиттік кескіш дискілермен немесе алмас
u
кескіш дискілермен металды кесу кезінде
әрдайым кесуге арналған қорғаныш қаптаманы
(16)/(34) немесе ажарлауға арналған қорғаныш
қаптаманы (6)/(33) кесуге арналған монтаждалған
қаптамамен (27) бірге пайдаланыңыз.
Ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы (6)/(33)
u
композиттік ажарлағыш дискілермен кесу
жұмыстары үшін пайдаланған кезде, ұшқын мен
бөліктердің және дискінің сынуынан диск
фрагменттерінің шығу қаупі аса жоғары болады.
Кескіш дискімен кескенде біркелкі, материал үшін дұрыс
беріліспен жұмыс істеңіз. Кескіш дискіге қысым
түсірмеңіз, оны еңкейтпеңіз және шайқамаңыз.
Бүйірлік қысыммен айналғанда кескіш дискіні
тоқтатпаңыз.
Электр құралын әрқашан айналу
бағытына қарсы жүргізу керек.
Әйтпесе бақылаусыз кесілген
жерден шығу қаупі туындайды.
Профильдерді немесе төрт қырлы
құбырларды кесу кезінде кесуді ең
аз көлденең қимада бастаңыз.
Тасты кесу
Композиттік кескіш дискілермен немесе тас/
u
бетонға арналған алмас кескіш дискілермен тасты
кесу кезінде әрдайым бағыттауыштары бар кесуге
арналған сорғыш қаптаманы (21)/(35) немесе
кесуге арналған қорғаныш қаптаманы (16)/(34)
немесе ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы
(6)/(33) кесуге арналған монтаждалған
қаптамамен (27) бірге пайдаланыңыз.
Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын
u
қамтамасыз етіңіз.
Шаңтұтқыш маскасын киіңіз.
u
Бұл электр құралды тек құрғақ кесу/құрғақ тегістеу
u
үшін пайдалануға болады.
Кесуге арналған қорғаныш қаптама (16)/(34),
u
ажарлауға арналған қорғаныш қаптама (6)/(33)
немесе ажарлауға арналған қорғаныш қаптама (6)/
(33) кесуге арналған монтаждалған қаптамамен
(27) бірге бетон немесе кірпіш қалау бойынша кесу
және ажарлау жұмыстары үшін пайдаланылған
кезде, асқын шаң жүктемесі пайда болып, электр
құралын бақылау мүмкіндігінен айырылу қаупі
көтеріледі, бұл кері соққыны тудыруы мүмкін.
Тасты кесу үшін алмасты кескіш дискілерді пайдаланған
жөн.
Бағыттауыштары бар кесуге арналған сорғыш қаптаманы
(21)/(35) пайдалану кезінде тас шаңын сорып алу үшін
шаңсорғышты пайдалану керек. Bosch арнайы
шаңсорғыштарды ұсынады.
Bosch Power Tools